Толқындық оптика тарауы

Сабақтың тақырыбы:  Толқындық оптика тарауы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Толқындық оптика тарауы

бойынша   алған   білімдерін тексеру. Жарық

толқындарының   таралу ерекшеліктері мен

оны іске асыру әдістері    туралы түсініктерін

молайту.

                                         б)дамытушылық: Білім,білік дағдыларын

қалыптастыру арқылы пәнге деген

қызығушылығын   арттыру.  Өз ойын ашық

айта білуге үйрету.

в) тәрбиелік: Адамгершілікке, өмірге деген

көзқарасын қалыптастыру. Патроиоттыққа

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау

Сабақ әдісі: « Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау » бағдарламасының кейбір элементтері, «деңгейлеп оқыту», «Блум» әдісі

Көрнекілігі: топшамалар, жетондар

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, информатика

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту.

ІІІ. Өзіңді тексер! Сұрақ-жауап

IV.Электронды оқулық.

  1. Есеп шығара білесің бе? (есеп шығару)
  2. Қысқаша тест

VII. Қорытынды. Блум әдісі.

VIII. Үйге тапсырма. Бағалау.

І. Оқушыларды түгендеп , сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту.

Сұрақ: Оптика тарауы бойынша қандай тақырыптармен

             таныстыңдар?

 

 

ІІІ. «Өзіңді тексер!»Қойылатын сұрақтар:

1.Толқындық қозғалыс дегеніміз не?

Тербелістің ортада таралу процесі.

2.Электромагниттік толқындар дегеніміз не?Көлденең және қума толқындар дегеніміз не?

Бір-бірімен байланысқан айнымалы электр және магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі.

Ортаның бөлшектері толқындардың таралу бағытына препендикуляр бағытта тербеліс жасайтын толқындар көлденең толқындар деп аталады.

 

Ортаның бөлшектерінің тербеліс бағыты толқындардың таралу бағытына сәйкес келсе толқындар қума толқындар деп аталады.

3.Толқындық бет дегеніміз не?

Тербеліс фазалары сәйкес келетін нүктелердің геометриялық орны.

  1. Толқындардың қабаттасуы, интерференциясы дегеніміз не?

Толқындардың тербелістері өтетін ортаның әрбір нүктесінде осы толқындардың қосылуы.

Екі немесе бірнеше толқындардың қабаттасуы кезінде кеңістіктің әр түрлі нүктелеріндегі қорытқы тербелістер амплитудаларыныңтаралуы уақыт өтуімен өзгермей тұрақты болып қалатын құбылысты интерференция деп атаймыз.

  1. Дифракция дегеніміз не?

Толқынның тұзусызық бойымен таралудан ауытқуын немесе толқындардың тосқауылды айналып өтуін айтады.

  1. Жарықтың интерференция сы дегеніміз не?

Кеңістіктің кейбір нүктелерінде толқындардың қабаттасуынан бір-бірін күшейтетін, ал басқа бір нүктелерінде керісінше бір-бірін әлсірететін құбылыс.

7.Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?

Жарықтың түзусызықтың бойымен таралудан ауытқуын немесе тосқауылды орағытып өтуі.

  1. Дифракциялық тор дегеніміз не?

Жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы.

  1. Спектр деген не?

Жарық көзінен шығып,призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден тұратын жолақтар.

  1. Дисперсия дегеніміз не?

Күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылысы немесе заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі.

  1. Оптикалық аспаптарды ата. Олардың құрылыстарына тоқтал.

Фотоаппарат, көз, микроскоп, телескоп т.б(слайдтан көрсету)

 

 

  1. Геометриялық оптика дегеніміз не?Оның заңдарын ата.

Жарықтың табиғатын қарастырмай оның тек таралуын зерттейтін оптиканың бөлімі.Жарықтың түзусызықты таралу заңы, жарықтың тәуелсіз таралу заңы, жарықтың шағылу заңы,жарықтың сыну заңы.

  1. Жарықты шағылуы дегеніміз не?

Екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің жүру бағытының өзгеру құбылысы.

 

 

  1. Жарықтың сыну құбылысын түсіндір.

Бірінші ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулелерінің таралу бағытының өзгеруі.

 

 

  1. Линза дегеніміз не?

Екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.

IV.Электронды оқулықтан тәжірибелер көрсету.

  1. Есеп шығара білеміз бе? Оқулықпен жұмыс.

№4.1.1   Егер толқынның таралу жылдамдығы 340 м/с болса,440Гц жиілік кезіндегі толқын ұзындығын анықтаңдар.

Бер: ν=440Гц              λ=V*T

V=340        м/с            λ = V/ ν=340 м/с/440 Гц=0,77м.

λ =?

4.1.2  Толқынның таралу жылдамдығы 5 км/с, ал тербеліс жиілігі 100кГц болса, бір сәуледе жататын және бірдей фазада тебелетін қума толқынның ең жақын екі нүктесінің арақашықтығын анықтаңдар.

 

Бер:  V=5 км/            λ=V*T     T=1/ ν

ν=100кГц        λ=  V/ ν   λ =5*10 м/с /10 Гц=5*10 м

λ =?

 

  1. VI. Тест
  2. 1. Жарықтың дифракциялық торды өткеннен кейінгі ауытқу бұрышы формуласы анықтайтын мұндағы d деген не?
  3. a) Тор ұзындығы b) Тор периоды c) Тор жиілігі       d) Тор кернеуі
  4. Электромагниттік толқын қандай толқын?
  • a) Қума b) Көлденең        c) Жазық          d) Жанама
  • Линзалардың қандай түрлері болады?
  • a) Мөлдір және мөлдір емес         b) Тегіс және бұдыр
  • c) Қарапайым және күрделі d) Жинағыш және шашыратқыш
  • Ортаның сыну көрсеткішінің формуласын табыңыз.
  • a) b)              c)              d)
  • Жарық жылдамдығының тұрақты мәнін анықтаңдар:
  • a) 2*108 м/с b) 4*108 м/с           c)  3*108 м/с          d) 5*108 м/с

Жауаптар:

  • 5 дұрыс жауап——- «5»
  • 5 дұрыс жауап ——- «4»
  • 3 — 4 дұрыс жауап —— «3»
  • 1 – 2 дұрыс жауап —— «2»

 

 

 

 

о
п
т
и
к
 а

 

 

 

 

 

 

1.Өзара байланысып тербелетін материялық нүктелер

жиынтығын . . . ?

2.Қиылысатын жазықтықтармен шектелген мөлдір дене . . .?

3.Аспан денелерін бақылауға арнаған оптикалық аспап . . . ?

4.Екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене . . . ?

5.Тірі оптикалық аспап . . . ?

6.Ортаның бөлшектерінің тербеліс бағыты толқындардың таралу бағытына сәйкес келетін толқын . . . ?

 

Үйге тапсырма:

Оптика тарауын қайталау