Тарихшылар
Тарихшылар
Кеме-бұл күрделі инженерлік құрылғы.Олар су астында ,суда,және су бетінде жүзуге арналған.Ең алғашқы суда жүзу құралы ағаш сынықтары болған.Кейін сал,іші ойылған бөренелер қолданыла бастаған,бастапқыда қозғалыс таяқ немесе ескекпен жүзеге асырылған болса,кеін б.з 3000 жыл бұрын Жерорта теңізде желкенді кемелер пайда болған.ХІХ ғ-да желкенді кемелер АҚШ пен Европаға Қытай мен Австралиядан 30 км/сағ жылдамдықпен шәй мен жүн тасымалдауға қолданылған.Уақыт өтуімен желкенді кемелердің орнына бу машиналары келді.Ең бірінші бу кемесін өзенде жүру үшін 1807 ж АҚШ-та Роберт Фультон жасаған кеме”Клермонт” деп аталған,ал теңізде жүруге арналғаны 1815 ж Ресейде пайда болған,олардағы бу қазандығын ағаш жағып қыздырған.Дүниедегі ең алғашқы дизельді танкер 1903 ж Жайық өзенінде пайда болып”Вандал” деп аталған.ХХ ғасырға келе атомдық энергияның дамуымен атомдық реактор көмегімен жүретін кемелер пайда болды.Ең бірінші атомдық-мұзжарғыш кеме”Ленин” 1959 жылы Арктикаға барды.Кемелердің қозғалысына су кедергісі аз болу үшін,олардың пішінін аққыш етіп жасайды.Кемелер қазіргі кезде үлкен жүк тасымалдау үшін теңдесі жоқ,арзан көліктің түрі болып табылады.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар аспанда құс сияқты армандап келген.Бірақ Жердір орасан зор болған тарту күшін жеңуге бірнеше жүз жылдар кетті.Ең алғашқы болып ағайынды Жозеф пен Этьен Монгльфьелер Францияда 1783 жылдың жазында үлкен қағаздан ауа шарын құрастырып ұшырды.Олардың ең бірінші жолаушылары үйрек,қой,қораз болған.Адамдардан сол 1783 жылы француз Пилатр де Розье мен д’Арландтар ұшқан.Ол шардағы қызған ауа салқындап шар тез түсетін болған.Сондықтан кейінірек әскери және ғылыми мақсаттар үшін жасалған шарлар гелий мен сутегі газдарымен толтырылатын болды.Осындай шарда 1887 ж күн тұтылуын орыс ғалымы Д.И.Менделеев зерттеген.Біздің заманымызда ауадан жеңіл болған ұшу аппараттарын аэростат деп атайды.ХХ ғ 30- жылдарында аэростаттар ауа қабаттарын зерттеуде ұшырылған және олар жел бағытымен қозғалады.Сондықтан оның орнына басқарылатын аэростат дирижабль пайда болды,одан соң ұшақ,тік ұшақтар пайда болды.Қазіргі кезде аэростаттар мерекелік шараларда,спорттық мақсатта,аэрофото түсіруде,ауа райын бақылауда қолданылуда.Әсіресе ауа шарлары жануарлар әлемін зерттеуде теңдесі жоқ артық шусыз көлік түрі болып табылады.