Жарық. Жарықтың жылдамдығы. Жарық көздері. Күн –Жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың тұтылуы.
Сабақтың тақырыбы: Жарық. Жарықтың жылдамдығы. Жарық көздері. Күн –Жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың тұтылуы.
Мақсаты : 1. Оқушыларға жарық, жарықтың таралуы, жарықтың әсерлері жөнінде түсінік беру, Күннің және Айдың тұтылуының пайда болуын түсіндіру .
- Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп іздене білуге үйрету, ой-өрісін , шығармашылық қабілетін дамыту.
- Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру
Әдіс-тәсілдері: фронтальды сұрау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: интербелсенді тақта , флипчарт.
Эпиграф
Білімге жетелейтін үш жол бар:
Еліктеу жолы — ең жеңіл жол,
Ойлау жолы — ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы — ең қиын ащы жол.
Конфуций
Сабақ барысы:
- Тапсырма
- 61 оқып келесі кластерді толтыру.
2 тапсырма: §62 оқы
3 тапсырма: §63 оқып келесі сұрақтарға жауап бер.
- Көлеңке мен алакөлеңкенің пайда болуын түсіндір?
- Күннің толық тұтылуы ұзағырақ бола ма, әлде Айдың толық тұтылуы ұзағырақ бола ма? Неліктен?
4 тапсырма: Сәйкестікті анықта:
Табиғи жарық көздері: Жасанды жарық көздері:
Газ жандырғысы, Күн, қыздыру электр шамдары, жол белгілері, жарқырауық қоңыздар, шырақ, найзағай, теледидар экраны, электрпісіру оттары, жұлдыздар, су түбіндегі балықтар, күндізгі жарық шамдары, полюстік шұғыла, жарнама түтікшелері.
5 тапсырма:
Ашық күні вертикаль қойылған метрлік сызғыштың көлеңкесі 50см, ал ағаштың көлеңкесі 6 м-ге тең болды. Ағаштың биіктігі неге тең?
6 тапсырма : тест жұмысы
Тест
- Оптика –бұл:
А) Жарық және жарық құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі
В) Көру туралы ғылым
С) Жарық табиғатын зерттейтін физиканың бөлімі
Д) Көргіштік шарттарын көтеруге арналған құралдар
Е) Жарық құбылыстары туралы ғылым
- Вакуумдегі жарық жылдамдығы
А) с=225000км/с В) с=300000 м/с
С) с=200000 м/с Д) с=299711 км/с Е ) с=300000000 м/с
- Жарық бөлшектері қалай аталады?
А) фотондар В)электрондар С)сәуле Д) күн Е) дұрыс жауабы жоқ
- Дербес жарық көздері өз кезегінде нешеге бөлінеді?
А) люминесценциялық, плазмалық , сәуле шығару
В) отын, электр шамы, плазмалық
С) Жылулық, плазмалық, сәуле шығару
Д) Жылулық, люминесценциялық , плазмалық
Е) метеориттер, кометалар, Ай
- Күн затының орташа тығыздығы
А) r=6,3*10-8 кг/ м3 В) r=2,7*10-8 кг/ м3 С) r=1410 кг/ м3
Д) r=5,95*10-8 кг/ м3 Е) r=5950 кг/ м3
6.Төмендегі мысалдардың қайсысы люминесценциялық жарық көзіне
жатады?
А) жарық қоңыздары В) жарнамалық түтікшелер
С) Кварц Д) Лазерлер Е) Аспан күмбезі
- Солтүстік Қазақстанда толық Күннің тұтылуы қашан және қай күні байқалды?
А) 1981 жылы 31 тамызда В) 1999 жылы 16 қазанда
С) 1476 жылы 25 ақпанда Д) 2006 жылы 29 наурызда
Е) дұрыс жауабы жоқ
- Көлеңкенің пайда болуын дәлелдейтін заң –
А) жарықтың шағылу заңы В) жарықтың сыну заңы
С) жарықтың түзу сызықпен таралу заңы
Д) жарықтың толық шағылу құбылысы
Е) жарықтың бөліну құбылысы
- Күннің тиімді температурасы ?
А) 6000 К В) 600 С С) 6000 С Д) 600 К Е) 60 К
- Жарық сәулесі дегеніміз –
А) Біртекті ортада жарық сызық бойымен түзу сызықты таратады
В) Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық
С) Заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше
бөлшектер ағынын айтады
Д) Шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы
Е) Дұрыс жауабы жоқ
Тест жауаптары: 1 а, 2е ,3а, 4д,5с,6а,7а,8с,9а,10в
Қорытындылау. Бағалау.
Үй тапсырмасы: §61-63 оқу, №775 есепті шығару.
Шығармашылық тапсырма : 201 беттегі 5*-6* сұрақтарға жауап беру.