Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. (7 класс ашық сабақ)

Сабақ тақырыбыАуырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы.Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.
Мақсаты

 

1.Оқушыларға  ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы тақырыптарын  түсіндіру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Негізгі идея

 

Тапқырлыққа, шапшаңдыққатерең ойлауға, ғылымға, білімге деген   қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы  тақырыптарын түсінеді.
Оқыту формасы«Жигсо» әдісі, АКТ.
Ресурсслайдтар,   графопроектор,  жүктер, динамометр, сызғыш, әртүрлі серіппелер, Паскаль шары, Күн батареясы,
Бағалау түріСмайликтер  арқылы  бағалау
Сілтеме: 7 класқа арналған электронды оқулық, www. Google.kz,  www.ustaz.kz , физиктерді қолдау сайты.
 

М Ұ Ғ А Л І М     Ж А З Б А С Ы

Мұғалім әрекетіУақыт (мин)Оқушы  әрекеті
Ұйымдастыру

(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу): Оқушылармен амандасу, түгендеу. 

Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.

Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында оқушыларды топқа бөлу:

Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған  жұмыстарын,  тексереді, қадағалайды,  бір-бірін бағалайды.

5 минМұғаліммен амандасады.

Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.

Топқа   бөлінеді, оқушылар   қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.

Кіріспе:

(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т.б.):

Тұлға аралық байланысты орнату

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау

Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау

Тұсаукесер:

Қызығушылық  пен назарға  қол жеткізу барысында  оқушыларды  топқа бөлу.

Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан  сұрау, сол арқылы оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін  анықтау. Бөлінген топтары бойынша тақырыптарды, үй тапсырмасын қайталайды.

Жұмыс, қуат, энергия тақырыптаныда суреттерді мозайка жасап қиып, оқушыларға таңдату.

1.ЖҰМЫС     2.ҚУАТ   3.ЭНЕРГИЯ

Оқушыларға осы тақырыптар бойынша қайталау тапсырмалары, есептері беріледі, сол арқылы оқушылар үйге берілген тапсырмаларды топпен, үйден ізденген қосымша интернет ресурстарды пайдалан отырып, жаңа сабақты айтыға жоба жұмысын дайындайды және сабақ айту барысында әр топ бір тәжірибеден көрсету, есептер шығару керек.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған есептер :

І топ:

1.Машина 72 км/сағ жылдамдықпен  бірқалыпты қозғалып  келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.

 

Берілгені:                       Шешуі:             Есептелуі:

=72 км/сағ= 20м/с     А= F*S              А=2000Н*20м/с*10с= 400000 Дж=400кДж

F= 2000 Н

t =10 c                             S= * t

А= F* * t

Т/к; А=?                                                                 Жауабы:400 кДж

 

2. Қуаты  30 Вт  желдеткіш 10 минутта  қанша  жұмыс істейді?

Берілгені:                    шешуі:                          Есептелуі:

N = 30Bт                 N=  ; А=N·t           А= 30Вт·600с=18000Дж=18кДж

t=10 мин=600с

Жауабы:18 кДж

Т/к: А-?

ІІ топ

1..Салмағы  4 кг  жәшікті  2,5 ке биіктікке көтергенде  істелген   жұмыс неге тең?

Бер:                              Шешуі:                       Есептелуі:

m=4 кг                          А=F·S                              А=4 кг·9,8Н/кг·2,5 м=100Дж

Һ=2,5 м                        F= mg;  S=Һ

Т/к:   А-?                      A= mg·Һ

Жауабы: 100 Дж

2..»Волга»автомобилі 2 сағатта 110 кДж  жұмыс атқарса  , оның  қуаты неге тең?

Бер:                                          Шешуі:              Есептелуі :                                                           t=2 сағ=7200 с

А=110 кДж=110000 Дж                        N= =15Вт

Т/к: N=?

  ІІІ топ                        Жауабы:15 Вт

1.       5.Массасы  0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің  жұмысын   анықтаңдар?

Бер:                      Шешуі:             Есептелуі:

А=F· S                       А=0,5 кг·10н/кг·60 м=300Дж

m= 0,5 кг                 F=mg;S=Һ

Һ= 60м                    A=mg·h

Т/к: А=?                                             Жауабы:300Дж

 
2.Салмағы 120 Н бір  шелек суды тереңдігі 20 м  құдықтан 15 секунд   ішінде көтеріп   шығару   үшін  адамның    өндіретін   орташа   қуаты   қандай?                            Бер:                           Шешуі:                   Есептелуі:                                                   Р=120 Н                 N=               N=  =  =160 Вт

һ=20 м                  А= Р·Һ

t=15 с                   N=              Жауабы:160 Вт

Т/к:  Nорт -?

Негізгі бөлім:  (жаңа тақырып түсіндіру)

Потенциалдық энергия-әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Кинетикалық энергия-денелердің қозғалуы салдарынан туындайтынэнергия.

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясымынадай қасиеттермен сипатталады:

1.      Ол дененің орналасу күйіне және басқа денелермен  әрекеттесу күштеріне  тәуелді өзгереді.

2.      Әрекеттесу күшінің жұмысы потенциалдық энергияның кемуі есебінен өндіріледі.

Деформацияланған денелерге F=k*x  серпімділік күші әсер етеді.  х-серіппенің абсолют ұзаруы, k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент.  Потенциалдық энергияның дененің орналасу күйіне тәуелді,  екендігін ескерсек, kx2/2  шамасы серіппенің  потенциалдық энергиясын сипаттайды. Сонымен серпінді деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы:

E=kx2/2

Осы формулаларды салыстыра отырып: серпімділік күшінің істеген жұмысы серіппінің потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең.

        Қосымша слайдтар, практикалық жұмыстар көрсету арқылы жаңа тақырыпты бекіту.

       Оқушылардың меңгергендігін тексеру үшін, тест тапсырмасын орындату:

 

 «Дұрыс жауапты таңда» /тест/./5мин/

1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.

А)   А =    В)     А =  F · S  С)    А=       Д)   А= F·t

2. Қуаттың  анықтамасына сәйкес  формуланы көрсет?

А)   N=     В) N=    С)     N=       Д)    N=

3.  ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?    А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

4. Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

5. 5 мВт-та  қанша   ватт  бар ?

А)     5·10-3 В        В) 10-3 Вт     С) 5·10-3 Вт      Д) 5·10-6   Вт

6.   1 мк Дж –да қанша джоуль бар?

    А)    0,000001 Дж        В)   0,001 Дж       С)   1000000 Дж

-топ басшылары бағалап отырады (Келесі слайд «Өздерін тексеру»)

Бір-бірлерін бағалайды,  сабақтан алған көңіл-күйлерін ақ қағазға  смайликтерді жабыстыру арқылы көрсетеді. Біздің көңіл-күйіміз. қағазы арқылы.

20 мин  Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға  түсіндіріледі.

               Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды,  сұрақтар қояды.

Оқушылар  үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін  көрсетеді,  өткен тараулар бойынша  5 сұраққа топ болып жауап береді:

Бөлінген топтары бойынша тақырыптарды, үй тапсырмасын қайталайды

 

 

Жаттығулар:  (бекіту) Менің түсінгенімше….», «Сонымен, Сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай  ғой…?» т.б. Әңгімелесушінің жаңа  сөзіне   кері байланыс   орнату үшін қажет .5 минБерілген тапсырмаларды ынтамен  жылдам орындап шығады. Сұрақтарға толық, тиянақты жауап береді.
Сергіту сәті:     Барлығы бірге орындарынан тұрады, бір-бірлерін  3шапалақ соғады. Психологиялық тренингке  қатысады.5 минБарлықтары бірге жаттығу  жасап, серігіп қалады, көңілдері көтеріледі. Психологиялық тренингке  қатысады.
Қорытындылау. Топтарға    орындаған  тапсырмалары бойынша сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауаптар  береді. (Бүгінгі сабақ тақырыбы?, Тақырып не туралы?,  Нені білдік?, қандай білім алдық?)хатшы  жинақтап қорытыныдылайды.5минОқушылар  топқа қосылып жинақталады, қорытындыларын айтады. Әр топ не түйгендері туралы негізгі мәліметтерді, ақылдаса отырып, қортытындылайды.

 

Бағалау.

Өзара жұппен бағалау. 

3 минӨзара бағалайды,  өздерінің жұмыстарымен салыстырады
Қосымша  тапсырма:

Ү/т  § ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы

2 мин§ ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы

 

 

О Қ Ы Т У      Н Ә Т И Ж Е С І :
Не сәтті болды?Не сәтсіз болды?

 

Нені өзгертіп дамытар едім?
 

 

 

 

Тақырыбы: Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы.

Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.

(7 класс ашық сабақ)

І.топ

№1

Машина 72 км/сағ жылдамдықпен 

 бірқалыпты қозғалып  келеді. Егер

оның  моторының тарту күші

2000 Н болса, онда ол 10 с-та қанша

жұмыс атқарады.

№2

Қуаты  30 Вт  желдеткіш 10

                                                            минутта  қанша  жұмыс істейді?

 

ІІ. Топ

№1

Салмағы  4 кг  жәшікті  2,5 ке

биіктікке көтергенде  істелген   жұмыс

неге тең?

№2

ІІ. 2.»Волга»автомобилі 2 сағатта

110 кДж  жұмыс атқарса  , оның 

қуаты неге тең?

 

 

 

ІІІ топ

№1

 1.Массасы  0,5 кг қаршыға ауа

ағынымен 60 м биіктікке көтерілген.

 Ауырлық күшінің жұмысын  анықта?

№2

2.Салмағы 120 Н бір  шелек суды

тереңдігі 20 м  құдықтан 15 секунд  

ішінде көтеріп шығару   үшін  адамның  

 өндіретін   орташа   қуаты   қандай?