Атом құрылысы және Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы
Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысы және Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.Өз бетімен жұмыстануын қалыптастыру.
Білімділік: Химиялық элементтердің атом құрылысын,периодтық жүйедегі орнын,олардың қосылыстары туралы теориялық білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық элементтермен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.Танымдық біліктерін,пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың міндеті:
1.Элементтердің периодтық жүйеде орналасуын есте сақтау.
2.Элементтердің атом құрылысын анықтай білу.
3.Элементтердің металл не бейметалл екенін ажырата білу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,жеке,топтық жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, карточка
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру (ІІІ топқа бөлу сыныпты)
Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Бағалау бетшесін үлестіру. (Көрісу айтына тоқталып кету)
Қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрі – көрісу айты. Жасы кішілер үлкендердің үйін аралап, қол алысып, төс қағысып, амандасып көріседі.
«Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда білім.»
Л.Толстой.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
№6 (159 бет) Реттік нөмірлері берілген элементтердің пеиодын,қатарын,тобын анықтаңдар.
І топ: 7,12 ІІ топ: 17,23 ІІІ топ: 30,35.41
№7
Мына элементтерді металдық қасиетінің өсуі бойынша орналастырыңдар: бор,бериллий,көміртек,литий С→В→Ве→Lі
№8 Берілген элементтердің қайсысында айқын бейметалдық қасиет басым: фосфор, алюминий, кремний, күкірт, фтор, хлор
ІІІ. Өткен сабаққа қысқаша шолу.
- «Парольді анықтау»
І топ: N, Ne, O, AI, Ne, Cr, Ne, Ne, Ag. (Менделеев)
ІІ топ: Li, Ne, Ar, Ne, Li, Fe, Cu, Li, Al. (Резерфорд)
ІІІ топ: Zn, Ne, Li, K, Cu, Al, C, Mg, Mn, Ne (Период жүйе)
| 3 | 6 | 7 | 8 | 10 | 12 | 13 | 18 | 19 | 24 | 25 | 26 | 29 | 30 | 47 |
| Р | Ж | М | Н | Е | Ү | Д | З | И | Л | Й | Ф | О | П | в |
- “Ой қозғау” сұрақтары
1.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі көлденең қатар қалай аталады?
2.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі тік жатқан қатар қалай аталады?
3.Периодтық заң дегеніміз не?
4.Изотоптар дегеніміз не?
5.Атом құрылысының моделін ұсынған кім?
- Атом ядросының құрамы.
IV Жаңа сабақ түсіндіру.
Күннің жадысын және тақырыпты жазайық.
Жоспар:
- Периодтық жүйенің құрылымы
- Период пен топтың жіктелуі
- Периодтық жүйені атом құрылысында сипаттау
- Химиялық элементке сипаттама
- Периодтық жүйені 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашты.Периодтық жүйеде 7 период,10 қатар, 8 топ бар.Период бойынша металдық қасиет әлсіреп,бейметалдық қасиет күшейеді. Топ бойынша металдық қасиет күшейіп, бейметалдық қасиет әлсірейді.
Период
Үлкен Кіші
Топ
Негізгі Қосымша
| Химиялық элементтердің периодтық жүйесі | Химиялық элементтердің атом құрылысы |
| Ядроның оң заряды, протондар және электрондар саны Электрондық қабат саны Сыртқы қабатағы электрон саны (негізгі топша үшін)
|
4.
Калий элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы.
| 1.Химиялық таңбасы, аталуы 2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы 3. Атом құрамы, құрылысы
4. Қасиеті
5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы | К, калий К- ІV үлкен периодта, І негізгі топша рет саны 19, атомдық масса 39г
19p6 20 n, 19e + 19 ) ) ) ) 2 8 8 7
К – металл, вал. І
К2 О , КОН |
- Оқулықпен жұмыс. (161 бет)
І топ: №3 Белгісіз химиялық элемент атомының үш электрондық қабаты бар. Оларда )2)8)6 электрондардың орналасуын біле отырып,элементтің периодтық жүйедегі орнын, қасиетін,оксидінің,гидроксидінің,ұшқыш сутекті қосылысынң формуласын анықтаңдар.
S, ІІІ период, 3 қатар, 6 топ, бейметалл, SO3, H2SO4, H2S
ІІ топ: №4 3-периодта орналасқан элементтің жоғары оксидінің құрамы: R2О7 осы элемент қай топта және топшада орналасқан?Оксидінің қасиеті қандай?Ұшқыш сутекті қосылысының формуласын жазыңдар. СІ –хлор, 7-топ,негізгі, СІ2О7, НСІ
ІІІ топ: №5 Sе элементінің жоғары оксидінің құрамы мен қасиетін анықтаңдар. Оның қасиетін сипаттайтын реакцияның теңдеуін жазыңдар. SеО3 , SеО3+ Н2О→Н2SеО4
- “Есептер додасы” (карточка)
Элементердің қосылыстарына есептер шығару.
І топ 1) 240г магний металы күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің көлемін есепте (қалыпты жағдайда)
2) К→ К2О → КОН →К2SО4
ІІ топ 1) 4г кальций металы тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын
есепте.
2) Ва →ВаО →Ва(ОН)2 → ВаСІ2
ІІІ топ 1) 2,7г алюминий металы тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін тұздың
массасы қандай?
2) АІ→ АІ2О3 → АІ(ОН)3 →АІ(NО3)3
- Химия ғажайып. (тәжірибе)
І топ: Мыс сульфаты мен темір
ІІ топ: Барий хлориді мен күкірт қышқылы
ІІІ топ: Мыс сульфаты мен калий гидроксиді
VІІІ. “ Менің мекен жайым қандай?”
Кесте бойынша сол элементке сипаттама беріңіз.
І топ: Темір ІІ топ: Мыс ІІІ топ: Кремний
1.Химиялық таңбасы, аталуы
2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы
- Атом құрамы, құрылысы
- Қасиеті
- Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы
ІХ. «Сәйкестік тесті»
Галогендер Sі,Р,С
І валентті элемент Мg,Ca,Sr
Бейметалдар Na,Li,K
Сілтілік жер металдар N,As,P
Инертті газдар Br,CL,I
R2О5 қай элементтер Ne,Ar,Kr
Х. «Ой-түйін»
- Периодтық жүйе қай жылы ашылды?
- Периодтық жүйені кім ашты?
- Неше период бар,жіктелуі?
- Неше топ бар,жіктелуі?
- Период нөміріне қарап нені анықтаймыз?
- Реттік нөміріне не сәйкес келеді?
- Нейтронды қалай анықтаймыз?
- Металдарға қай элементтер жатады?
- Бейметалдарға қай элементтер жатады?
- Металдық және бейметалдық қасиет қалай өгереді?
ХІ. Периодтық кестеге шолу. (өлең жолдары оқылады.)
ХІІ. Бағалау
ХІІІ.Үйге тапсырма §59 (161 бет, №6,7 есеп.)