Майлар.

 

Сабақтың тақырыбы:   Майлар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды майлар туралы жаңа білімді қабылдауға, алған білімдерін қорытындылауға үйрету.
  2. Өткен және жаңа тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін реакция теңдеулері, формула құру, есептер шығару арқылы анықтау.
  3. Топпен жұмыс жасай отырып, ұйымшылдыққа, тез ойлауға, жылдамдыққа тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру. «Қызығушылықты ояту»

Оқушыларды түгендеп, сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

  Ұраны:     «Білгенге – маржан

                      Білмегенге – арзан»

ІІ. С. Блум сұрақ қою таксономиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Әр топ 2 сұрақтан өткен тақырып бойынша сұрақ дайындайды. Әр топ қойған сұрақтарға жауап береді.

ІІІ . Мағынаны тани білу.      Инсерт картасы.

Білемін Білгім келеді.Мен үшін жаңалықЗерттеймін.
 

 

 

 

 

 

   

 

Сарапшы  парағы  таратылады.

І топ. Майлардың табиғатта кездесуі мен маңызы.  216-217 бет.

ІІ топ. Майлардың құрамы мен құрылысы.   218 бет.

ІІІ топ. Майлардың физикалық қасиеттері.   219 бет

ІV топ. Майлардың химиялық қасиеттері.     220 бет.

 

                     Жаттығулар мен есептер.

  І топ. Майдың биологиялық маңызын ашыңыздар.

 ІІ топ. Майдың құрамын синтездеу – эфирлену реакциясы мысалында көрсетіңіздер.

ІІІ топ.  Майлардың қасиеттерін көрсететін реакциялардың мәнін ашыңыздар. ( техникадағы майлар, тамақ өнеркәсібі).

ІV топ. Майлардың тотығуы туралы не білесіңдер?

 

ІV. Ой толғаныс.

                    Деңгейлік тапсырмалар.

І – деңгей.  1. а) Құмырсқа қышқылының пропил эфирі.

                         ә) диэтил эфирі.

ІІ – деңгей.  2. 18 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутек көлемі (қ.ж.)  қандай?

ІІІ – деңгей. 3. СН3 – О – С2Н5.             Ә) СН3 – С=ООСН3

IV – деңгей. №4. Құмырсқа қышқылының 9,2 г этанолдың 9,2 грамымен әрекеттескенде түзілетін күрделі эфирдің массасын есептеңдер.

  1. V. Бағалау.
  2. VI. Үй тапсырмасын беру. 3 . Майлар. 1-4 сұрақ. №5 есеп. 222 бет.