Электролиттік диссоциация тақырыбын қайталау, бекіту сабағы. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың химиялық қасиеттерінің диссоциациялану тұрғысынан теңдеулерін жазу.

 

Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциация тақырыбын қайталау, бекіту сабағы. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың химиялық қасиеттерінің диссоциациялану тұрғысынан теңдеулерін жазу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Электролиттік диссоциация теориясын қайталау
  2. Қышқылдар, негіздер, тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаздыру.
  3. Қышқылдар, негіздер, тұздардың химиялық және физикалық қасиеттерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Қажетті құралдар: периодтық жүйе, ерігіштік кесте, Бекетовың қатары, үлестірме қағаздар, индикатор, метилоранж, фенолфталеин.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  1. Негізгі бөлім:

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

I-топ: «Негіздер». Топ жетекшісі: Акмуллаева Балжан

II- топ: «Қышқылдар». Топ жетекшісі: Қайырбекова Айым

III-топ: «Тұздар». Топ жетекшісі: Ерғабылова Ельнара

I-тапсырма: Негіздер, қышқылдар, тұздардың түрлерін, құрамын талдау.

I-топ:

Негіздер

 

Суда еритін                 Екідайлы (амфотерлі)              Суда ерімейтін

LiOH, Ca(OH)2                                    Zn(OH)2 , Al (OH)3,                         Cu(OH)2,

H2ZnO2                                             Fe(OH)3

 

 

 

 

II- топ:

Қышқылдар

оттекті                                                                               оттексіз

HNO3, H2SO4, H2CO3,                                                     HCl, HF, HBr, HJ, H2S

H3PO4

 

III-топ:

Тұздар

 

Орта немесе                           Қышқыл              Негіздік тұз          Қос тұз

қалыпты тұз                              тұз                     MgOHCl                    KNa2SO4

NaCl, Na2CO3,                        KHSO4            Al(OH)2Cl

KCl                                        NaH2PO4

Ca(H2PO4)2

 

II-тапсырма: Әр топқа бес сұрақтан ауызша сұрақтарға жауап береді

I-топ:

  1. Электролиттік диссоцация дегеніміз не?
  2. Электролиттер дегеніміз не?
  3. Әлсіз электролиттерді ата?
  4. Заттар суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды?
  5. Мына негіздердің қайсысы күшті? LiOH, NaOH, KOH

II- топ:

  1. Бейэлектролиттер дегеніміз не?
  2. Электролиттік дисоциацияны ғылымға енгізген ғалым?
  3. Орташа электролиттерді ата?
  4. Диссоциациялану дәрежесі неге тең?
  5. Мына электролиттердің қайсысы әлсіз? ZnCl2, H2CO3, HF

III-топ:

  1. Күшті электролиттерді ата: HNO3, H2SO4, HCl, NaOH, KOH, Ba(OH)2
  2. Индикатордың түрлерін ата.
  3. Na+ Cl— иондарының арасындағы тартылыс күшін ата.
  4. Тұздар, негіздер, қышқылдар, ерігенде не балқығанда неге ыдырайды?
  5. Э.Д.Т- негізгі қағыдалары қандай?

IIIтапсырма: Электролиттік диссоциация теориясының үш типі. Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазады.

I-топ: Газ бөліну реакциясы

Na2CO3 + 2HCl ↔ 2NaCl + H2O + CO2

2Na++ CO32- +2H++2Cl ↔2Na+ + 2Cl + H2O + CO2

II-топ: Тұнба түзе жүретін реакция

CuSO4 + 2NaOH ↔ Cu(OH)2↓ + 2Na2SO4

Cu2+ +SO42- + 2Na+ + 2OH ↔ Cu(OH)2↓ + 2Na+ +SO42-

Cu2+ + 2H+ +2OH↔ Cu(OH)2

III-топ: Бейтараптану реакциясы

NaOH + HCl ↔ NaCl + H2O

Na+ + OH + Cl ↔ Na+ + Cl + H2O

OH + H+↔ H2O

IV-тапсырма.  Ерігіштік кестені пайдалану. Әр топқа жеке кеспе қағаздар таратылады. Түскен тұнбаны анықта, оның түрі қандай?

I-топ:  I-нұсқа. Реакцияны аяқтау.

H2SO4 + BaCl2↔2HCl + BaSO4

KOH + H2SO4↔ K2SO4 + 2H2O бейтараптану реакциясы

II-топ: II-нұсқа

HCl + AgNO3↔ AgCl↓ақ түсті тұнба + KNO3

Zn + H2SO4 ↔ ZnSO4 + H2

III-топ: III-нұсқа

K2SO4 + Ba(NO3)2 ↔ KNO3 + BaSO4↓ суда ерімейтін ақ түсті тұнба

FeSO4 + 2NaOH ↔ Na2SO4 + Fe(OH)2

V-тапсырма: Мына заттардың қайсысының әрекеттесуі нәтижесінде газ түзіледі? Үлестірме қағаздар таратылады.

I-топ:

  1. Ca(HCO3)2 + HCl ↔ CaCl2 + H2CO3(CO2; H2O)
  2. NaOH + HCl ↔NaCl + H2O
  3. FeSO4 + 2NaOH ↔Fe(OH)2 + Na2SO4

 

II-топ:

  1. H2SO4 + BaCl2↔ BaSO4 + 2HCl
  2. KOH + H2SO4 ↔K2SO4 + H2O
  3. Na2CO3 + HCl ↔ 2NaCl + H2CO3(CO2; H2O)

III-топ:

  1. Cu(OH)2 + H2SO4 ↔ CuSO4 + 2H2O
  2. 2KOH + Zn(NO3)2 ↔ Zn(OH)2 + 2KNO3
  3. Ca(HCO3)2 + HCl ↔ CaCl2 + H2CO3(CO2; H2O)

VI- тапсырма. Бекетовтың кестесі бойынша элементтердің электролиттік диссосацияға ұшыраған кезде сутекті ығыстыру қасиеті, металдардың активтілік қатарын ескеру. 3 топқа жеке-жеке кеспе қағаздар таратылады. Сол кеспе қағаздардан металдарды активтілігі бойынша құрастырылады. Сутекті ығыстырып шығара алмайтын металдарды ескереді.

VII-тапсырма. «Сарыағаш»минералды суы құйылған ыдыста Na+;K+ катиондары, H2CO3¯ ;CO32- ; F аниондары берілген. Осы минералды суда түзілуі мүмкін болатын тұздардың формуласын жаз. Оқушылар өздері тақтаға тұздардың формулаларын құрайды.

NaHCO3; NaCO3; K2CO3; KF; KHCO3

VIII-тапсырма. 3 топқа бөлек бөлек әр түсті қағазға жазылған катиондар мен аниондар бірнешеу таратылады. Сол қағаздарға байланысты тұнбаның түрін анықтайды.

Мысалы: Ba2+ + SO4¯↔BaSO4↓ақ тұнба ақ қағаздан жасалған

Pb2+ + S2- ↔PbS↓ қара қағаздан жасалған қара тұнба

Ag+ + Br↔AgBr↓сары қағаздан жасалған сары тұнба

IX-тапсырма. Үш топқа есептер шығаруға беріледі.

I-топ:

m(CuSO4)=20г           CuSO4+2NaOH→Na2SO4 + Cu(OH)2

m(NaOH)=8г           160г/моль   80 г/моль           98г/моль

m(Cu(OH)2)-?           ν=m/M         ν(CuSO4)= 20г/160г/моль=0,125моль

ν(NaOH)= 8г/40г/моль=0,2моль

1моль(CuSO4)  —  2моль(NaOH)

Х моль (CuSO4)  —  0,2моль (NaOH)

Х=1*0,2/2  = 0,1моль

80г(NaOH)  —  98г(Cu(OH)2)

8г(NaOH)  —  Х г  (Cu(OH)2)

Х=8г*98/80=9,8г

II-топ:

V(ер-ді)=200мл         Na2CO3 + 2HCl → 2NaCl + H2O + CO2

W(HCl)=20%             106             36,5                              44

ρ=1,1г/мл                   106             73                                 22,4л

m(Na2CO3)=90г

w=m(ер.зат)/m(е-з)*100;         m(ер-ді)=ρ*V;

V(CO2)-?                    m(ер.зат)=w* ρ*V/100

m(HCl)=20*1,1*200/100=44г

ν(HCl)=44/36,5=1,2моль

ν (Na2CO3)=90/106=0,85моль

1моль(Na2CO3) – 2  моль(HCl)

X моль(Na2CO3)  — 1,2  моль(HCl)

X=1*1,2моль/2моль=0,6 моль

0,85моль-0,6моль=0,25 моль

73г (HCl) – 22,4л (СО2)

44г (HCl) – х л (СО2)

Х=44г * 22,4 л /73г   =13,2 л (СО2)

III-топ:

V(ер-ді)=120мл           2HCl  +  CaCO3 → CaCl2 + H2O + CO2

ρ=1,075г/мл       M   36,5г/моль  100г/моль                     44г/моль

w(HCl)=15%            m(ер-ді)=ρ*V

m(CaCO3)=20г         m(ер-ді)= 120мл*1,075г/мл=129 г

Vқ.ж(CO2)-?             w= m(е.з)*100%/m(ер-ді)=>w* m(ер-ді)/100%

m(HCl)=15*129/100=19,35 г

МФ(HCl)=19,35/73=0,27

МФ(CaCO3)=20/100=0,2

МФ(CaCO3)< МФ(HCl)

100г (CaCO3)  —  22,4л (CO2)

20г (CaCO3)  —  х л (CO2)

Х=20*22,4/100 = 4,48л (CO2)

 

Қорытынды: Э.Д.Т дегеніміз не? Қышқылдардың.негіздердің, тұздардың э.д.т қасиеттері туралы түсінік болды.

Үйге тапсырма: №5есеп

Бақылауға дайындық.

Бағалау: Балжан   5                                Жанәділ  4

Айым   5                                   Оралбек  3

Ельнара  5                                 Шерхан  3

Қадірмен  4