Металдар тақырыбына есептер шығару.

  1. Сабақтың тақырыбы: Металдар тақырыбына есептер шығару.
  2. Сабақтың мақсаты:

а/Білімділік: Есеп шығару машықтары мен дағдыларды қалыптастыру.

ә/ Дамытушылық: Есеп шығару қабілетін дамыту.

б/ Тәрбиелік:  Білімділікке тәрбиелеу.

  1. Сабақтың түрі: Есептер шығару.
  2. Сабақтың өту әдісі: Жаңа технология әдістерінің элементтерін пайдалану. Вассерман әдісі..
  3. Көрнекілігі: Периодтық жүйе, таблица. Қ Сатбаевтың портреті.
  4. Пәнаралық байланыс: Физика, математика.
  5. Пайдаланылатын әдебиет: Химия оқулығы, есептер жинағы, «Химия мектепте» журналы.
  6. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
  7. Оқушыларды түгендеу.
  8. Үй тапсырмасын сұрау.
  9. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушыларға 5 минут ішінде 80-ге жуық металдарды жазуға тапсырма беріледі.

Қазақстанның темір кені туралы 1-2 минут әңгімелеймін.

3-топқа генетикалық қатарды орындауға тапсырма беремін. 5 минут.

Fe2(SO43         Fe(OH)3          Fe­2O3        Fe         FeCl3

FeCl2       FeS

NaCl     Na      NaOH       Na2SO4       NaCl      NaNO3        Ca     CaO    Cu(OH)2     CaCO3    CaO

 

№ 1. 3 минут

Массасы 5,4 г алюминий металы үлгісіндегі алюминийдің зат мөлшерін есепте.

0,2 моль

№2. 4 минут.

5,6 г темірдегі зат мөлшерін, атом санын анықтаңдар.

0,1 моль, 0,602*1023

№3. 3 минут

0,5 моль натрий карбогатының массасын есепте.

53 г

№4. 4 минут.

0,3 моль натрий иодидінің масасын, атом санын анықтаңдар.

45 г, 1,0806*1023

№5. 3 минут.

Алюминийдің (ІІІ) оксидіндегі алюминийдің массалық үлесін анықта.

52,9 %

№6. 3 минут.

Кальций карбонатындағы (CaCO3) кальцийдің массалық үлесін анықта. 40 %

№7. 5 минут.

Егер қосылыстың құрамындағы К -24,7 %, Mn-34.8 %, O-40.5% болса, осы қосылыстың қарапайым формуласын анықта.

KxMnyOz     x:y:z= 24.7/39:34.8/55:40.5/16= 0.633:0.633:2.53=1:1:4

 

  1. 5. Сабақты қорыту
  2. Оқушыларды бағалау.
  3. Үйге тапсырма: 310 б № 6-7