Деңгейлік тапсырмалар№17 Химиялық элементтердің электртерістілігі. Химиялық байланыс
Деңгейлік тапсырмалар№17
Химиялық элементтердің электртерістілігі. Химиялық байланыс
(§61-§63)
І-деңгей.
- Химиялық байланыс дегеніміз не? Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?
- « » немесе « » белгілерінің көмегімен қай элементтің электртерістіктің шамасы үлкен екенін көрсетіңдер.
а) көміртегі мен күкірт ә) фтор мен хлор
күкірт пен хлор оттегі мен хлор
б) оттегі мен азот в) натрий мен калий
азот пен фтор натрий мен кремний
- Кристалдық торлардың қандай түрлері бар?
- Ковалентті полюсті байланыс және иондық байланыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
- Атомдық кристалдық торға қандай қосылыстар жатады?
ІІ-деңгей
- Мынадай қосылыстар түзілгенде электрондар қай элементке қарай ығысатынын көрсетіңдер:
- Мына заттардағы химиялық байланыс типтерін анықтаңдар:
- Берілген заттардың әрқайсысынң кристалдық тор типтерін анықтаңдар.
Заттың аталуы | Заттың формуласы | Химиялық байланыстың типі | Кристалдық тор типі |
1. су(қатты күйі) 2. калий хлориді 3. йод 4. көміртек (алмаз) 5. мыс 6. көмірқышқыл газы 7. натирй сульфиді |
- Кестені толтырыңдар
Кристалдық тордың құрылысы | Өздеріне тән физикалық қасиеттері |
1. Иондық кристалдық тор
2. Молекулалық кристалдық тор. |
ІІІ- деңгей
- ІІ топтағы металл қалыпты жағдайда сумен әркеттескенде 11,2 л сутек бөлінеді. Осы металды атаңдар.
- Элементтің жоғары оксидінің формуласы — . Ал оның газ күйіндегі қосылысында сутектің мөлшері 17,65%. Осы элементті табыңдар.
- 23,4 г натрий хлориді күкірт қышқылымен әрекеттескенде хлорсутектің қандай көлемін алуға болады?