Қаныққан біратомды спирттер

   Қаныққан біратомды спирттер

2 слайд

  Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Спирттердіңклассификациясы,номенклатурасы,изомериясыменфизикалық, химиялық қасиеттерімен таныстыру спирттердің зияны және пайдасы туралы мағлұматтар беру.

 

Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойларын арттыру, оттекті органикалық  қосылыстардың  құрылысының ерекшелікерін түсіндіре отырып тақырыпты меңгерту мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысу, басқа оқушыны тыңдау.

 

Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатын, практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын, өзін-өзі бағалай  алуға тәрбиелеу

 

3 слайд

Сабақ жоспары:

1.Спирттердің классификациясы

  1. Гомологтыққатары .
  2. Изомериясыныңтүрлері.

4.Физикалық қасиеттері

5.Алынуы.

6.Химиялық қасиеттері.

  1. Қолданылуы.

Слайд 4

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд,шарөзек модельдері, спирттер тақырыбына тест, медиапроектор

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жартылай-ізденіс

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру (оқушылар сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады)

Слайд 5.

Жаңа сабақты оқып –үйрену.

Мұғалім. Балалар сендер бүгін органикалық қосылыстардың үлкен бір

бөлімін бітіріп (көміртек пен сутектен тұратын) жаңа бөлімге ауысасыңдар  өздерің білетіндей органикалық қосылыстардың құрамына сутекпен көміртектен басқа да элементтер кіреді.

Бүгін біз органикалық қосылыстардың жаңа бір бөлімін «Оттекті органикалық қосылыстарды» оқып- үйренуді бастаймыз.

Бұлардың ішінде ең қарапайымы спирттер.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қаныққан біратомды спирттер.

Спирттер дегеніміз малекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан  (ОН) гидроксил тобы бар заттар.

Жалпы формуласы СnH2n+OH  немесе   R-OH

 

Слайд 6.

Қаныққан біратомды спирттердің қатары:

 1.Метанол,  метил спирті

 2.Этанол, этил спирті

3.Пропанол, пропил спирті

 4.Бутанол, бутил спирті

 5.Пентанол, пентил/амил/  спирті

Оқушыларға осы спирттердің молекулалық  формуласын  ауызша құрастыру тапсырмасы беріледі.

Гомолог қатарының алғашқы 2 өкілі изомер түзбейтін заттар

Ал қалғандары осы берілген класс ішінде тізбек  және — ОН тобының орналасуын байланысты құрылым изомерлерін, жәй эфирлермен класаралық изомерлер түзеді

 

Слайд 7.

1.Функциналдық тобының орналасу изомериясы

 2.Көміртек атомының орналасу изомериясы

3.Классаралық изомерлер/жәйэфирлермен/

Гидроксил тобының орналасуына байланысты спирттерді біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп ажыратады.

 

Слайд 8. Изомерлері:

          C4H8OH

        CH5CH2-CH2-CH2OH – бутанол 1- біріншілік  спирт

        CH3CH2-CH-CH3     –  бутанол 2 – екіншілік спирт 

                       OH

 

Слайд 9.

         C4H8OH

       CH3CH2-CH2-CH2OH –  бутанол- 1

 

 

 

              CH3           

 CH3 – CH -CH2ОН        –   2 метил пропанол -1     

 

Класаралық изомерлер:

С2Н5ОН –этанол, СН3-О- СН3 диметил эфирі

 

Слайд 10     Алынуы.

Алынуы        Химиялық реакцияның теңдеуі
1.Гамогеналканадардыгидролиздеу

/Hal  —Cl, Br, J/

R-Hal+H2OR-OH+HCl /H Hal/
2.Алкендердігидротацялау арқылы (Морковников ережесі бойынша)RCH=CH2+H2ОRCH- CH3

 I

 ОН

3Алкендерді тотықтыруCH2= CH2+[0]+ H2О→ HОCH2-CH2ОН
4Метанолды өнеркәсіпте синтез-газданCО+H2CH3ОН
5Көмірсуларды(глюкозаны) ашыту арқылыC6H12O6   → 2C2Н5OH+2CO2

 

Слайд 11.

Физикалыққасиеттері:

—  С1-С11-ге дейін сұйық заттар, С12-ден жоғары қатты заттар;

—  Спирттер судан жеңіл, түссіз, сұйық спирттердің өзіне тән иісі бар, қатты спирттердің иісі жоқ;

— Пропил спиртіне дейінгі спирттер суда шексіз ериді, жоғарғы спирттер суда ерімейді

Спирттерде молекулааралықсутектік байланыс бар.Сутектік байланыстың түзілу себебі: гидроксотоптағы оттектің электртерістігі басым,сондықтан ол электрондар тығыздығын өзіне тартады да,сутек атомы ішін ара оң зарядталады,нәтижесінде олар келесі молекуланың осындай атомдарымен сутек байланысы түзіледі:

Сутектік байланыс салдарынан,молекулалар бір-бірінен босап шығуы үшін қосымша энергия жұмсауға тура келеді. Бұл ерекшелік спирттердің қайнау температураларының өздеріне сәйкес көмірсутектерге қарағанда жоғары болу себебі түсіндіреді.

 

Слайд 12.

Біратомдыспирттердіңхимиялыққасиеттері:

1.Гидроксотоптағы сутек атомының белсенді металдарымен әрекетесуі

2 Na+R-OH→2RONa+H2↑

2.Галогенсутектермен әрекеттесуі

R-OH+HBr→RBr+H2O

3.Дегидратациалануы/молекулаішілік/

C2H5OH→C2H4+H2O

4.Жануы:

CnH2n+2O+(  )nO2→ nCO2+(n+1)H20+Q

 

Cu,t

O

5.Дегидрленуі: R-CH2-OH             R – C  +H2

H

6.Молекуларалық сусыздануы /жәй эфир тузуі/

R-OH+ R-OH                  R-O-R+H2O

R1-OH+ R2-OH                 R1-O-R2+H2O

7.Тотығуы:

Біріншілік спирттердің тотығуы:

 

О

R-CH2-OС           R-C +H2O            K-COOH/карб /

H

Слайд 13.14.

Қолданылуы.

Метанол:еріткіш ретінде, сірке қышқылын ( формальдегид) алуда,пластмассалар алуда, отын ретінде қолданылады;

Этанол: құмырсқа қыщқылын алуда, еріткіш ретінде, парфюмерияда, медицинада, отын ретінде, тамақ өнеркәсәбінде қолданылады.

Слайд 15.

Спирттердің жеке өкілдерінің адам организміне зияны туралы:

Метанол СН3ОН – өте улы зат.Адам организміне түскен аз мөлшері оны соқырлыққа алып келсе, 50мл мөлшеріндегі шамасы өлімге әкеліп соқтырады!

С2Н5ОН этанолдың аздаған мөлшері адам организмінің ми қыртысында тежеу туғызып, организмді сусыздандырып, оны уландырса, үнемі қолданған адам миының жұмысы нашарлап, бауырын цирроз ауруына әкеліп соқтырады.

Слайд 16,17,18,19

Бекіту:

1.Спирттердің шарөзек моделдерін дайындау. Топты 3 топшаға бөліп 1 топшаға- метил спиртінің, 2 –топшаға этил спиртінің, 3- топшаға пропил спиртінің  моделдерін дайындау  тапсырылады.

2.Берілген қосылыстарды халықаралық атауымен атаңдар:

  • CH2

CH3 — C – CH3

         OH

 

                       CH3

CH3 – CH2 – CH – CH – CH3

                              OH

 

 

  •           CH3

CH3 – C – CH – CH3

       OH    CH3

 

  •   CH3

CH2 – CH – CH – OH

           CH3

 

  • HO – CH2 – CH2 – CH2

         CH3 – CH2 – CH2

 

  • CH3 – CH2 – CH — OH

                      CH2 – CH3

 

3.Келесі қосылыстардың структурны формуласын жазыңдар:

  • Бутанол-2;
  • Пентанол-3;

3)2-метилпропанол-2;

4) Пропанол-1;

5)2,2-диметилбутанол-2.

 

4.Төмендегі қосылыстардаң  ішінен бір-біріне гомолог болатын қосылыстарды табыңыз,және оны систематикалық номенклатура

бойынша атауын атаңыз.

 

  • CH3 – CH2 – OH

 

  • CH3 – CH– CH3

         OH

 

  • CH3 – CH2 – CH2 – OH

 

  • C2 H5

CH3 – C — CH3

        OH

 

  • HO – CH2 – CH2 – CH2

                  CH3 – CH2

 

  • CH2 – CH3

CH2 – CH2 — OH

 

 

 

Слайд 20.

 Рефлексиялы бағалау.

Оқушылыр алдарындағы тестерге  жауап бере отырып  келіскен жерлеріне «+» белгісін қояды.

Бүгін көп жаңалық білдім.

Маған бұл өмірде керек болады.

Сабақ кезінде ойланатын жағдайлар болды.

Маған сабақ кезінде туындаған сұрақтарға жауап ала білдім.

Сабақ барысында мен жақсы қатысып отырдым, және сабақ өз мақсатына жетті.

 

Слайд 21.

Сабақ қорытындыланып, қысқаша дәптерлеріне конспекті түрінде жазылады. Оқушылар білімі жүйеленіп, үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма. П1-5 2 жаттығу

Бағалау.