Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары. Металдар және бейметалдар туралы түсінік. № 1 (1.1) зертханалық жұмыс Заттардың физикалық қасиеттерін танып білу.

 

Сабақтың тақырыбы:Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары. Металдар және бейметалдар туралы түсінік.

№ 1 (1.1) зертханалық жұмыс Заттардың  физикалық қасиеттерін танып білу.

Сілтеме:  Мұғалімге арналған  нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей 41-бет, 79-бет, 98-бет.  Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық «Мектеп» 2010 ж.  Электрондық  оқулық. 8сынып
Жалпы мақсаты:Периодтық жүйе туралы түсінік бере отырып, химиялық элементтердің таңбалары бойынша үш тілдегі атаулары, таңбасы, салыстырмалы атомдық массасын жаттату. Химиялық элементтің металл және бейметал ажыраты білуге үйрету. Зертханалық жұмыс арқылы алған білімдерін бекіту және қорытындылау.
Негізгі мақсаттар:—         бірлескен топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

—         топпен жұмыс кезінде оқушылар арасында ұйымшылдық пен сыйласымдықты ояту;

—         ойын еркін жеткізуге үйрету;

—         сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

Оқыту нәтижесі:Химиялық элемент, металл, бейметалл, Д. И. Менделеевтің периодтық кесте туралы түсініктері қалыптасады, химиялық элементтердің таңбаларымен, үш тілдегі атауларымен, Аr танысады, сыни ой пікірлері қалыптасады, дамиды.
Оқыту

әдістері мен тәсілдері:

Өзіндік жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, оқыту үшін бағалау, АКТ-ны қолдану, дарынды балалармен жұмыс, топтық жұмыс (диалог, бірлескен сұхбат, пікірлесу), сұрақ-жауап, миға шабул, химиялық  диктант.
Оқудың ресурстары:Проектор, слайдтар, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы,  үлестірме-қағаздар, химиялық құралдар мен ыдыстар: шыны таяқша, спиртшам, тұрғы, ұстағыш, шыны пластинка, сынауыққа салынғын заттар: су, мырыш, йод, тұз.
ТапсырмаларОқушының іс-әрекеті

 

КезеңіУақыт
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.1 мин
Топтастыру. Химиялық элементтердің таңбалары бойыншаТоптасады.

1-топ: AI, Ba, K, Ca, Au, Pb

2-топ: Mg, Mn, Zn, Cu, Fe, Hg

3-топ: N, B, Br, J, C

4-топ: Si, S, P, CI, F

12 мин
Психология-лық ахуал Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне жақсы тілектер айтады. Бұл балалардың жақсы көңіл-күйде болып, сабақты жақсы меңгеруіне әсер етеді.12 мин
Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс. Химиялық диктант.

АКТ-ны қолдану.

1-топ: Атом дегеніміз — химиялық жолмен  ____________  затттың ең ұсақ бөлшегі;

Молекула дегеніміз — заттың қасиеттерін бойына ____________  оның ең  ______ бөлшегі;

2- топ: Барлық заттарды ____________ бөле беруге болмайды, оларды    ________ мен  _____________ дейін ғана бөлуге болады

Атом-молекулалық ілім  ___________ мен ____________ жайындағы білімнің жиынтығы.

3-топ:  Ол барлық _____________ ғылымдарына ортақ

Бір элементтің ____________өзара бірдей , бірақ кез –келген басқа элементтің ______________ айырмашылығы болады

4-топ:  Атом – молекулалық ілім біздің дәуірімізге дейін _____ _______ еңбегінен басталады.

Химиялық реакцияға кіріскен бастапқы атомдар _______ және жаңадан пайда болмайды, тек қайта _____________

5, 65 мин
Қызығушылықтарын ояту
Миға шабуыл (сұрақтар).—                    Мына атом нені көрсетеді ?

—                    Екі немесе бірнеше атом қосылғанда не пайда болады?

—                    Молекуланы басқаша  қалай атай аламыз?

12 мин
Мағынаны ажырату (ой  шақыру)
Жаңа сабақ. Ақпарлама (презентация) Жаңа тақырып бойынша алған мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.

 

1, 25 мин
1-тапсырма1-топ: AI, Ba, K, Ca, Au, Pb

2-топ: Mg, Mn, Zn, Cu, Fe, Hg

3-топ: N, B, Br, J, C

4-топ: Si, S, P, CI, F

Химиялық элементтердің үш тілдегі атауларын, реттік санын, валенттілігін және салыстырмалы атомдық массаларын  жазу.

35 мин
Сергіту сәті«Қызыл өрік» презентациясы12 мин
2-тапсырма. Зерттеу әдісі.№ 1 (1.1) зертханалық жұмыс: Заттардың  физикалық қасиеттерін танып білу.410 мин
Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.
3-тапсырмаҮлестірме-қағаздағы әрбір топтың тапсырманы орындауы.55 мин
Бағалау Топ басшыларының бағалау парағында бағалау. Мұғалімнің бағасы.62 мин
Рефлексия «Рефлексиялық нысана» секторларына стикер арқылы  сабақтан алған әсерлерін жазады.11 мин
Үйге тапсырма«Оқулықтан  8 параграф №8-13 тапсырма. Шығармашылық тапсырма 2 элементтен тапсырма дайындау көршісіне (ой қозғау).2 мин