Абай шығармаларына иллюстрация.
Тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация.
6 «а» сыныбы
| Сабақ мақсаты:
| Абай өлеңдеріне иллюстрация жасату. Оқушыларды сыни ойландыру, шешімін табуға үйрету. Топпен жұмыс жасату, ой еркіндігін беру. Алған білімдерін қағаз бетіне суреттей білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа үйрету. | ||
| Әдісі: | Топпен, ұжыммен жұмыс жасау, оқушылардың өздерін екі жұлдыз бір ұсыныстарын айту арқылы бағалауы. | ||
| Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар,көрнекі құралдар |
| Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі | |||
| 2 мин
| 1. Оқушылармен сәлемдесу 2. Топқа бөлу (өткен сабақта құрылған топтар бойынша отырады) | Оқушылар 3 топқа бөлінеді | |
| 2. Үй жұмысын тексеру | |||
| 7 мин
| Үй тапсырмасы бойынша әр оқушы салып келген суреттерін тақтаға ілулерін өтіну. Өздері суреттерін бір-бірімен салыстыра отырып баға қоюларын сұрау. | Оқушылар суреттерін салыстыра отырып баға қояды. | Суреттер
|
| 3. Жаңа сабаққа ену | |||
| 10мин
| Сабақты бастамас бұрын оқушылаға сыни ойландыру мақсатында сұрақтар қоямын. | ||
| 1. Абай дегеніміз кім? | Сұраққа жауап береді. | ||
| 2. Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін қандай өлеңдерін білесіңдер? | Өздері білетін өлеңдерінің аттарын айтады. | ||
| 3. «Желсіз түнде жарық ай»өлеңін кім біледі? | Бір оқушы «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әндетіп орындайды. | ||
| 4.Ақынның бұл өлеңі қандай ғажайып құбылыстарға толы? | |||
| 5. Біз ақынның өлеңіне не жасадық? | Иллустрация жасадық. | ||
| 7мин
| Бүгінгі тақырыбымыз Абай өлеңдеріне иллустрация жасау деп тақырыпты жазу | Жаңа тақырыппен танысады, не жасап жатқандарын түсінеді. | Интерактивті тақта |
| 1-тапсырма Иллустрация сөзіне анықтама жазыңдар. | Әр топ өз беттерінше анықтама жазады. | Плакат,маркер.
| |
| Тақтадан иллустрация сөзінің анықтамасын көрсету. Оқушылардың білімдерін толықтыру. | Өздерінң анықтамалары қаншалықты жақын екенін, үйлесетін жерлерін анықтайды. | Интерактивті тақта, слайд.
| |
| 4. Практикалық жұмыс | |||
| 10-мин
| 2-тапсырма Әр топ өздеріңше Абайдың бір өлеңіне иллустация жасап суреттеп салып шығыңдар. | Плакатқа бірлесе сурет салады,салған суреттерін орталарынан тілек білдірген бір оқушы шығып қорғайды. | Плакат,сабаққа қажетті құралдар. |
| 5. Оқушыларды бағалау | |||
| 5мин
| Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы топтар біріне бірі баға береді. | Өздерінің ұсыныстарын, пікірлерін білдіре отырып бірін-бірі бағалайды. | |
| 6. Үйге тапсырма | |||
| Өздеріңе ұнаған Абайдың бір өлеңіне иллустрация жасап келу. | |||
| 7. Рефлексия | |||
| 4мин | Бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы жаздырту. | Оқушылар бүінгі сабақтан алған әсерлері жайлы рефлексия жазып береді. | Ақ парақ. |