Бейнелеу өнері — шығармашылықпен оқытудың бір түрі. (Қорытынды үйірме сабақ)

 

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнері — шығармашылықпен оқытудың бір түрі.        (Қорытынды үйірме сабақ)

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың білімдерін тиянақтау.

Баланың білім, білік дағдысын тексеру;

ә) Дамытушылық:  Көркем шығармашылыққа деген қызығушылықтарын

арттыру;

б) Тәрбиелік: Өздігінен жұмыс істеуге баулу, ойын тұжырымдауға,

шапшаңдыққа, түсінгенінен қорытынды шығара білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың типі: Білімді пысықтау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: пысықтау, сұрақ-жауап, пікір алмасу, өз ойын

ортаға салу, баяндау,

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі тақырыптардағы суреттер, сөзжұмбақтар,

автобус аялдамалары, сиқырлы  қарындаш, таратпалар.

Пәнаралық байланыс: Өзін -өзі тану, қазақ тілі, әдебиет.

 

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

ә) Топқа бөлу, топбасшысын сайлау

б) Сабаққа назарын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Таңдамалы тексеру» әдісі

Оқушыларларға еркін тақырыпта сурет салу берілген болатын. Түрлі тақырыптық суреттердің ішінен оқушылар өздеріне ұнаған суреттеріне байланысты өз пікірлерін айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, неге бүгінгі сабағымызда бір ғана тақырыптағы көрнекіліктер емес, түрлі тақырыптардағы көрнекіліктер ілінген?
  • Тақтаға қарап сабақ не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
  • Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабағымызда жыл бойы өткен тақырыптарымызды қорытындылау, пысықтау мақсатында болмақ. Ол мақсатқа жету үшін бізге «Көңілді автобус» көмектеседі.

Олай болса, балалар, 1- аялдамамен бастаймыз. «Не үйрендім, не білдім?» аялдамасы. Бұл аялдаманың тапсырмалары «Бағдаршам» әдісі бойынша жүргізіледі. Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады. Әр топ сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белггі беріп отырады. «Жасыл»- дайын, «Сары» — күмәнді, «Қызыл»- дайын емес.

  1. Автопортрет дегеніміз не?
  2. Суға жақсы еритін мөлдір бояу
  3. Бояу араластыратын тақта қалай аталады?
  4. Суық түстерді ата
  5. Бейнелеу өнерінің жансыз, қозғалмайтын денелер суреттелген түрі
  6. Жылы түстерді ата
  7. Блик дегеніміз не?
  8. Фон дегеніміз не?
  9. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі қалай аталады?
  10. Перспективаның түрлерін ата
  11. Үйдің ішкі көрінісін қалай атаймыз?

Ұпай саны көп топқа қылқалам беріледі.

2-аялдама «Мағынаны тану». Мәтінмен топтық жұмыс.

Оқушыларға мәтін беріледі, сол мәтінге топ мүшелері бірігіп сурет салады.Үздік сурет салған топқа қылқылам беріледі.

Осындай әлем бар,

Қызықты,

Шуақты.

Әлемде әр ел бар,

Бақытты,

Қуатты.

Ондағы балалар,

Жайдары,

Көңілді.

Бәрі де керемет!

3- аялдама «Құрастыру» аялдамасы. Бұл аялдамада топ мүшелеріне сурет қиындылары беріледі. Сол қиындыларды жапсырмалау әдісі бойынша картонға желіммен жапсырады. Үздік жұмыс 3- аялдаманың жеңімпазы атанады.

І топқа-

ІІ топқа-

Сергіту сәті

Балалар, кішкене шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін орындап жіберейік. Қазір біз тынығып, дем аламыз, денемізді сергітеміз, ойымызды тазартамыз.

«Шіркін сурет сабағы» әнін орындау.

4- аялдама «Зейінділер» алдамасы

Бұл аялдамада І топқа- кілем, ІІ топқа- графика сөзжұмбақтарын шешуге беріледі

 

 к     
     і 
   л    
 е     
   м   

 

  1. Киіз үйдің қабырғасы
  2. Түсті жіптермен кестеленген кілем
  3. Түсті жіптермен тоқылған кілем
  4. Пісірілген киіз кілем
  5. Оюларды аппликациялау арқылы сырылған киіз кілем

 

 

 

 Г      
   р  
  а       
 ф        
   и   
 к 
а
  1. Қарындаш, қаламұш, көмірмен сурет салатын суретші
  2. Графикадағы басты әсерлегіш құрал
  3. Көшіріп алу әдісімен алынатын графикалық жұмыс
  4. График-суретшінің құралы
  5. Алғашқы нобай сурет

 

5-аялдама «Тапқырлар» аялдамасы. Оқушылардың таным-білім қабілеттерін дамыту мақсатында екі топқа бірдей жұмбақ қойылады. Сол жұмбақтың жауабын сурет салу арқылы жауап береді.

  1. Жаны жоқ болса да,

Ақылды адамның ісін істейді (кітап)

  1. Ат міндім қарама аяң қоздақтатып,

Жүргенде жол салады табандатып. (қалам)

  1. Ымырт түссе шығамын,

Таң атқанда батамын

Көк теңізде шашылып,

Көзімді ілмей жатамын.  (жұлдыздар)

  1. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,

Бұл үйден көрген болып шығасың. (мектеп)

  1. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам соқса.

Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам жоқта (домбыра)

    6- аялдама

ІҮ. Жаңа білімді бекіту. «Сауалнама»

  1. Биылға оқу жылында «Сурет-дизайн» үйірмесі ұнады ма?
  2. Үйірмеге келген уақытыңды босқа кетті деп ойламайсыңдар ма?
  3. Үйірмеде не үйрендіңдер?
  4. Үйірме сабағы мен күнделікті сабақтың айырмашылығы мен ерекшелігі
  5. Келесі оқу жылында осы үйірмеге қатысасыңдар ма?
  6. Келесі оқу жылында нені меңгергілерің келеді?
  7. Тағыда қандай үйірмелерге қатысқыларың келеді?
  8. Үйірмеге тілек.

 

 

 

Ү. Бағалау.

Әр оқушыны еңбегіне орай бағалап, топтың жұмысын қорытындылап, мадақтау. Топбасшылары өз тобының мүшелеріне қойған бағасын жазбаша түрде хабарлайды. Осылайша барлық бала түгелдей бағаланады.

ҮІ. Қорытындылау.

«Сиқырлы қалам» әдісі

Оқушыларға сиқырлы қалам беріледі. Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойларын қаламды бір-біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен түйіндейді.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

«Кәдімгі керемет» ойыны

Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді. Сабақ соңында сыныпқа көгершін ұшып келеді. Ол өзімен бірге оқушыларға хат әкеледі.  Кезекші оқушы хат таратады. Хатта кімге қандай тапсырма берілсе, оқушы сол тапсырманы үйден орындап келеді.

Мысылы, Фаризаға 3 заттан кем емес натюрморт орындау.

Айгерімге Көкөніс түрлерін бейнелеу. т.б.

Сабақ соңын В.В.Алексееваның мына әдемі сөзімен аяқтағым келеді. «Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек. Өйткені ол бала маңызды жалпы адамдық негізден құр қалады», деген екен.