Халық қолөнері. Ағаш өңдеу өнері.

 

Сабақтың тақырыбы : Халық қолөнері.   Ағаш өңдеу өнері.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларды халық  қолөнеріндегі ағаш өңдеу өнерінің


түрлерімен  жете таныстыру.

2.Дамытушылығы: ой – қиялын, шығармашылығын, талдау, жинақтау қабілеттерін дамыту.

  1. Тәрбиелігі: ұлттық өнер түрлерін қастерлеуге, сақтауға, оны дамытуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Ыдыс-аяқтар, ою-өрнек түрлері, иллюстрациялар, тірек-сызба, тапсырмалар.

Сабақтың әдістері : Қызығушылығын ояту, көрнекілік, сұрақ – жауап, ойын.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру  кезеңі: Оқушылармен  амандасу, сабаққа  қатысымын  қадағалау, құрал-жабдықтарын  түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың  үй  жұмысын  тексеріп,  жіберген  қателерін  түзеу.

III.Жаңа  сабақ

Қызығушылығын ояту

Мұғалім сөзі:

Қазақ халқында ең кең тараған қандай өнер түрін білесіңдер?

-Қолөнер.

Мұғалім тақтаға суреттерді іледі. Соның ішіндегі қолөнерге жататын суреттерді (сырмақ, ұлттық киім, машина, ғаламтор) оқушылар ажыратады.

 

-Сонымен қолөнерге не жатады?

-Ағаштан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, тігілген киімдер, ер-тұрмандар

Мұғалім: — Ендеше, бүгінгі сабағымызда қолөнер түрі ағаш өңдеу өнеріне тоқталайық.

— Ерте кезде ыдыс – аяқтарды неден жасаған? (Ағаштан ойып жасаған)

— Қандай ыдыстар жасаған? (Ет салатын табақтар, келі-келсап)

— Ожауды да ағаштан жасаған

— Тек ыдыс-аяқтар жасаған ба? (-Сандық, кебеже жасап ойған,  киіз үйді де жасаған)

Тірек –сызбамен жұмыс

 

                                                             Ағаш ыдыс-аяқтар

 

Тапсырма : Тірек – сызбадағы бос торкөздерді қажетті сөздермен немесе суреттермен толтырыңыз.

Ожау                      тегеш                 тостаған              келі-келсап             таба

 

 

 «Адасқан сөздер» ойыны

Сөздерді ретімен орналастырып мақал-мәтелді құрастыру: (Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді.)

Шешеннің сөзі мерген, ісіңе сен, күшіңе сенбе, шебердің көзі мерген.

Дұрыс жауабы: Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

                            Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Тапсырма

Қымызға    арналған   ожаудың   суретін  салуды  кезең бойынша  көрсете  отырып,  альбомдарына   орналастыру.

           Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.

 

1Ағаштан жасалған ыдыс

а) саба

ә) сандық

б) келі-келсап

2 Ағаштан жасалған бұйымдар

а) кебеже, сандық

ә) балға, төс

б) қоржын, аяққап

 

3Ағаш түрлері

а) терек, қайың

ә) қына, балдыр

б) меңдуана, алоэ

Өзін-өзі бағалау парағы

 

 

Р/с

 

Тапсырмалар

Мұғалім

берген

ұпай саны

Оқушының

жинаған

ұпай саны

 

Баға

1.Сұрақтар6
2.Тірек-сызбамен жұмыс10
3.Мақал-мәтелдің орнын тап4
4.Ожаудың суреті8
5.Тест3
Барлығы31

Бағалау кретерийі: 31-35 ұпай – «5»,  21-30 ұпай – «4»,15-20 ұпай – «3».