«Мен басқаны сыйлай алам ба?»

 

Тренинг тақырыбы:  «Мен басқаны сыйлай алам ба?»

Тренинг мақсаты:Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, ойындар арқылы өздерін және өзгені тануға үйрету, бір-бірімен  жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру.

Психолог сөзі: -Құрметті, оқушылар және сынып  жетекшілер!

 Бүгінгі алғашқы тренингімізді бастайын:

  1. Танысайық баріміз: Бір оқушы есімін,бір қасиетін қосып айтады. Қалғандары

     соны қайталайды. Соңына дейін ойын жалғасады.

  1. «Жасырылған суретті тап» Үш топқа үлкен қағазға салынған сурет беріледі. Сандар арқылы нүктелерін қосып, қандай сурет екенін табу керек.
  2. «Мектеп ауа-райы» Сіз асханадан ішінде тәтті қоймалжыңы бар тоқаш сатып алдыңыз.Бірақ сіз үйге келгеннен соң, тоқаш жегенде ішінде ең маңызды тәтті қоймалжыңы жоқ екенін түсіндіңіз? Осы ұсақ сәтсіздікке деген әркетіңіз? Әр қатысушы нұсқалар таңдайды,сол таңдағаны бойынша өз мінездерін, өздерінің қандай әрекет жасайтынын біліп шығады.
  3. «Гүлдер» Қызыл, сары түсті гүлдер қоямын. Сол түстер бойынша қатысушылар топқа бөлінеді. Қызыл гүлдер.Сары гүлдер.Түстерді таңдаған оқушыларға анықтама беріледі.
  4. «Аяқталмаған тезис» Әр қатысушыға аяқталмаған сөйлемдер беріледі.Бұл ойын арқылы баланың ұшқыр ойын, жылдамдығын, ойлау қабілеті байқалады.
  5. Релаксация(баяу музыка ойналады). «Менің өмірімнің күн шуағы».
  6. «Рахмет,достым!» Әр қатысушыға қағаз таратылады. Топқа бөлу. Сол топтағы қатысушылар бір-бірінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазады және тілектерін арнайды.

Қорытынды. Әр тренингті талдау, әр қатысушының бойындағы мінездеріне тоқталып, бағыт-бағдар беру.