“Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетудің психологиялық әдістемесі”

 

Тақырыбы: “Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетудің психологиялық әдістемесі”

Мақсаты: Ата-ана мен баланың отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау, қарым-қатынас пен болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.

  1. Танысу мен қағиданы қабылдау.

«Сәлемдесу» жаттығуы. Қатысушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен Айжан өмірде бақыттымын» дегендей өмірге, бойындағы қасиеттерге байланысты сөз тіркестерін айтады.

Мақсаты: қатысушылардың   көңіл – күйін  көтеру, жүйке жүйесін демалдыру.

«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы топта қабылдайды.

  1. Тақырыбы: «Гүл бейнесіндегі  —  Отбасы суреті» әдістемесі. авт. Л.Лебедева

Мақсаты: Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін, отбасылық жылуды, қарым-қатынасты, бір біріне жақындықтарын бақылау.

Орындау ережесі: Әр кім өзінің отбасындағы мүшесін гүлге теңеп сурет салуы керек.

Құрал жабдықтар:интерактив тақта, видеослайд, ақ қағаз, түрлі – түсті бояу, өшіргіш.

Міндеті: Отбасы мүшелерін суретке түсіру ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан қарым-қатынасты клиенттің бағалауы және одан әсерленуі, мазасыздануын анықтау.

Нұсқау: Отбасыңыздағы әрбір жанды өзіңіз қалаған гүл бейнесімен бейнелеңіз.

Суреттер бойынша интерпретация

Суреттерді талдау: Қатысушылар өз суреттеріне қарап талдау жасайды.

 

  1. Суреттен қандай көңіл-күй сезіледі? (немесе сурет қандай көңіл-күйді білдіреді?)
  2. Не нәрсе ерекше көріндер? (Отбасының әр мүшесінің жеке тұлға ретінде суреттелуіне және бейнелердің қайталануына мән беріңіз).
  3. Қоршаған ортада өсімдіктер өзін қалай сезінеді, қаншалықты табиғи көрінеді?
  4. Суретші қандай сезімдерді көрсеткісі келген?
  5. Суретші қайсы нысанға көп көңіл бөлген?
  6. Автордың өзі суретте қандай орында тұр?
  7. Гүлдер өзара қалай жайғастырылған?
  8. Барлық отбасы мүшелеріне суретте орын жетті ме?
  9. Шын мәніндегі отбасы бейнеленген бе, әлде қиялдағы отбасы ма?
  10. Гүлдер арасында қайтыс болған туысқандар мен жақын ағайындар бар ма?

 

Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:

  • Суреттің құрылымын талдау.
  • Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.
  • Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көніл аударуы
  • Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.

 

Зерттеу барысы:

Суретті салып болғаннан соң, қатысушылармен әнгімелесе отырып, келесі сұраныс бойынша жеке қатысушымен осы сұрақтарға жауап алу керек: Осы «Гүл бейнесіндегі  —  Отбасы суреті» әдістеменің ерекшелігі оған қатысушының отбасын, өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, қатысушының отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы, шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Қатысушымен жеке байланысқа, тез тіл табысып, проблемаларын шешуге әрекет береді.

 

 

«Гүл бейнесіндегі  —  Отбасы суреті» деп аталып өткізілген арт-терапия ата-аналардың үлкен қызығушылығын тудырып, әркім өзінің, отбасындағы мүшелерінің рөлін жаңадан көргендей болып, қаншалықты отбасының тәрбиесі балаға әсер ететіндігін және осы отбасының татулығына ата-ананың жауаптылығы жоғары екенін білдірді. Соған байланысты мектеп психологқа деген сұрақтары да көп болды.                                                                                                                                                                                3.«Мен кіммін?» жаттығуы.

Мақсаты: Адам бойындағы ерекше қасиеттер туралы түсініктер беру. Кешігірім ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу, өзіне деген сенімділікпен оптимизмге бағыттау.

Құрал жабдықтар: Жұмсақ ұлу өзінің үйінің ішінде ойыншығы, үйдің ішінде түрлі түсті қағаздар, адамның бойындағы жақсы ерешелігімен жазылған.

Орындау ережесі:   Әр қатысушы алдымен өзі жайлы ойланып, менің бойымда қандай қасиеттерім бар екен деп

  1. “Сенің жұлдыздық сәтін” жаттығуы

Мақсаты:Өзіне деген сенімділігін арттыру, қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, қоршаған ортасына сенім білдіру, олардан қуат жігер алады.

Орындау ережесі: өз еркімен ортаға шығып, сол адамға екі жақтан жұлдызды қарсы алғандай қошеметтеп ортасынан жібереді.

 

  1. «Отбасылық социограмма» тесті

Мақсаты: зерттелінушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ақуалын тікелей және жанама түрде “қазір және осы жерде” анықтау.

«Отбасы социограмма» сауалнамасында ата-аналар, балалармен отбасыңдағы қарым-қатынасты, проблемалық жерлерін көре алды.

  1. Қорытындысы: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар? Нені болашақта қолданар едіңіздер?

Жалпы топтық талқылау және ұсыныстар беру. Кездесу соңында рефлексия өткізілді.

Ата-аналар «Өте қызықты, өзімнің жанұямды жанадан көргенімдей болдым, енді жеке консультацияға да жазылып кетсем екен деп быраз ата-аналардан ұсыныстар  түсті. Осындай өткізілген жиналыстар ата-аналар мен психологтар үшін керектігін көрсетті.