Лидерлік-психологиясы.
Сабақтың тақырыбы: Лидерлік-психологиясы.
Сабақ формасы: Тренинг.
Сабақтың типі: Жаттығулар.
Сабақтың стилі: Сабақта:
- микро топтық жұмыс;
- жалпы топтағы жұмыс;
- индивидуалды жұмыс болатындай дайындалған.
Сабақтың мақсаты: Оқушыардың бойындағы лидерлік қасиеттерді анықтау.
Сабақтың міндетті кезеңі: отыру, тұру, жүру, ойлау, айқын сезінулердің ауысуы мен образға енуі.
Негізгі ұғымдар: лидер, менеджер. Басқару адамдармен бірге пайда болды. Кез келген екі адамның белгілі бір ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен әрекеттерінде, шешім қабылдауды, нәтжиені қорытындылауды екі адамның біреуі өз жауапкершілігіне алуы қажет болған. Бұл жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алған адам басарушы, жетектеуші болса, ал екіншісі бағынушысы бұйрықты орындаушысы болады.
Қоғам пайда болуының барлық кезеңінде басқару әр кездеде өзекті мәселелрдің бірі болған, және көптеген адамдар бұл мәселені шешуге тырысқан, бірақ олардың еңбектері әртүрлі сипатта болып, жалпы ортақ теорияға келмеген. Тек қана өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап батыстағы өндіріс революциядан кейін ғана жағдай тез өзгерді.
Нарыықтық қатынас қоғамның барлық саласымен байланыста болды. Жаңбырдан соң өскен саңырауқұлақ сияқты, көптеген үлкен фирмалар пайда болды. Бұл фирмалар ұйымды басқара білетін, үлкен рационалды шешім қабылдай білетін, қабілеті жоғары, масса адамдарымен жұмыс жасай алатын, өз шешімдерінде, жүріс тұрысында еркін бола алатын басқарушыны қажет етті. Сондықтан да басқарушыдан үлкен кәсібилікті, құзыреттілікті, өз іс әрекетін бар заңдармен сәйкестендіре білу білігін талап етті. Нәтижесінде арнайы басқару іс әрекетімен айналысатын топ адамдары пайда болды. Бұл жетекшілерге бағынушыларын бұйрықпен ұстау қажет болмады. Ең бастпақы міндет фирманың ақшалай кірісін ұлғайту мақсатындағы күнделікті басқару. Бұл адамдар менеджер деп аталып кетті. Казіргі кезде жаңашыл менеджер үшін басқаша сипаттамалар беріліп жатыр.
Лидер дегеніміз — адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. Лидердің билігі бағынушылардың жақсы білімдеріне, өзін олардың орнына қоя білу білігіне, жағдайларды талдай білуіне, өз іс — әрекеттерінің жақын және болашақ көрінісін анықтай білуіне, өзіндік жетілуге тырысуына, бағынушыларда өздеріне деген сенімділікті тудыра білу қабілетіне негізделеді. Лидер әріптестерінің, қарсыластарының, бастықтарының психологиялық ерекшеліктерін айқын сезінеді, түсінеді және бұны ресми , ресми емес контактарда қолданады. Басқаларды сендіре отырып, өзінің компрописке баратынын көрсетеді. Бірақ, лидер билігінің ең неізгі көрінісі оның адамдарды басқарудағы тәуелсіздігі, өзінің иеленіп тұрған орнын кез келген уақытта босата білуі.
Лидер болу үшін не керек? Ең бастысы, бұл көбінде жоқ жеке биік мәнсапты орынды иеленуге тілек соған сәйкес міндеттерді, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындығы. Танымал лидер магиялық білік сияқты қажетті уақытта, кажетті жерге пайада бола біледі деп есептелген. Бұндай қасиет аспаннан түспейді, бірақ белгілі бір мағынада бұл Құдайдың берген таланты. Бірақ талант еңбексіз ешнәрсеге жарамсыз. Сондықтан лидер ешқандай тосқауылдарға қарамастан алға өз мақсатына жетуге тырысуы керек.
Нәтижесінде жоғары деңгейдегі лидерлікке үміткер 35- жасына дейін топтың жетекшісі ретіндегі әр түрлі қызметті жүзеге асырған айтарлықтай тәжірибені жинақтау қажет. Батыстың мамандары анықтағандай мұндай жетілулер 5-7 жылға созылады және мақсатқа бағытталған кәсіби мамандықтың шарықтауы 27-28 жаста басталады. Лидер болып өмір сүру оңай емес. Олардың өз жолында үлкен қиындықтар кездеседі, олардың айтуынша ең басты қиындықтар бағынушылырға жетекшілік жасау. Екінші орында фирма іс әрекетін жоспарлау және үшінші орында әріптестерінің жұмыстан кетуі. Басқа қиындықтар қатарына өз уақытын иеленуі, жұмыстарды бөлу, қаржы көзі, шешім қабылдау және конфликтілерді шешуді жатқызуға болады.
Лидердің екі психологиялық типі бар: « ойыншылыр және ашықтық».
- Біріншілерінің сыртқы бейнесі сенімді икемді, тиімді болып көрінеді. Олар «көзге шөп сала » біледі, сондықтан да өздерінің жеке қызығушылықтарына байланысты позитцияларын (көзқарастарын) тез өзгертеді. Шынайы жағдайларда олар тоық беріліп, жұмыс жасай алмайды және мәселелер шешімін қиын табады.
- Ашық лидерлер айтарлықтай көрінбейді, бірақ олардың жауапкершіліктері жоғары болады; олар әр түрлі ең қиын жұмыстарға кіріседі ар ұяттарына негізделе кірісуге тырысады. Оларда икемді және іс әрекеттерін жағдайға байланысты жасайды, бірақ бүгінгі күнмен өмір сүрмей болашаққа тырысып өмір сүреді. Дәл ослар шынайы лидерлер болып табылады, өз бағынушылырының арасында тіл тимейтін беделді тұлғалар. Бағынушыларға өз қателіктерін шынайы мойындайтын, еркін шешім қабылдайтын, жауапкершілікті өз мойнына алатын жетекші ұнайды.
Лидер беделінің көтерілуіне жұмысқа кедергі жасамайтын адамдардың әлсіздігіне шыдау қасиеттеріде себеп болады. Бедел ұзақ уақыт жиналып, бір мезетте жоғалуы мүмкін және мұның басты себебі іс әрекетсіздік пен сақтанудың шектен тыстығы. Негізінде беделді лидер табиғатынан жетекші болады. Бірақ мұндай болмаса не істеу керек? Мүмкін, істің басына уақытша жақсы білімді маманды қою керек шығар. Ал бұл үшін таңдауда қателеспеу үшін лидер қасиеттерін білу керек. Мұндай қасиеттердің үш тобы бар: Жеке, кәсіби, ұйымдастырушылық және іскерлік.
- Жеке қасиетке бірінші кезекте барлық уақытта қоғамдық мораль нормаларын сақтауды ескеретін шыншылдықты және тәртіптілікті сонымен қоса қоғамға қатынаста әділеттілікті қояды. Жетекші өз бағынушыларын түсінуге тырысуы, оларды жеке тұлға ретінде қабылдауы, сыйға лайықты екендерін түсінуі, олардың жүріс тұрысын түсінуі, адамгершілігі мол адамдарға қамқорлық жасай білуі, олардың қызығушылықтарын ескере әріптестік қарым қатынас құруға тырысуы керек. Қазргі жаңашыл лидер өз кемшіліктеріне қарсы белсенділігі күресу керек, өзіне өмірге және жұмысына қатысты жағымды қасиеттерді қалыптастыруы керек.
- Кез келген менеджер лидер үшін кәсіби қасиеттердің ерекше маңызы бар. Бұл құзыреттілік және тағы басқа білімнің арнайы жүйесі және практикалық дағдылар. Олар арнайы және басқарушы болып бөлінеді. Бұл- жалпы, техникалық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық, психологиялық мәдениет. Басқада жағдайлар қажет. Ең бастысы жаңашыл жетекшіні ішкі және сыртқы шынайы жақсы білімі, фирманың және өз бөлімінің мақсатын түсіне білуі, мәселені тани білуі және ондағы маңызды жақтарды бөле білуі ерекшелеп тұрады. Бұл орта деңгейден жоғары ақыдылық қабілетті меңгерусіз сипуацияны талдай білу білігінсіз, әр түрлі жоспарлар мен бағдарламаларды критически бағалаусыз, жүзеге асу мүмкін емес. Бірақ жетекші тек жақсы дайындалған жоғары білімді ғана болу керек емес, ол шығармашыл тұлғада болу керек. Одан тек өзінің шығармашылық қабілеттеріне сенуі ғана емес басқа адамдардыңда шығармашылық қабіліеттерін бағалауды, идеяларымен ауысуды, табандылықты талап етеді. Өмірде барлық нәрсе өзгеретіндіктен және өзгерісте ұсталынып қалу үшін менеджер мақсатын корректировать ету керек.
- Лидерге қажетті қасеттерінің бірі іскерлік. Ол анық және өз уақытында міндетт қоя білумен, ақтыланған шешімді қабылдаумен, оларды қолдануын қадағалаумен сипатталады. Менеджердің негізгі ұйымдастырушылық қасиетіне белсенділігі жатады.
Қорыта айытқанда ұйымдастырушылық қабілетінің негізін құрайтын жоғарыда аталып өтекен анықталған адамдық қасиеттің тізімі бар. Бұл қасиеттер жұмысшының жұмыс тәжірибесінен тәуелсіз қалыптасуы мүмкін, сондықтан да адам жас кезінен ақ басқарушы жетекші болуы мүмкін. Қорынытындыда менеджер жұмысының тиімділігін көрсететін жағдайларға тоқталсақ болады. Олардың бірі өзіне және басқарушының өз іс әрекетін, бағынушылардың іс әрекетін ұйымдастыру білігіне немесе оның оларға қатынасына тәуелді болады. Сөйтіп іс әрекеттің тиімді болуына іс әрекетті жоспарлау, істердің маңыздысын және жеделділерінің тізімін дұрыс анықтау, операцияның бір ізді жүзеге асуы, таңдалған шешімдердің саны жағымды әсер етеді. Менеджр жұмысының тиімділігін артыруға бағынушылардың мүмкіндіктерін, олардың білімдерін, қолдана білу, әріптестерге сену олармен ашық сөйлесе білу қабілеті де әсер етеді. Менеджер жұмысының тиімділігіне кері әсер ететіндер: маңызды сұрақтарға шешім қабылдауда және талқылауда менеджрдің әріптеестерін сыиламау, ұжым жұмысының нәтижесін өзінікі етіп иемдену. Бірақ кейбір жағдайларда жетекші жұмысының тиімділігі бағынушылар іс әрекетіне тәуелді болады. Мысалы, егер жұмысшылар белгілі бір сұрақты дұрыс қарастыра білмесе немесе өздері шешімді қабылдауға қорқса, онда олар бастыққа жиі барып кеңес алады, яғни бастықты оданда маңызды жұмыстардан бөледі. Дәл осы жағдай жұмысшылардың өз міндеттерін білмеуінен және өз мүмкіндіктерінен тыс жұмыс алуында көрінеді. Көбіне бұл жоспарлай білмегендіктен болады. Жетекшілер үшін қиындықтар бағынушылардың өз мәселелерін дұрыс жеткізе білмеуінен және жетекшілерден бағыт — бағдар күтулерінен де туындайды.
Жаттығу 1: Менің лидерлік қасиеттерім сурет түрінде.
Нұсқау. Өзіңіздің ойыңыздағыдай өзіңіздің лидерлік қасиеттеріңізді сурет бетіне салып көрініз. Достарыныз немесе әріптестеріңізден сіздің лидерлік қасеттеріңіз бар сурет салуды сұраңыз.
Сіздің және басқа адамдардың өзіңіздің лидерлік қасиеттеріңіз жайлы ойларын салыстырыңыз. Зейініңізді мынаған бөліңіз:
- Сіздің достарыңызбен өзіңіздің қандай лидерлік қасиеттеріңіз сай келді.
- Суретке қарап, өзіңіздің мінез-құлқыңыздағы қандай қасиеттермен жұмыс істеу керек екендігін анықтаңыз.
Жаттығу 2: Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау. Жаттығу шеңбер ішінде орындалады. Әрбір қатысушы өзін сенімді сезінген ситуацияны қысқа бейнелейді. Бұл қадам сәтті болуы мінднтті емес.
Талқылау. Әрайсысына сенімді мінез-құлықты қалай елестететіні туралы айту ұсынылады. Қатысушылардың сенімділік туралы ойларын мақсатты түрде қысқа тақта бетінде бейнелеген дұрыс.
Жаттығу 3: Адамға әсер ету және сендіру қабілеттілігі.
Материал. Екі қағаз қалташа, оның бірнуінде шемішке бар.
Нұсқау. Жаттығу топтың сендіру мен әсер ету дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жаттығу жұппен жасалады. Жүргізуші студенттердің бір жұбын таңдайды. Олардың әрқайсысына қалташа береді, оның біреуінде шемішке бар. Екі қатысушыда қолдарында қалташаның ішінде не бар екенін қарап, нақты ода шемішке бар екенін қалған студенттерге дәлелдей бастайды. Қалған студнттердің міндеті –ортақ шешімге келу: нақты қайсысында шемішке бар?
Талқылау. Шын және жалған ойларға студенттерді сендіруге қандай сөздік және вербальды емес компоненттер мәжбүрлегендігіне анализ жасау керек.
Жаттығу 4: Тәуелсіздіктің көрінуі.
Эксперимент. Бұрын сіз тәуелді болған адамдар мен жағдайларға қатысты тәуелсіз болыңыз. Қорлану мен сұрауды тоқтатыңыз. Бірінші күндері ауыр болғанымен өзіңізге сенімді болуға тырысыңыз.
Келесі сабақта эксперименттің нәтижесі туралы айтыңыз. Ол сізге және қоршаған адамдарыңызға қалай әсер етті. Қажеттісін блакнотқа жазып қойыныз.
Жаттығу 5 «Мен өткен шақтағы лидер», «Мен қазіргі лидер», «Мен болашақтағы лидер».
Нұсқау. Суретт салыңыз: «Мен өткен шақтағы лидер», «Мен қазіргі лидер» , «Мен болашақтағы лидер». Бұл жерде фантаияңызды
көрсетіп, өзіңізді атақты адамдарың қасында қымбат машинада немесе керісінше ешкім араласқысы келмейтін адаммен бейнелеңіз. Сабақ барысында қатысушылар өздерінің суреттерін көпшілікке көрсетеді. Сурет бойынша келесі сұрақтарға жауап беру сұралады:
«Мен өткен шақтағы лидер» қандай?
«Мен қазіргі лидер» қандай?
«Мен болашақтағы лидер» қандай?
«Мен қазіргі лидер» мен «Мен болашақтағы лидердің » айырмашылығы қандай? «Мен қазіргі лидерді» «Мен болашақтағы лидерге » қалай жақындатуға болады және мен не істеп жатырмын, болашақта не істеймін?
Мен қалай өзімнің кемшіліктерімді түзеймін және неге қазір олар бар?
Жетістікке жету үшін не істеу керек ?
Мен идеалды лидер болғым келген уақыттың айы мен жылын анықтаңыз.