«Жүрек жылуы- достықта, мейірімділікте және сыйластықта».

 

Тақырыбы:  «Жүрек жылуы- достықта,  мейірімділікте  және     сыйластықта».

Мақсаты:  Оқушылардың жаңа ортаға   бейімделуі,   бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру. Балалардың  өзін-өзі тануды дамытуға жағдай жасау, бағалау және өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, топты ынтымақтастыру, біріктіру  бағытында  жұмыстану.

Түрі: Тренинг сабақ

Құрал-жабдықтар: Ватман қағазы, қайшы, маркер,  түрлі-түсті қағаз, желім, интерактивті тақта.

Топтық қатысушылар ережесі:

Топтың толық қатысуы.

Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары.

Қатысушылардың ашық, әділ болуы.

Белсенді, өз ойларын еркін айту.

                           Жоспар:

  1. «Жылулықты сезіну» жаттығу.
  2. «Мектеп жолдары» жаттығу.
  3. «Кім нені жақсы көреді?» жаттығу.
  4. «Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығу.
  5. «Айсберг» жаттығу.
  6. «Біздің топ жүрегі» жаттығу.

 

                     Сабақтың барысы:   

                                       1.«Жылулық сезіну» жаттығуы.

Тренингке қатысушы оқушылар шеңбер құрып тұрады да,  жұмсақ ойыншықты жылжыту арқылы көршісіне жылы лебіз, тілек білдіру ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бәрі қолдарынан ұстап жылулық сыйлайды.

 

2.«Мектеп жолдары» жаттығуы.

Тақтада  немесе шеңбердің ортасында «Мектеп жолдары» суреті жапсырылады. Оқушыларға сөйлемді аяқтау ұсынылады: «Бастауыш сыныпта менің есімде қалған………..», «Бесінші сыныпта маған…….». Барлығы шеңбер бойымен бір-біріне доп немесе жұмсақ ойыншықты кезекпен беру арқылы пікірлесіп айтады. Жүргізуші  қызықты пікірлерге мән беріп, барлық оқушылардың мектептегі тәжірибесіне көңіл аударады. Жүргізуші оқушылардан 5-ші сыныпқа ауысқанда мектеп өмірінде қандай жаңа өзгерістер кездескені жөнінде әңгімелеп беруді ұсынады.

 

                                   

 

 

                          

                          3.«Кім нені  жақсы көреді?» жаттығуы.

Тәттіні жақсы көретіндер бір қадам алға, мысықтары барлар оң қолдарын көтереді, футболды жақсы көретіндер тізерлеп  отырады, сурет салғанды ұнататындар шапалақ ұрады,  т.б. Жаттығу соңында кім  5 сынып оқушылары солар қолдарынан ұстасады. Жүргізуші оқушыларды  біріктіретін нәрселер көп екінін айтып түсіндіреді.

 

 

                         4.«Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығуы.

 

 

Менің ең жақсы нышандарымМенің қабілеттерім мен таланттарымМенің жетістіктерім

 

Нұсқау:

  1. Бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы ерекшеліктерін айту.
  2. Мақтан ететін әр түрлі қабілеттері мен таланттары туралы айту.
  3. Бұл бағанға өмірдің әр саласында жеткен жетістіктері туралы айту.

 

  1. «Айсберг» жаттығуы.

Оқушылар өздерін мұздың үстінде тұрғандай сезінулері керек. Мұз еріген сайын бір-бірін құлатпай,  сол кішкентай мұзға барлығы сыйысып тұрулары керек.

Талдау:

Қандай сезімде болдыңдар?

Кімге ыңғайсыз, қолайсыз болды?

 

                             6.«Біздің топ жүрегі» жаттығуы.

Оқушылар жаңа бүршік жарған ағашымызға өзіміздің жүрек жылуымызды бере отырып,  оның жайқалып, құлпырып өсуіне көмек берейік. Осы тренингте алған әсерлерімізді ортаға салып, өз жылы лебіз, тілектеріңізді жазып  ілейік.

Талдау:

Тренинг кезінде алған әсеріңіз?

Мектепке, сыныпқа деген көзқарасыңыз қандай?

    

7.«Сен, мен және бәріміз» әнімен аяқтау.

Қорытынды. Бүгінгі тренингке белсенділікпен жақсы қатыстыңыздар.

Алдағы уақытта сіздерге жақсы оқу, шығармашылық табыс тілеймін.