«Менің көніл-күйім»

Сабақтың тақырыбы: «Менің көніл-күйім»

Өту әдісі:

Сабақтың барасы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

Адамның көніл-күйі кімнен байланысты деп ойлайсың?

Біздің көніл күйімізге не әсер етеді?

Қоршаған ортада өз орнын табу керек, әрі өзінді өзін жоғалтпау керек деген мағынаны қалай түсінесін? Талдау.

”Біздің көңіл-күй “ жалпы  суреті.

Бір плакатқа топтың жалпы көңіл –күйін салуға, оны талқылауға тапсырма беріледі.

”Барлығының көңілінен шығу қиын“ мысалы (Пезешкиан.,1995).

Жаздың ыстық күнінде шаң-тозаң көшеде бір адам баласымен және есегімен кетіп бара жатты. Әкесі есекте отырып, баласы оны жетектеп бара жатты. Өтіп бара жатқан адам: ”Байғұс бала, оның қысқа  ғана аяғы есектен қалыспауға тырысуда. Әкесі баласының әрең үлгеріп бара жатқанын көрмей ме, қалайша  ол есек үстінде жалқауланып отыра береді ? “ деген екен.

Әкесі оны жүрегіне жақын қабылдап, өзі есектен түсіп, баласын есекке отырғызып ары қарай кете барды. Аз ғана уақыттан кейін бір жүргінші : ”Не деген масқара! Кішкентай ғана жүгірмек  кәрі әкесі жаяу жүргенде есекке сұлтанша отырып алыпты “ депті. Бұл ескерту баланы қатты ұялтты да , әкесіне есектің арқасына отыруды өтінді.

”Мұндайды көріп пе едіңдер? деді бір қарт ана. – Жануарға жасалынған қандай қатігездік десеңші. Есектің белін қайыстырып, үлкен демей, кіші демей екеуі де тақта отырғандай жайғасып алыпты Бейшара жануар-ай! “деген екен.

Сын естушілер ешқандай сөйлеместен есектен түсті. Енді ғана бірнеше қадам басқандары сол еді, бір жүргінші: ”О, тоба! Мен осындай ақымақ болмағаныма шүкір. Біреуің мінбесеңдер, оның ешқандай пайдасы болмаса не үшін есекті алып  жүрсіңдер “ – депті.

Әкесі есегінің аузына сабан беріп, баласының иығынан ұстап: ”Біз не істесек те, оған әлдебіреу келіспейді Сондықтан мен  өзіміз  нені дұрыс деп санайтынымызды  өзіміз шешуіміз керек  деп ойлаймын .“

Талқылау.

 «Пингвиндер» жаттығуы.

Жүргізуші: «Сен  полюстегі пингвинсін, саған  өте суық бір жерге жиналып жылыну керек. Сыртта тұрған адам ортасына қалай кіруге тырысасын». Ортаға ақырын басқа пингвиндерге зиян келтірмей жету қажет.

Нәтижесі: ………………………………………………………………………………………………………………………………………………….. Үйге тапсырма беру: сабақты қайталау