1001 мақал, 101 жұмбақ
1001 мақал, 101 жұмбақ
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектеб
География пәні мұғалімі
Бірмағанбетова Дәметкен Амантайқызы
Мақсаты: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін артыру, табиғатты қорғауға баулу.
Дамытушылығы: Мақал- мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін артыру.
Көрнекілігі: Табиғат туралы суреттер, бүктеме т/б.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жоспар:
- Мақал –мәтел сайысы;
- Жұмбақтар сайысы;
- Көрермендер сайысы;
- Тыйым сөздер сайысы:
- Сөз жұмбақ шешу;
- Таныстыру/3 оқушы шығып, өздерін таныстырады.
Табиғат туралы өлең оқиды.
Жүргізуші: /мақалдың бірінші жолын айтады, соңын мақалшылар жалғастырады/
- «Мал баққандікі,……/жер жыртқандікі/»
- «Өлкенің көркі мал болар, /өзеннің көркі-тал болар/»
- «Жері байдың,…../ елі / бай»
- «Орман, тоғай-жер сыны, көкорай шалғын…./көл/сыны»
- «Судың кепкені…../тіршіліктің/кеткені»
Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
- Көрермендер көрімдігі
Жүргізуші: Бір сөз айтады, соған мақал құрайды.
- Жұмбақшылар сайысы
Жүргізуші:Жұмбақ жасырады.
1.Сатайын десем, ауыр кілем,
Сатпайын десем, тәуір кілем./жер/
2.Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады./бұлт/
3.Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңертең бар, сәскеде жоқ /қырау/
4.Сыртты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты /алма/
5.Ашуланып бұртиды,
Ашушаң ақымақ
Аузы көпіріп құтырды,
Кез келгенді ұшырды / құйын/
Жұмбақшы жеңімпаз анықталады.
4.Көрермендер көрімдігі Жұмбақ жасырады шешуін табу.
Көп шешкен балаға сыйлық беріледі.
6.Жұмбақшы мен мақалшы шығады
1-оқушы. Жұмбақ жасырады.
2- оқушы. Жауабына мақал құрайды.
7.Тыйым сөздер айту,сөз жұмбақ шешу.
Жеіңпаз оқушы анықталады.
Жүргізуші: Табиғат туралы
1.Табиғат—алтын бесігің.
- Табиғат- адамзаттың өмір нәрі.
Қажеттінің табылар содан бәрі.
3.Су- табиғаттың анасы.
Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Қорытындылау.сайысқа жақсы қатысып меңгергендеріңді көрсеттіңдер. Мадақтау қағаз тапсырылады.