«Жазғытұры» Абай Құнанбаев.

Ашық сабақ тақырыбы: «Жазғытұры» Абай Құнанбаев.

Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын — А.Құнанбайұлының  балалық және жастық шағы, өскен ортасымен  таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Дамытушылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреттер, презентация және Абай туралы бейнебаян, плакаттар.сергіту сәті(музыкалық).

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтастыру стратегиясы, тест, проблемалық сұрақтар.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

А) оқушылардың көніл-күйін тексеру.

Ә) үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ.

А) Абайдың өмірімен таныстыру.

   Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

Абайдың бар өмірі өзі   туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады. Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға  сиынудан басталды.

Ә) Абайдың әнге деген сүйіспеншілігі:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген. — Ал енді балалар Абайдың қай өлеңнің жатқа білесіңдер ортаға шығып айта ғойындар.(ортаға оқушылар шығып ән айтады).

Б) Бейнебаян көрсету.

 

В) Топтастыру стратегиясы.

Г)Абай шығармаларына тоқталу.

Абайдың қандай өлеңдерін білесіздер? (оқушылар жауап береді).

Абайдың әр өлеңі бізді  жақсы болуға, жаман әдеттерден  жиренуге тәрбиелейді.

Ал енді бүгінгі өтетін тақырыбымыз Абайдың «жазғытұры» өлеңі.

  • Абайдың қандай жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін білесіңдер?
  • Балалар жазғытұры дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Көктем мезгіленде күн не істейді?
  • Көктем мезгілінде қандай мейрамдар бар?

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұрыңдап ағады су.

Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,

Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.

Жыршы құстар әуеде өлең айтып,

Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.

Абай Құнанбаев

А) Сөздік жұмыс

Масатыдай құлпырар – кілемдей түрленер.

Анталаса бұл жерде: қуана қараса.

Мазатсып – рақаттану, масайрау.

Қу – аққу.

Ә) Сергіту сәті.(Бейнебаян, «қарлығаш» әні).

Б) «Сиқырлы конверт» ойыны.

1-тапсырма.

1.Абай қай жылы дүниеге келген?
2.Оның шын аты кім?
3.Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері қандай?
4.Абайдың әжесі мен анасының есімдері кімдер?
5.Абай неше жасынан бастап оқу оқыған?
6.Абай неше қарасөз жазған?

2- тапсырма.Өлеңнен дыбыстар және табиғат суреттелген жерлерді тауып жаз.

ІV. Қорытынды.

“Жұлдызды сағат” ойын.

  1. Абай қай жылы туды?

1855,  1963, 1845;

  1. Қай жерде туды?

Семей, Алматы, Торғай

  1. Әкесінің аты кім?

Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;

  1. Абай қай рудан?

Жігітек, Бөкенші, Тобықты;

  1. Анасының, әжесінің аттары кім?

Әйгерім, Зере, Ұлжан;

Үйге тапсырма:

1.Өлеңді жаттап кел.

  1. Көктем туралы сурет салып кел.