Сыр сандықтың құпиясы /9-11 сыныптарға арналған интеллектуалды ойын/

 

Сыр сандықтың құпиясы

/9-11 сыныптарға арналған интеллектуалды ойын/

 

         Мақсаты: Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрістері мен танымдық қабілеттерін дамыту, жылу құбылыстары және электр құбылыстары тараулары бойынша білімі мен жан-жақты ойлау деңгейін бағалау; Сыныптан тыс жұмыс арқылы білімге құштарлығын арттыру.

Жабдықталуы-көрнекіліктері: компьютер, интербелсенді тақта, ток көзі, екі электр шамы, ғылым-білімге байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар.

 

Жүргізуші:      Сыр сандықтың құпиясын ашпаққа,

Құпияның сырын көпке шашпаққа,

Алғырлар мен тапқырлар келді міне

Бар өнерді ортамызға салмаққа.

Ал, кәнеки, шығады кім ортаға

Біліміне сенімділері қорқа ма?

Бастайық енді ойынды бөгелмей біз

Отырсын сайыскерлер партаға.

Әділқазы алқасы емес нанымпаз,

Кім көп білсе сол болады жеңімпаз.

  • Армысыздар, құрметті жиналған қауым! Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, «Сыр сандықтың» құпиясын ашып көрейік. Алдымен ойының шартын таныстырып өтейін. Бірінші кезекте алдарыңызда тұрған қақпаларды ашу керек. Әр қақпаның өз сыры бар. Ең алдымен осы қақпаларды ашатын ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
  1. Ойыншы:
  2. Ойыншы:
  3. Ойыншы:
  4. Ойыншы:

 

Ойын шарттары:

         І-ші қақпа – «Тас қақпа» — викториналық сұрақтар қақпасы. Бұл қақпаны ашу үшін 1 минутта 20 сұрақ қойылады. 10 сұрақтан жоғары жауап берген оқушы «Тас қақпаны» ашып, келесі қақпаға өтеді. Ал, 10 ұпай жинай алмаған оқушы орнына отырады.

ІІ-ші қақпа «Күміс қақпа» тапсырмалар қақпасы. Монитордан 3 сан көрініп тұрады. Сол нөмірдің артында сұрақ, тәжірибе немесе жұмбақтар жасырынып тұрады. Дұрыс шешімін тапқан оқушыға «Күміс қақпа» ашылады. Ойыншы келесі «Алтын қақпаға» өтеді.

ІІІ-ші қақпа «Алтын қақпа» тәжірибе қақпасы. Үш кубикті пайдаланып жасалынады. Бұл тәжірибенің қандай физикалық құбылысқа негізделгенің айту керек. Жауабы дұрыс болса, «Алтын қақпа» ашылады.

Алтын қақпаның арғы жағында – «Сыр сандық» бар. Сыр сандықтың құпиясы – бүгінгі күннің «жемісі» болып табылады.

Ал енді «Сыр сандықтың құпиясы» атты ойынымызды бастайық. «Тас қақпаның» 20 сұрағы бірінші ойыншыға қойлады.

 

1-ші оқушыға сұрақ.

1) Атмосфералық қысымды өлшейтін қандай құрал? /барометр/

2) Зат құрамындағы бөлшек не деп аталады? /молекула/

3) Масса қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? /килограмм/

4) 1г суды 10С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері не? /калория/

5) Заттың неше күйі бар? /үш/

6) Зат тығыздығының бірлігі /кг/м3/

7) Күштің өлшем бірлігі қалай аталады? /Ньютон/

8) Күшті өлшеуге арналған аспап /динамометр/

9) Кері итеруші күш /Архимед күші/

10) Бір дененің қандай жұмыс істей алатының көрсететін физикалық шама /энергия/

11) Ток күшінің бірлігі /Ампер/

12) Кернеуді өлшеуге арналған құрал /вольтметр/

13) Ток күшін өлшегенде амперметрді тізбекке қалай жалғайды? /тізбектей/

14) Тізбектегі ток күшін реттеу үшін арнайы қолданылатын прибор /реостат/

15) Ядро қандай зарядпен зарядталған бөлшек? /оң/

16) Ертеде уақытты қалай өлшеген? /күн, құм сағат/

17) Денелерді құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы /жылулық қозғалыс/

18) Механикалық энергияның неше түрі бар? /екі түрі бар/

19) Әртүрлі заттардың жылу өткізгіштігі қандай болады? /әртүрлі/

20) Жұмыс бірлігі /Джоуль/

 

2-ші оқушыға сұрақ.

1) Температураның өлшем бірлігі /градус, Кельвин/

2) Жердің тартылу күшінің аталуы қандай /Ауырлық/

3) Дененің басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі /механикалық қозғалыс/

4) Қуат өлшем бірлігі /ватт/

5) Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы /жылу мөлшері/

6) Судың меншікті жылу сыйымдылығы қанша? /4200 Дж/кг*0С/

7) Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы қалай аталады? /балқу/

8) Ауырлық күші деп қандай күшті айтады? /Жерге тартылу күші/

9) Меншікті балқу жылуын қандай әріппен белгілейді? /λ — ламбда/

10) Бір тектес зарядтары бар денелер бірін-бірі … /тебеді/

11) Дененің электрленгенін анықтауға арналған прибор қалай аталады? /Электроскоп/

12) Электрон заряды қандай? /Теріс заряд/

13) Атомның ортасындағы оң зарядты бөлшек не? /ядро/

14) Архимед күші қандай күш болып табылады? /кері итеруші күш/

15) Джоуль қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі? /жұмыс пен энергия/

16) Сұйықтың бетінде болатын құбылысты ата? /кебу/

17) Янтарь сөзі грекше қандай мағына береді? /электрон/

18) Заттың үш күйін ата? /қатты, сұйық, газ/

19) Тізбектегі ток күшін өлшеуге арналған прибор /амперметр/

20) Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы … /электр тогы/

 

3-ші оқушыға сұрақ.

1) Қысымды өлшейтін аспап қалай аталады? /манометр/

2) Көлем бірлігі /м3/

3) 1 кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатының көрсететін физикалық шама? /отынның меншікті жану жылуы/

4) Судың тығыздығы қанша? /1000 кг/м3/

5) Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы қалай аталады? /Қатаю, кристалдану/

6) Будың сұйыққа айналу құбылысы /конденсация/

7) Электр зарядының неше тегі бар? /екі/

8) Электр зарядының бірлігі не? /Кулон/

9) 1 кг/м3 қандай шаманың бірлігі? /тығыздық/

10) Балқу заттың қандай күйі? /қатты күйден, сұйық күйге ауысуы/

11) Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1с ішінде өтетін электр заряды тізбектегі нені анықтайды? /ток күшін/

12) Вольт ненің өлшем бірлігі? /кернеу/

13) Электр тогы зарядталған бөлшектердің қандай қозғалысы? /реттелген/

14) Ом қандай шаманың өлшем бірлігі? /кедкргі/

15) Амперметрді тізбекке қосқанда қандай шаманы өлшейді? /ток күшін/

16) Өткізгіштерді тізбектеп қосқанда тізбектің кез-келген бөлігіндегі ток күші қандай болады? /бірдей болады/

17) Реостаттың атқаратын қызметі? /тізбектегі ток күшін реттеу/

18) Электрон қандай бөлшек? /ең кішкентай заряд/

19) Әр тектес зарядтар бар денелер бірін-бірі … /тартады/

20) Ом заңынан шыққан қорытынды бойынша ток күші мен кедергінің көбейтіндігі қалай аталады? /кернеудің түсуі/

 

4-ші оқушыға сұрақ.

1) Конвекция латынның қандай сөзінен шыққан? /тасымалдау/

2) Дене қозғалысындағы траекторияның ұзындығы /жол/

3) Салмақтың өлшем бірлігі не? /Ньютон/

4) Конденсация қандай құбылыс? /будың сұйыққа айналу құбылысы/

5) Диффузия құбылысы байқалмайтын орта /вакуум/

6) Кулон заңы бойынша зарядтарға әсер етуші күш олардың шамаларына қалай қатысты болады? /кері пропорционал/

7) Өткізгіш кедергісінің бірлігі ретінде не қабылданған? /Ом/

8) Су қату үшін алдымен … /булану керек/

9) Өткізгіштердің жылуы қандай шамаға тәуелді болады? /кедергі/

10) Металдағы электр тогын тасымалдайтындар не? /еркін электрондар/

11) Денелердің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама /температура/

12) Қатаю заттың қандай күйі? /сұйық күйден қатты күйге ауысу/

13) Молекулалардың иондарға ыдырау процесі қалай аталады? /электролиттік диссоциация/

14) Сұйық бетінде болатын булану құбылысы /кебу/

15) Электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі не? /Фарада/

16) Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама /кернеу/

17) Жылуды жұтумен қатар жүретін процесс /булану/

18) Кебу жылдамдығы неге тәуелді болады? /сұйықтың тегіне/

19) Жылу алмасусыз жүретін процесс /адиабата/

20) Динамометр арқылы нені өлшейміз? /күш/

 

10 ұпайдан артық алған оқушыға тас қақпа ашылады. Ол енді күміс қақпаның шартын орындайды. Интербелсенді тақтадан шығып тұрған кез-келген санды тандайды. Әр санда екі сұрақтан жасырулы

 

1 саны

1-сұрақ.          Отынды жаздай құрғаған.

Пешке неге тығады?

Үйлердегі мұржадан,

Түтін қалай шығады?

 

Жауабы:        Отынды жақсаң құрғаған

Конвекция процесі жетегімен.

Түтін шығады мұржадан,

Жылы ауаға ілесіп көтерілген.

.

2-сұрақ. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады?

 

Жауабы: Піскен жұмыртқаның айналу жылдамдығы шикісіне қарағанда артық, қозғалысы ұзақ. Себебі, піскен жұмыртқа біртұтас дене болып айналады, шикі жұмыртқаның ішінде сұйық зат бірден айналысқа келе алмай, сыртқы қабығы кедергі келтіреді.

 

 

2 саны

1-сұрақ.  Өлең жолдарынан қандай физикалық құбылыстарды байқауға болады? /Өлеңді оқушы мәнерлеп оқиды/

 

 

Сырбай Мәуленовтің «Табиғатпен жаным бірге»

Жаз шыға сол су сарқырап,

Қалады кеуіп тартылып.

Мақтайды оны шуылдап,

Орнына шөп пен тал тұрып.

Тасқын шайса, күнге қызып,

Желге үстімді кептіремін.

Тау боп биік көк тіредім,

Жоқ ұштығы жол шегімнің,

Аспен мен Жер – жолсерігім.

Мен дүние өлшемімін,

Мен табиғат бөлшегімін.

 

Жауабы: кебу, булану, конденсация

 

2-сұрақ. Монитордан сурет көрсетіледі. Сұрақ: Қай ғалымның суреті және оның ашқан заңы?

Жауабы: Ом Георг Симон

 

3 саны

1-сұрақ. Жаңбыр жауған кезде аспанда найзағай ойнап, күн күркірейді. Күннің күркіреуі мен найзағайдың жарқылы бір уақытта болса да, біз бірінші найзағайдың жарқылын естейміз. Себебін түсіндір.

Жауабы: дыбыс пен жарықтың ауада таралу жылдамдығы әртүрлі

 

2-сұрақ.          Қыста аспан түнеріп,

Қар жауады себелеп.

Себебін бізде білелік,

Сұрақ қойдық «неге» деп?

 

Жауабы:        Қыс күнінде қардың жауу себебін,

Ауадағы су кристалдануы дер едім.

Жерге қарай оның құлап түсуін,

Ауырлық күші әсерінен көремін.

 

Күміс қақпаның шарттарына дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығады. Қалған оқушы келесі айналымға өтіп, алтын қақпаның шартын орындайды. Жауабы дұрыс болса алтын қақпа ашылады.

Тапсырма. Үш кубикті орналастыру. Екі кубиктің ортасынан үстіне үшіншісін қою керек. Берілгендер: үш кубик және ақ қағаз.

Оқушы тапсырманы орындағанша сыныптағы оқушылардың біреуі «Электр қасиеті» атты әнді орындайды.

 

 

Кім біледі бұл токты.

Сөніп-жанған жарықты…

Қолданамыз тұрмыста,

Пайдасы көп халыққа.

Алғаш оны анықтап,

Таныттық біз данагөй.

Ұмытпаймыз есімін,

Атақты ғалым Фарадей.

Электр күші зор екен,

Физика – пәні күш қылған.

Қасиеті де көп екен,

Зеректі жанға ұқтырған.

Тараққа шашың тартылса,

Таңқаласың бұл не деп?

Оң, теріс заряд болады.

Білім арқылы ұғын тек.

 

 

Жүргізуші: Келесі кезекте залдағы көрермендермен сайыс. Ойыншы есепті шығарғанша сіздермен жұмбақ жасырып ойнайық. Олай болса, ойымдағы жұмбақтың жауабын дұрыс табуға тырысып көрейік.

 

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсін,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. /Ауа/

 

Пайдаланады мені жұрт,

Отын және жарыққа.

Қызмет етемін әрқашан,

Тұрмыста, түзде халыққа. /Электр тогы/

 

Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келер. /үтік/

 

Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп – кішкентай күн көзін. /Электр шамы/

 

Аяқсыз жүреді, отсыз жанады.  /Электр тогы/

 

Темір көрсе тістейді,

Бір тістесе түспейді. /Магнит/

 

Аспан менен жердегі

Тұтылған боз пердені

Ұстайын деп көріп ем,

Ұстауыма келмеді.      /Тұман/

 

Қозғалісқа келтіріп

Жылдамдығын береді

Өлшемдерін қарасаң

Ньютонға ол келеді  /Күш/

 

Өзі затты құрайды

Теңесуге таразыны сұрайды /Масса/

 

Алтын қақпаның шарттарына дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығады. Есептің жауабы дұрыс болса, алтын қақпа ашылады да, қалған оқушы «сыр сандықты» ашу үшін сұраққа жауап береді.

Сұрақ: Ұлы қолбасшы Александр Македонский заманындағы уақыттың өлшеу құралы не?

 

Жауабы: Тауық

 

         Жүргізуші: Тартысты бәсеке өзінің шарықтау шегіне де жеткен сияқты. Сыр сандықтың құпиясын ашпақ болған барлық қатысушыларымызға рахмет айта отырып, ортаға бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын шақырамыз /Жеңген оқушы мақтау қағазымен марапатталады/. Сау болыңыздар!