«Ойы биік, жаны таза ғалым»

Тақырыбы: Зерттеуші — ғалым, кемеңгер — қаламгер   Қайым        Мұхамедхановқа арналған әдеби — тарихи, танымдық   конференция. Тақырыбы:  «Ойы биік, жаны таза ғалым»

 

Қатысатын топ: 41 ПО

 

Мақсаты:

 

Білім берушілік: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғалармен тереңірек танысуға қызығушылығын арттыра отырып, олардың Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру, шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын ұғындыру.

 

Дамытушылық:  Қазақ әдебиеті пәніне, жалпы Қайым Мұхамедханов шығармашылығына қызығушылықтарын, білім алушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілетілігін арттыру.

 

Тәрбиелеушілік:  Оқушыларды адамзат құндылықтарын сақтауға үндеу, өнерді, ғылымды құрметтеуге баулу. Қазақ халқының төл әдебиетін, мәдениетін насихаттау.

 

Түрі: Ғылыми — танымдық конференция

 

Әдісі: Баяндама оқу, сюжеттер мен таныстыру.

 

 Көрнекілік құралдар: Қанатты сөздер, буклет, көркем әдебиеттер көрмесі.

Техникалық құрал: мультимедиа

 

Конференция барысы:

 

Құрметті ұстаздар,қонақтар және конференцияға қатысушы студенттер!

Міне, бүгін қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы», тума талант иесі Қайым Мұхамедхановқа арналған « Ойы биік , жаны таза ғалым»  атты  әдеби — тарихи, танымдық конференцияны бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі конференциямыздың мақсаты Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі алатын орны, шығармаларының маңыздылығын насихаттау болып табылады. Қазақ халқының ғылымы мен өнерінің дамуына үлес қосқан қазақтың біртуар азаматтарының бірі Қайым Мұхамедхановтың өмір жолын, еңбек жұмыстарын, ең бастысы өнер мен ғылымға жанашыр тұлға екендігін кейінгі ұрпаққа, жас буын өкілдеріне таныту.

Конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін :

  1. Қайым Мұхамедхановтың ұлы — Мұхамедханов Қанағат Қайымұлы
  2. Смағұлова Шолпан – Абай атындағы кітапхананың қызметкері.

Конференцияда баяндама оқитын баяндамашылар:

  1. 41ПО тобының студенті Азимханов Руслан
  2. 41 ПО тобының студенті Тынымхан Санира
  3. 41ПО тобының студенті Қапатай Ерзат

Конференция  мынандай бөлімдерден тұрады :

  • Қайым Мұхамедхановтың өмір өткелдері
  • Қайым Мұхамедханов — жан – жақты талант иесі

(Қ.Мұхамедханов — әдебиетші , аудармашы , зерттеуші                       ғалым, текстолог )

  • Қ.Мұхамедханов – абайтанудың абызы
  • Көрініс (М.Әуезов және Қайым Мұхамедханов)
  • Қ.Мұхамедханов туралы жазған ақындардың, студенттердің қаламнан шыққан толғаныстар.

 

  • Қорытындылау.

 

             Қайым Мұхамедханов туралы видео көрініс (1 – ші видео көрініс)

        Мұғалімнің алғы сөзі.

 

Көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлы ол – алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан.Тірісінде Мұхтардай ұлы ұстазының өсиетін өмірінің өзегіне айналдырып Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған, сол үшін 25 жылға сотталса да  түрме қабырғасы жігерін мұқалта алмаған Қайым туралы сөз ешқашан таусылмақ емес. Кемел ойлы кемеңгер ғалымның соңына қалдырған ұшан терең теңіз еңбектері бұл күнде қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналды.  Қазақ халқының  рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір – тұжырымдардың  биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті.

 

  • Қайым Мұхамедхановтың өмір өткелдері

Баяндамашы: Азимханов Руслан 41 ПО тобының студенті

 

Қайым Мұхамедханов туралы видео көрініс(2 – ші видео көрініс)

 

  • Қайым Мұхамедханов — жан – жақты талант иесі

Баяндамашы: Тынымхан Санира 41 ПО  тобының студенті

 

Ғалым, абайтанушы, жазушы, зерттеуші, аудармашы, драматург Қайым Мұхамедхановтың өмірі шындық пен әділдік үшін күреске толы, өнегелі өмір жолы болды.

 

  • Көрініс (М.Әуезов және Қайым Мұхамедханов)

 

Абай атындағы кітапхананың қызметкері Смағұлова Шолпанға сөз беріледі.

 

  • Қ.Мұхамедханов – абайтанудың абызы

Баяндамашы: Қапатай Ерзат 41 ПО  тобының студенті

 

  • Ән: Қ.Мұхамедхановқа арнау «Ағаға арнау»

Әні: Т.Базарбаевтікі

Сөзі: К.Ғабдуллиндікі

Орындайтындар: Колледж студенттері Қамалжанов Дархан мен Қуандықов Серік.

 

  • Қ.Мұхамедханов туралы жазған ақындардың, студенттердің қаламнан шыққан толғаныстар.

 

41ПО тобының студенттері:

  • Жүнісов Жанболат. «Қайымға арналған өлең» Жұмағали Сайн.
  • Бірлесқан Музиза. «Іздемеске бола ма?» Несіпбек Айтов
  • Ахметов Мұхамет. «Қайым мен Қайың» Мұратбек Оспанов
  • Мұратқан Әсемгүл «Қайым Мұхамедхановқа арнау» Қайыртай Әмірғазин
  • Қапатай Ерзат «Ақын ағаға арнау» (өз шығармашылығынан)
  • Тынымхан Санира «Қайым Мұхамедхановқа арнау» (өз шығармашылығынан)

 

Ендігі сөзді Қайым Мұхамедхановтың ұлы — Мұхамедханов Қанағат Қайымұлына береміз.

Қорытындылау.

Қорыта келгенде, ойы биік, жаны таза ғалымның тарихымызға қосқан ең үлкен үлесі – ол кісі үзеңгілерімен бірге, ол  заман мен бұл заманның арасына салынған алтын көпір бола білді.   «Ғалымның хаты өлмейді» деген, міне, осы.

Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми қызметі ешуақытта ұмытылмақ емес. Ғасырлар өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтын алдынан шықпақ. Өйткені ол барша халықты жүрегімен сүйіп оларды ұлтқа, нәсілге бөлмей бүкіл адамзат үшін аянбай еңбек етті.

Сан қырлы талант иесі, қайсар да, рухты ғалым Қ.Мұхамедхановты  жас ұрпақ біз ешқашанда ұмытпауға тиіспіз.

Қ.Мұхамедханов туралы тереңірек білгілеріңіз келсе, көрмеден әдебиет материалдарымен танысуларыңызға болады. Осымен біздің конференциямыз аяқталды. Келгендеріңізге, пікірлеріңізді айтып қатысқандарыңызға көп — көп рахмет! Сау болыңыздар!