Өлең — сөздің патшасы….

 

Тақырыбы: Өлең — сөздің  патшасы….

 

Мақсаты : Абай әндері  мен  өлеңдерін  үйрету, поэзияны  сүюге баулу,  көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру.

 

Түрі: Ән – поэзия кеші.

 

Көрнекілігі: Ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі

 

1- жүргізуші.

Абай ,Абай  ұлы Абай, дана Абай,

Дана Абайым —  қасқайған нән қарағай.

Қазағымның бұйырыпты бағына

Ғасырда бір туылатын дарам – ай.

Көшелер қанша Абай атында  біз өткен,

Ескерткіш аз ба қаланың сәнін түзеткен.

Мектептер қанша, ауылдар қанша, қала бар,

Ақын есімі құметтелуде ізетпен.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең», — деп

ұлы Абай айтқандай, қазақта ән – жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Өз халқын, оның салтын, тарихын сүю, халықтың даңқты, ұл-қызын,  азамат ерлерін мақтаныш ету, поэзиясын сүйіп; қадірлеу- әрбір жастың борышы — міндеті.

 

2  -жүргізуші:

Қош келіпсіздер, құрметті ән – поэзия сүйер қауым! «Өлең  сөздің патшасы » атты Абай Құнанбаевқа арналған поэзиялық кешімізді ашуға  рұқсат етіңіздер.

 

1- жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды  әлемге  танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.

 

2  -жүргізуші:

Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының  жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез – құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен  қатар, басқа туысқан  халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырады.

 

 

 

1 -жүргізуші:

Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылғы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі  осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарға ғылым-білім үйренуге үндеді.

 

  Өлең «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 8 а -класс

 

2 — жүргізуші: Жастайынан  ел билеуші болыс  билердің, орыс шенеуніктерінің  еңбекші халыққа  жасап отырған зорлық зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын міне – сынап, бірнеше өлеңдер шығарды.

 

Өлең: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» 8 б — класс

 

1 — жүргізуші:

Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынады.

 

Өлең: «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» — 8 б  — класс

 

2 — жүргізуші:

Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде Абай өз замандастарына көш ілгері тұрған, теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.

 

Өлең: «Өлсе өлер табиғат адам өлмес». 8 б  — класс

 

1- жүргізуші:

Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағаланған.Абайдың өзі шығарған жиырма шықты әндері бар.

Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң – шерін, қауныш қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады. Мұндай ойды Абайдың

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!

Дүние ойдан шығады,

Өзімді – өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып, —  деген тәбіренісінен  көруге болады.

 

2 – жүргізуш:

Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қияалдарын  ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда.

 

Ән: «Желсіз түнде жарық ай».

 

1- жүргізуші:

Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер еңгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды.« Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақындық өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.

 

Өлең:  « Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» 8 а — класс

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 8 б — класс

2 -жүргізуші:

Абай ақындығының  соңғы туындысы –

 

Өлең: «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» 8 — класс

«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» 8б — класс

 

1- жүргізуші:

Осындай сұрқия заманнан құтылудың бірден – бір жолы – ғылым, білім деп білген ақын әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

 

Өлең: «Ғылым таппай мақтанба» 9 — класс

 

2- жүргізуші:

Жастардың  оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған. Абай «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде,- жастараға өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтады. Бұл – өмір шындығын дөп басып көре білген реалист ақынның елін сүйген шынай патриоттық сезімінен туған шығармалары еді.

 

Өлең: «Әсемпаз болма әрнеге» 9 — класс

«Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңінде бас пайдасы үшін қандай да бір болмасын жексұрындық іс – әрекетке жақын тұратындардың мінез-құлқын, іс – әрекетін ақын ащы уытты тілмен сипаттайды.

 

Өлең: «Сабырсыз,арсыз,еріншек»9 — класс

 

 

1 -жүргізуші:

Абай өлеңдерінде басы артық сөз кездеспейді. Оның өлеңдері бастан-аяқ  көркем, түсінікті, әр сөзі мағыналы, бас-аяғы жинақы, тұжырымды болып келеді.

 

Өлең:«Базарға қарап тұрсан әркім барар» 9- класс

 

Өлең:«Қасиетті дұға» 9- класс

 

2- жүргізуші:

Абай ата,

Абай аты ізгіліктің төрінде,

Үлгі тұтып жүрем әр кез кеңілде,

Өлеңдерін зейін қоя оқимын,

Ақыл – кеңес ұлағат бар сөзінде.

 

1- жүргізуші:

Өлсе де Абай аты мұра қалды ,

Өзі өлсе де оның аты өше алмады.

Өйткені, ол қазақтың әр үйінде.

Күн қылып,  жарық ашып, шырақ жақты.

 

2 -жүргізуші:

Абайға ұқсап, сөз саптап салмақтайық,

Еліктесе ұлыға болмас айып,

«Болмасаң да ұқсап бақ» деген сөз бар,

Еске алып  әрқашанда ардақтайық.

 

1- жүргізуші:

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін де өзі шешкен.

Абай ата жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де  бізбен бірге жасасып келеді.

 

2  -жүргізуші:

Абай поэзиясы – сарқылмас бұлақ. Сөз шебері – Абай  ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз – деп «қазақ поэзиясының шам — шырағы»- Абай Құнанбаевқа арналған поэзия кешімізді аяқтаймыз.

Поэзия кешіне қатысып, мәнерлеп оқу сайысына қатысқан оқушыларға  рахмет айта отырып, мақтау қағазымен марапатталады.