«Арайлы, алтын күз» (сайыс ).

 «Арайлы, алтын күз»  (сайыс ).

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы,алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке , ынтымақтастыққа баулу.

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!  «Арайлы,алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- жазира  даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,  

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:  

Келтіретін әрдайым сезім күйін,  

Көресіздер қызықтың неше түрін  

Әншінің анықтаған әнін естіп,  

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.  

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,  

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.    

Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.  

 

Жүргізуші:  Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.  

 

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әдәлқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Умырбаева Бибігүль апай
  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Сатыбалдиева Гульзада апай

3.Мектеп әдіскері Исаева Қания апай

  1. Ағылшын пәнінің мұғалімі- Әнетова Шырын апай

5.Қыздар кенесінің төрайымы  Ермекпаева Палзада апай

 

Қош келдіңіз көрермен,

«Арайлы алтын күз» кешіне  

Отырыңыз қол соғып,  

Шат күлкіге бөлене.  

Көбейді құт-береке,  

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,  

«Арайлы , алтын күзді» тойлаймыз.   

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын жеребе тастау арқылы анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз топ басшылары.

  

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейік.

1-шарттың  1-бөлімі  «Сәлем –сөздің атасы»-бұл бөлімде  әр топ өздерін таныстырады.

2-бөлімі.Үй тапсырмасы «Күз,береке молшылық »тақырыбындағы қабырға газеттерін қорғау.

2-шарт . «Кім білгір?»  (сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,мақал-мәтелді жалғастыру).

3-шарт.Табиғат өнімдерінен бұйым (панно)жасау .

4-шарт.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс — жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)

5-шарт. «Сымбат көрік ,сәндік өнер».

6-шарт. «Өнерлі өрге жүзер».

Жүргізуші:

  1. Ондай болса енді «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің …….. атты тобымыз өздерін таныстырсын.

 

Жүргізуші:2  

Көк майсалы, көрікті

 Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін , демекші сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік. Келесі бөліміміз  топтарымыздың дайындап келген «Күз,береке молшылық»тақырыбындағы қабырға газеттерін қорғау. Ендеше  топ басшыларын  қарсы алайық!

 

Жүргізуші:   Бірінші сайысымыздың бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

 

Жүргізуші:   Ойнайықта та ойлайық!

Қатардан  қалып қоймайық,

Белсенді болып  ортада,

Уақытты текке   жоймайық!

 

Жүргізуші: Кезекті бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл болімде әр топ  жұмбақтың  шешуін табады және жауабын үш тілде айтады,мақал-мәтелді жалғастырады  . Ендеше  топтарды   қарсы алайық!

1 тапсырма жұмбақ шешу.

  1   Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді

(Қырыққабат,капуста,                      )

2    Ызақор бұғып жатыр,

Сақалын тығып жатыр.

(Пияз,лук,           )

3     Көк ала костюм киеді,

Күнің көзін сүйеді.

(Қарбыз,арбуз ,                  )

4    Күннен көзін алмайды

Мойны бірақ талмайды.

(Күнбағыс,  подсолнух,                   )

5    Қабығы қатты, Іші тәтті

(жаңғақ,орех,                      )

6     Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келісі.

Қоңыр күзге сақтайды,

Сары майдай ел іші

(Асқабақ, тыква,                              )

7     Қызыл болып піседі.

Тезірек жинап алмасаң,

Ұрлыққа торғай түседі.

(Шие,вишня,                         )

8    Түрлі — түрлі болатын.

Бірі ерте, бірі кеш,

Кезектесіп піседі.

(Алма,яблоко,эппел    )

9     Қабығы қалың болатын.

Мөлт — мөлт еткен түрлері,

Моншақты еске салатын.

(Анар,гранат,                          )

  1. Тапсырма.5 минутта күз туралы мақал жазу.Қай топ көп жазса сол топ ұтады.

 

  1. Тапсырма 5минут ішінде қай топ көп жауап берсе сол топ алға шығады.
  2. Ең еңбексүйгіш жәндік.
  3. Қай жануарда қалта бар?
  4. Қазір қай ай?
  5. 7 мысықтың неше құйрығы бар?
  6. Алтын түстес жыл мезгілі?
  7. 1 жылда неше ай бар?
  8. Қазір жылдың қай мезгілі?
  9. Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ
  10. Шыршаны қашан сәндейді?
  11. Жыл мезгілдері нешеу?
  12. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?
  13. Оны қыста қолға киеміз
  14. Аспан көз жасы.
  15. Қыста жауады.
  16. Жылататын көкөніс
  17. Көп киімді көкөніс

 

Жүргізуші:  «Кім білгір?» бөлімі  аяқталды ,әділ қазылардың бағаларымен таныс болайық.

 

Жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,

  Жібектей майда шуақ алтын күні.

  Биылғы мерекелі нұрлы күздің ,

 Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

 Сондықтан биылғы күз мерекелі,

 Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

 Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

 Табиғат өнімдерінен бұйым жасап.

 Қыздарымыз бармақтарын  майыстырып

Келесі бөлім  табиғат өнімдерінен бұйым (панно)жасау .

 

6 гимназия сыныбы Қожағулова гаухардын орындауында «Күз»әні қабыл алыңыз.

Жүргізуші: 1 Көрсетсін сайыскерлер өздер шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. 

 

Жүргізуші:Табиғат өнімдерінен  панно жасау  бөлімі  аяқталды ……….,әділ қазылардың бағаларымен таныс болайық.

 

 

Жүргізуші1 :Берекелі Күз-мерекеміз-дей отырып  келесі бөліміміз «Күз сыйы» деп аталады.Күзгі жеміс-жидектерден ,көкөністерден салат дайындап,дайындау жолдары туралы әңгімелеу.

 

Жүргізуші:  2 Ал енді  «Күз сыйы» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады)

 

Ойын  Кім тапқыр аталады .Мен қойған сұрақтарға кім жылдамжәне дүрыс  жауап береді

Жүргізуші:1Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен — деп сайыскерлерді«Сымбат көрік ,сәндік өнер» үлгісінде ортаға шақырамыз

 

Жүргізуші:2Өнер жастан жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі — бірін

Өнерпаздар дарындылар

Көрейік, ән би, күйді көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өнерін — деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз

 

Жүргізуші:1Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)  

 

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,  

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.  

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!  

 

 

    «Әзіл – аралас сұрақтар»

           Білгенің қанша? Білмегенің қанша?  (Білгенім бір тоғыз, білмегенім 99)

  1. Адамның қай мүшесі қорқақ? Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
  2. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма)
  3. Қандай кілт аспанда болады? (Кісідегінің кілті аспанда)
  4. Неден не жаман? (Олақтан  салақ  жаман)
  5. Тауық түс көре ме? (Тары кіреді)
  6. Адамда арқау бола ма? (Ас – адамның арқауы)
  7. Қандай бас аяққа тыным бермейді (Мисыз бас)
  8. «Әдепті бала арлы бала», ал әдепсіз бала ше? (Сорлы)
  9. Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі? (Ер 1 рет, қорқақ 1000 рет)
  10. Көрдім деген неше  сөз? Көрмедім  деген неше сөз? (Көп сөз, бір сөз)
  11. Қайтсең, тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)
  12. Түйеге жұрнақ жалғанса, кім болады? (Түйеші)
  13. Қалжыңға бас қосылса, әуеске қой қосылса, қандай түбір болады?

                                                                                        (Қалжыңбас,әуесқой)

  1. Күнбағардың түбірі нешеу? (Күн+бақ)