Білгірлер сайысы.
Білгірлер сайысы.
Мақсаты: 1. Оқушылардың топпен жұмыс жасау дағдылары
қалыптасады. Өткен сыныптардың тақырыптарын қайталау
барысында, білімдерін жүйеге келтіреді. Көркемсөз оқу
шеберліктерін жаттықтырады.
- Сөздік қорлары артады, мысалдарды (басни) бүгінгі күнге
сай өзгерту арқылы, оқушылардың шығармашылық
қабілеттері дамиды. Мәнерлеп оқу икемділіктері мен
сахнада өзін ұстау әдебі арта түседі.
- Тілімізді бағалау, Отанымызды мақтан тұту сезімдері
оянады. Топпен жұмыс жасау барысында, оқушылар
арасында достық қарым-қатынас орнайды. Мысал (басня)
мазмұнынан үлгі-өнеге алып, еңбекқор болып өседі.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта
Барысы:
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас,- деген өлең жолдарымен бүгінгі «Білгірлер сайысын» бастағым келіп тұр.
Қазылар алқасымен таныстыру.
Сайыс кезеңдері:
1-кезеңде әр топ өздерін таныстырып кетеді. Таныстыру кезеңіне келесідей талаптар қойылады:
— Топ аты;
— Эмблема;
— Ұраны;
— Әр топ мүшесімен таныстыру;
— Сәлемдесу (қарсылас топ пен қазылар алқасына)
Талаптардың барлығын бұлжытпай орындаған топ 5 ұпайға ие болады.
2-кезең «Бәйге». Топтарға қызыл және көк түсті ұяшықтар ұсынылады. 5 секунд ішінде әр топ өз ұяшығының нөмірін есте сақтауы керек. Өз түсінің ұяшығын ашып, сұраққа дұрыс жауап қайтарса 1 ұпай, қарсылас топтың ұяшығын ашса, сұраққа жауап беру құқығына қарсылас топ ие болады. Егер жауап дұрыс берілсе 2 ұпайға, жауабы қате болған жағдайда 1 ұпайға ие болады. Ақ ұяшықты ашқан топтан 1 ұпай кемітіледі.
3- кезең. «Поэзиялық сәт». Бұл кезеңде өлеңдер тармақтарындары соңғы сөздер ғана беріледі. Топтар өлең аты мен авторын атауы қажет.
4-кезең. «Сөздің көркі — мақал». Топтарға суреттер ұсынылады. Сол сурет тақырыбына сай мақал-мәтел атау қажет.
5-кезең. «Көшбасшы». Топ көшбасшыларына мәнерлеп өлең оқу қажет. 5 ұпаймен бағаланады.
— Өлең сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу;
— Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі;
— Сахнада өзін ұстау әдебі;
— Жатқа оқуы;
— Мәнерлеп оқуы.
6- кезең. «Үй жұмысы». «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын бүгінгі заман талабына сай өзгертіп ұсыну. Жоғары ұпай – 5.
Қорытындылау. Марапаттау.
Білгірлер сайысы
Топ
Кезеңдер | «Үш дана» | «Қырандар» |
1. Таныстыру | ||
2. Бәйге | ||
3. Поэзиялық сәт | ||
4. Сөздің көркі – мақал | ||
5. Көшбасшы | ||
6. Үй жұмысы | ||
Жалпы ұпай | ||
Орындары |