«Жарқын жастық – баянды болашақ» атты студенттермен кездесу кеші.

«Жарқын жастық – баянды болашақ»

атты студенттермен кездесу кеші.

Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру

Барысы:

І. Кешті ашу.

ІІ. Таныстыру.

ІІІ. Ойын

ІҮ.Сыр — сұхбат

Ү. Ойын

ҮІ. Тілектер шоғы.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары – студент жастар!

2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман арқалаған,

Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.

Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,

Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!

1-ж: Студенттер – көкке қанат сермегендер,

Ауылға сағынысып келген еңдер.

Студенттер – кешінде сырласайық,

Болашақтың бастауы сендер еңдер!

2-ж: Студенттер – өмірдің гүл күндері,

Қуанышта аз емес бұл күндері.

Қайғысы да бір басыңа жетіп жатыр,

Ұйқысыз өткен кейде бір түндері.

1-ж: Міне, осындай өмірді кешкен жандар,

Ертеңгі елімізге атар таңдар.

Бірі – дәрігер, бірі – ұстаз, бірі – әнші,

Маман болып бір күні шығарсыңдар.

2-ж: Студенттік өмір біздің де есімізде,

Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.

Біз түлеткен аяулы студенттер,

Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.

(қошемет)

1-ж: Армысыздар, мектебіміздің түлектері,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

2-ж: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі,

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін әншілер ән салады.

Ән: «Қос жүрек». Орындайтын 11 класс оқушысы  – Рахатов Исламбек. Қошеметтеп отырайық!

1-ж: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз, — дей отырып, мектеп директоры Дусипова Миргүл апайға сөз кезегін береміз.

1-ж: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,

Түседі естеріңе қызықты кез.

Сағыныш бойды билеп келгендерге,

Мектептің есіктері ашық әр кез.

2-ж: Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн,

Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.

Сырласып отырайық, ән салайық.

Мауқымыз басылғанша осы бір күн. Келесі кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Әріптерден басталатын мамандық».

Шарты: студенттерге әріптер беріледі. Сол әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу керек.

А, Д, Ж, И, С, З, Ш, Т, М, Э.

1-ж: Ұрпағы  ұландары текті жердің,

Қашанда болмысыңа сүйсінемін.

Келешек ғалымдар да, даналар да,

Шығады өздеріңнен деп білемін.

2-ж: Бұл кездесу көкейлеріңе,

Жыры мен сырын тұндырсын.

Жаныңнан кетпей әсері ән,

Жадыңда қалсын осы күн! – дей отырып, әнге кезек берейік.

Ән «Ауырмайды жүрек». Орындайтын  мектебіміздің жезтаңдай әншілерінің бірі – Рахметов Бағдат. Қошеметпен қарсы алайық.

1-ж: Біліммен көркейтіп елімізді,

Танытып азаматтық тегіңізді.

Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,

Тыңдалық сіздің де ыстық лебіңізді.

«Сыр сұхбат» бөлімі.

2-ж: Қабыл етіп қонақтардың тілегін,

Тілегіңді тұмар етіп жүремін.

Түлектерге ұлағатын қалдырар,

Өздеріңдей болса деймін түлегім.

Ортаға мектебіміздің «Өзіміздің жігіттер» КВН командасын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1-ж: Көрермендер әзіл де бар бойында,

Бір ғажайып қызық бізде ойын бар.

Шақырамыз ортамызға келіңіз,

Атсалысып бұған да ден қойыңыз.

2-ж:Ойын: «Ең нағыз …» ойыны.

Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады,ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауларыңыз керек.

  • Ең жасыл мамандық;
  • Ең тәтті мамандық;
  • Нағыз ақшалы мамандық;
  • Ең күлкілі мамандық;
  • Нағыз бала мамандығы;
  • Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық;
  • Ең ауыр мамандық;
  • Ең салмақты мамандық;

 

1-ж: Ән басталса қалайша жанбас халық,

Тыңдауға бар түн бойы таң жастанып.

Ұйып қалар табиғат оянбастай,

Кеткен кезде керемет ән басталып, демекші келесі кезекті әнге береміз.

Ән: «Ұмытар емеспін». Орындайтын 9-кластың әншісі – Бақтілеу Айбек, қошеметпен ортаға шақырайық.

2-ж: Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Талпынып біреулерің шығыңдаршы,

Халайық қошеметпен қол соғады. – деп, қонақтардан қонақ кәде сұраймыз.

Ән: «Жібектің әні» Орындайтын Нарымбаева Айгерім.

Даусың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таңшолпанмен астасқан – деп, тамаша ән сыйлаған Айгерімге тағы да қошемет көрсетіп қояйық.

1-ж:Аламан бәйгеге оза шауып, өлең  — жырда шашасына шаң жұқтырмаған талантты тұлға, ақын аға – апаларының жолын қуған, бірімізге апа, бірімізге қарындас Жұбаева Құндыз ақынымызды ортаға шақырайыз.

(Құндыздың жүрек жарды өлеңдері оқылады.)

КВН .

2-ж:  Мұңға батқан жүректі ән оятар,

Тәтті үннің әсерін жан оятар.

Жаңға қуат, жүрекке шаттық сыйлап,

Жас балаша көңілді жадыратар,-деп әнге кезек береміз.

Ән: «Арман» Орындайтын  9-класс оқушысы Қанатов Аманғос.

Ортаға сері жігіттермізден құралған КВН командасын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық.

1-ж:Жастық осы гүлдей болып көрінген,

Өлең жыр боп сірә кетпес көңілден.

Естелік боп қалсын осы күнде бір,

Студенттік қызығы мол өмірден

«Тілектер шоғы».

2-ж:Ұстаздар оқушыға басын иген,

Кей кезде тіпті оған кішірейген.

«Сыйға сый, сыраға -бал» деген сөздің,

Болмас ережесін бұза білген.

Өйткен, ұстаз – ана, ұстаз – дара –

Мамандық ол ерекше, жеке – дара – деп, сөз кезегін ұстаздарға береміз.

Ән: «Сағынсаң қалай шыдаймын». Орындайтын биылғы мектеп түлегі – Қанымқұлов Батырлан.

Қорытынды:

1-ж:Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың белесі,

Өздеріңмен биік қой елдің еңсесі.

Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал сынынан,

Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан күресі!

2-ж:Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,

Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.

Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,

Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін!

1-ж: «Мемлекеттің «2030» бағдарламасын орындауда, ерінбей экономикалық талапқа сай еңбек ететін, игілікті іске бар ынтасымен кірісетін, ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік».

2-ж: Осымен студенттермен кездесу кешін ақтаймыз. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!