Рота бойынша кезекшінің міндеттері

Рота бойынша кезекшінің міндеттері

Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде түрған қару-жарақтың, тапаншалар түрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жөшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші (1-сурет) рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіреберіс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.

Ол:

  • рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;
  • бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, сондай-ақ рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ- дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге; ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскериызметшілері арасындағы өзара қарым- қатынас ережелерін бүзушылық, байқалған ақаулар және ©рт қауіпсіздігі талаптарының бүзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

жеке қүрамды таңертеңгі түру уақыты кезінде, сондай-ақ дабыл немесе өрт болған жағдайда түнде оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;

  • үй-жайлардағы тазалық пен тәр-тіпті қадағалауға жөне әскери қызмет-шілердің оларды сақтауын талап етуге;
  • әскери кызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;
  • әскери кызметшілердің темекі шегуін, аяқкиім мен киімдерін тазалауын осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;
  • ротаға тікелей бастықтары — рота командирінен бастап, одан жоғары бастықтары, бөлім бойынша кезекші келген кезде: «Тік түр!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай-ақ басқа ротаның старшиналары мен әскери қызметшілері келгенде, кезекшіні шақыруға міндетті. Мысалы: «Рота бойынша кезекші, шығыңыз!»

Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарактарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.

Бос ауысымның тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз ешқайда кетпеуге, өскери жарғыларда белгіленген рота жауынгерлері мен сержанттары арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бүзған жағдайда оған тәртіпке шақыру шараларын қолдануға кәмектесуге, рота бойынша кезекшінің орнына қалғанда, оның міндеттерін орын-дауға тиісті.

Ротаны елді мекенде жайғастыру кезінде төуліктік кезекшінің біреуі рота командирі белгілеген жауын-шашыннан қорғау үшін төбесі жабылған орында, далада ешқайда кетпей түруы керек.

Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің кайда жүргенін әрка-шан да білуге және өскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті. Байкалған барлык тәртіпбүзушылык туралы ол рота бойынша кезекшіге баяндайды.