Қарауылдың ауысуы. Қарауылдағы қаруды оқтау және оғын алу тәртібі

Қарауылдың ауысуы. Қарауылдағы қаруды оқтау және оғын алу тәртібі

Қару постыға шығар алдында оқталады.

Қарауыл бастығы таратушылар мен қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй-жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызып: «Ауысым, оң жақтан бір-бірлеп оқта!» деп пәрмен береді. Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, сүңгіні бекітеді де, қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың оқталуын тексереді (ГжҚҚЖ; 116, 117-баптар). Қаруды оқтап болған соң, әскери қызметші: «Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды!» деп баяндайды, сонан соң жеке алып, «Қарубауға!» күйінде ұстап, бір адым кейін шегінеді.

Осындай төртіпте басқа жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.

Ауысым қаруларын оқтап болғаннан кейін жаңа қарауыл бастығы қызметке кіргізу жөнінде ауызша бұйрық береді де: «Ауысым — оң-ҒА!», «Постыларға адым — БАС!» деп пөрмен етеді. Осыдан кейін әр таратушы өз ауысымын постыларына алып кетеді.

Бірінші ауысым қарауыл үй-жайынан шыкканнан кейін карауыл бастығы (бастықтың орынбасары) қарауылдың қалған бөлігінен резервтік топ жасақтап, оны күзетілетін объектілерге шабуыл жасалса немесе өрт шықса, басқа да дабыл қағылса дайын отыру үшін жоғары ұрыс дайындығына келтіреді.

Постылардан қайтып келген ауысушы және жаңа ауысымның таратушылары қарауыл бастығына ауысым жөнінде баяндайды. Мысалы: «Лейтенант мырза, ауысым ©ткізілді, постылар ақаусыз тапсырылды (қабылданды). Бірінші таратушы сержант Асқаров».

Постыдан оралған соң карудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен таратушы алады, содан кейін таратушы: «Оң жақтан бастап, бір-бірден — ОҒЬІН АЛ!» деп пәрмен береді.

Осы пәрмен бойынша, оң қапталда тұрған карауыл алға қарай бір адым жасап, таратушының бақылауымен өз каруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды (патроны бар оққалтаны) сөмкеге салады да: «Қарудың оғы алынды!» деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін

 

арткд тартып, қаруын тексеруге үсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарауыл бекіту тетігін алға карай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді. Қаруды сақтандырғышқа кояды да: «Сақтандырғышқа қойылды!» деп баяндайды, сүңгіні алып тастап, қаруды «қарубауга» күйінде үстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орнына барып түрады.

Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар бүрынғы қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылары қарауыл үй-жайларына барады.