Жауапқа тарту тәртібі

Жауапқа тарту тәртібі

Тәртіп бүзған өскери қызметшіге оған жаза қолданушы командир (бастық) тек Төртіптік жарғыда көрсетілген оның әскери атағына сай жаза түрлерін ғана қолдана алады. Тәртіпсіздікті бір топ адам жасаған жағдайда, оған қатысушы өрбір өскери қызметшіге істеген қылығына қарай жаза түрі белгіленеді.

Бір төртіпсіздік үшін бірнеше жаза қолдануға немесе накты кінәлілер орнына бүкіл қүрамның жазалануына тыйым салынған. Тәртібі үшін жазаға тартылған өскери қызметші өзінін атқаруы тиіс міндетінен босатылмайды.

Егер командир (бастық) өзінің қолданған жазасын жеткіліксіз деп тапса, өзінен жоғары командирге (бастыққа) кінәліні жазалауды үсынуына болады.

Аға командир (бастық) қол астындағы кіші командирдің (бас-тықтың) белгілеген тәртіптік жазасын жеңілдете немесе өзгерте ал-майды; егер ол өз қүқын артығымен пайдаланбаса.

Аға командир (бастык) кіші командирдің (бастьщтың) берген жазасы жеңіл деп тапса, оны бүзып, қатаңдау жаза белгілеуге күқы бар.

Егер жаза заңсыз берілсе, аға командир (бастық) оны алып тастауға қүқылы. Онда өз күқын асыра пайдаланған кіші командир (бастық) заңсыз жаза кескені үшін жауапка тартылады. Әскери қызметшіге берілген жаза оны заңда көрсетілген басқа да қызметтік жауапкер-шіліктен босатпайды.

Өскери қызметшіге қолданылған жаза ол істеген тәртіпсіздікке немесе келтірілген шығынға сай болуы тиіс.

Мынадай жағдайда жаза күшейтіледі: егер кінөлі өзінің істеген теріс қылықтарын бірнеше рет қайталаса, топтық тәртіпсіздіктерге катысса, өскери кезекііплік, әскери қызмет немесе өзінің тікелей қызметі кезінде, сондай-ақ алкогольді және басқа да естен айыратын заттар қолданып төртіпсіздік жасаса.

Тәуліктік нарядта жүріп жасаған (әскери кезекшілік, әскери қьізмет) теріс қылықтары үшін берілген жаза өскери қызметшіге смена ауысқаннан кейін немесе ол басқа адаммен алмастырылғаннан кейін қолданылады.

Жаза қолдану кезінде өскери қызметшінің жеке басын қорлауға, оған қарсы моральды кемсітуге, зорлап жүмыс істетуге рүқсат етіл-мейді.

Өскери қызметшіге теріс қылықтары үшін тәртіптік жаза қолдану (кешіктіруге болмайтын жағдайлардан басқа уақытта) болған оқиғадан кем дегенде екі-үш күн откеннен кейін болуы шарт. Сонда әскери төртіптің бүзылу себептері нақты анықталады. Жаза тәртіп бүзылған күннен бастап, бір айдан алты айға дейінгі мерзім аральнында қолданылады.

Жаза қолданылғаны былайша хабарланады:

  • солдаттарға (матростарға) — сап алдында;
  • сержанттарға (старшиналарға) — сержанттардың (старши-налардың) сабы алдында немесе жиналыстары кезінде. Командир мен олардың орынбасарларына кол астындағылардың көзінше жаза-ланғандары женінде айтуға тыйым салынған.

Өскери қызметшіге жаза белгілеген кезде оның не үшін берілгені және заңбүзушылықтың салдары қандай болғаны жөнінде айтылуы керек.