Ауыз суды үнемді пайдалану – бұл бүкіл әлемге ортақ проблема.

Кіріспе

 

«Жаныңды жай таптыратын су! Судың не  исі, не түсі, не дәмі жоқ. Өмір сүру үшін су маңызды деп жатады, сенің өзің – адамға берілген өмірсің. Әлемдегі барлық байлық – сенде…»

 

Антуан Сент-Экзюпери.

 

 

Судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын қызыметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні зор.»Сулы жер-нулы жер» дейді халық мақалы. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс.

 

Неге осы тақырып таңдалды?

Ауыз суды үнемді пайдалану – бұл бүкіл әлемге ортақ проблема.

Ай сайын су төлейтін түбіртек әкелгенде, түбіртекпен қоса ыстық су және суық су есептеуіш құралдарын орнату жайында жарнамалар қоса келеді. Біздің пәтерде ондай құралдар орнатылмаған. Сондықтан, осы жарнамаға қаншалықты сенуге болатынын анықтау керектігін шештім. Сонымен қатар, менің сыныптастарымның арасында қаншасының пәтерінде су есептеу құралдар орнатылғанын анықтамақшы болдым. Осы мәселені зерттей отырып, суды қалай үнемді пайдалану керек екенін және оның қаншалықты маңызды екенін анықтау.

Зерттеу мақсаты: Суды үнемдеу барысында қанша қаражат үнемделетінін анықтау. Ауыз суды үнемдеу мәселесі жайында молырақ ақпарат алу.

 

Зерттеу міндеттері :

  1. Қазіргі заманда ауыз су тапшылығы неліктен күрделі мәселе екенін анықтау;
  2. Қала пәтерлерінде суды қалай үнемдеу керектігін анықтау;
  3. Пәтерге су есептеу құралдарын орнату барысында судың қаншалықты үнемделетінін анықтау;
  4. Пәтерге су есептеу құралдарын орнату отбасы бюджетіне қаншалықты үнемді екенін анықтау.

Зерттеу әдістері:

  1. Тақырып бойынша ақпарат іздеу және жинау.
  2. Су есептеу құралы орнатылған және орнатылмаған пәтерлердегі отбасының суға жұмсалатын қаражаттарын салыстыру.
  3. Сауалнама жүргізу.
  4. Тақырып бойынша математикалық есептер құрастыру.

Болжам: Су есептеу құралы отбасының қаражатын үнемдеуге пайдалы болса, мүмкін пәтерімізге су есептеуіш құралын орнатамыз.

 


Тақырып бойынша ақпарат

Су – тіршілік көзі. Сусыз күніміз жоқ. Су – керемет, сирек кездесетін минерал!

Қазақстан әлемдегі басқа елдерге қарағанда суды көп қолданатынын ескерсек, өмір нәрі ресурстарын ысыраптау тоқтамаса, болашақта су тапшылығына ұшырауымыз әбден мүмкін.

Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық — өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100,5  құрайды, оның 56,5  республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44,0  су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан — 18,9, Өзбекстаннан — 14,6,  Қырғызстаннан — 3,0 Ресейден — 7,5. Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердiң арасында соңғы орынды алады. Біздің қорымыздағы бар суымызды жерге жайып жіберетін болсақ, бар болғаны 42 мм болады екен.

Мамандардың есебіне сүйенсек, бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды екен. Нанғысыз, бірақ, дәлелді. Сонда 500 мыңнан астам тұрғыны бар облысымызда тәулігіне қанша текше метр су жұмсалатынын пайымдап көріңіз.

Салыстыру үшін мынадай деректерді көрсете кетейік. Тәулігіне 1 адамның суды тұтынуы Мәскеуде — 700 литр, Ташкентте — 500 литр, Парижде — 450 литр, Лондон мен Копенгагенде — 250 литр. Ал Астананың әрбір тұрғыны тәулігіне 250 литр су шығындайды. «Қарағанды Су» мекемесінің есептеуіш бойынша Қарағандының әр тұрғыны тәулігіне 140 литр суық су жұмсайды.

Президент өз сө­зін­де егер біз ойлау жүйемізді өз­герт­песек, ел да­муының өзіндік ерек­­ше­лік­терінде үлкен қиын­дық­тар­ға кез болатынымызды атап өтті. Әрқа­шанда біз­де мұнай да, газ да бола бермес. Бүгінгі таңда таза ауыз судың проб­лемалары туындап отыр. Егер суды үнемдеуді үй­рен­бесек, со­ңы жақсылыққа алып келмесі анық. Жалпы, біз қандай суды да үнем­деп пайдалануды үйренуіміз керек. Ең бастысы, біз барды үнемдей білетін қоғам болуымыз керек. Әйтпесе, табиғат ресурстары барлығына жетпейді. Табиғат байлығының бітетінін ойлануымыз қажет. Бүгіннен бас­тап үнемдеу шараларына кіріс­кеніміз жөн. Қазір бүкіл елдер ресурстарды үнемдеу үшін өздерінің өндірістерін, автокө­лік­терін, үйлерінің шатырларын қай­тадан құрастырып, жаңартып жатыр. Суды, газды үнемдеу үшін әртүрлі құ­рыл­ғылар ойлап шығарылуда.

Суды тиімді пайдалану үшін ұсыныстар:

  • Тіс жуғанда және сақал алғанда стақан пайдаланылса, әр жағдайда 5-10 литр су үнемделеді;
  • Унитазға су ағызғанда 15 литр су жұмсалады;
  • Ыдысты ағып тұрған судың астында жуса, 100 литрге дейін су жұмсалады;
  • Автокөлікті шлангінің көмегімен жуса, 200 литр су жұмсалады;
  • Унитаздан сыздықтап су ағып тұратын болса, онда тәулігіне 40 литр су босқа ағып кетеді;
  • Ваннада шомылған кезде жұмсалатын су мөлшері душпен жуынғанда жұмсалатын сумен салыстырғанда 3 есе артық жұмсалады;

Сондықтан суды үнемдеу үшін:

  1. Қажетсіз суды босқа ағызбау керек;
  2. Ыдысты жабық раквинада жуу керек;
  3. Автокөлікті жуған кезде шланг емес, ведро қолдану керек;
  4. Душтың басына ұсақ тесікті су шашқыш орнату керек, сонда 50% су үнемделеді;
  5. Кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру керек.

Бір сөзбен айтқанда, суды үнемді қолдана отырып та, тазалықты сақтауға болады.

Егерде отбасы күнделікті қолданатын су көлемінің 20%-ын үнемдесе, онда бір жылда диаметрі 200 метр және тереңдігі 2 метр көл пайда болар еді.

Бұлаққа бұлақ қосылса — «егізбіз» дейді,
Көлге көл қосылса — «теңізбіз» дейді.

Негізгі бөлім

Қазіргі кезде «Қарағанды Су» мекемесі де, жергілікті әкімшілік те тұтынушылардың бір тәулікте қажетіне қанша су жұмсалу керектігін айта алмайды. Әр ауданда тұрғындардың суды тұтыну нормалары әртүрлі.

Жобаның тақырыбы бойынша интернеттен ақпарат қарап отырғанда, кезінде Алматыда әр адам басына тәулігіне 670 литр су қолданатын болса, қазір 100-120 литр айналасында екенін оқыдым, яғни осыдан 20% судың үнемделгенін байқауға болады. Мұндай көрсеткішке қаладағы үйлердегі  пәтерлерге су есептегіш құрал орнату барысында қол жеткізіп отыр.

Есептеулер бойынша егер қаладағы барлық пәтерлерге су есептеуіш құралдар орнататын болса, тәулігіне бір адам басына жұмсалатын су мөлшері төмендер еді.

Су есептеуіш құралдарды орнату барысында, су ғана үнемделіп қоймай, отбасының бюджеті де үнемделеді. Су есептеуіш құралмен төлеген кезде, тұтынушы,  су құбырларының  бұзылуы барсында босқа ағатын су үшін төлем ақы жүргізбейді. Себебі тұрмыстық-коммуналды секторларында су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су көлемі алынған су көлемінің 35 %-ын құрайды.

Сондықтан, егер біз көшелердегі босқа ағып жатқан сулар үшін төлемейтін болсақ, онда тұрмыстық-коммуналдық секторлар көшедегі су өтетін құбырларды жөнге келтірілуін қадағалар деп сенеміз.

Су құбырларындағы суды пайдаланғанда бір тәуліктік норманың 1-2%-ы ғана тамаққа пайдаланылып, қалған бөлігі ластанады екен.

    Су есептеуіш құрал орнатылған отбасыларында

1 м3 суық су – 57,92 тенге

1 м3 ыстық су – 277,72 тенге

Отбасындағы адам саныЖұмсалатын суық су көлемі, м3Суық суға төленетін қаражат, тгЖұмсалатын ыстық су көлемі, м3Ыстық суға төленетін қаражат, тг
33173,762555,44
48463,3671944,04
67405,4461666,32
78463,3661666,32
810579,292499,48

   

 Су есептеуіш құрал орнатылмаған отбасыларында

1 адамға суық су –  249,03  тенге – 4,3 м3

1 адамға ыстық су – 883,16 тенге – 3,2 м3

 

Отбасындағы адам саныСуық суға төленетін қаражат, тгЫстық суға төленетін қаражат, тг
3747,092649,48
4996,123532,64
61494,185298,96
71743,216182,12
81992,247065,28

 

Суық судан үнемделетін қаражат

 

Отбасындағы адам саныСу есептеуіш құралмен, тгСу есептеуіш құралсыз, тгҮнемделетін қаражат
3173,76747,09573,33
4463,36996,12532,76
6405,441494,181088,74
7463,361743,211279,85
8579,21992,241413,04

 

Ыстық судан үнемделетін қаражат

 

Отбасындағы адам саныСу есептеуіш құралмен, тгСу есептеуіш құралсыз, тгҮнемделетін қаражат
3555,442649,482094,04
41944,043532,641588,6
61666,325298,963632,64
71666,326182,124515,8
82499,487065,284565,8

 

Су есептеуіш құрал орнатылған жағдайдағы суық су мен ыстық судан үнемделетін қаражат

 

Отбасындағы адам саныСуық суға, тгЫстық суға, тгБір айда үнемделетін қаражатБір жылда үнемделетін қаражат
3573,332094,042667,3732008,44
4532,761588,62121,3625456,32
61088,743632,644721,3856656,56
71279,854515,85795,6569547,8
81413,044565,85978,8471746,08

 

Жасалған есептеулер нақты болу үшін келесідей шығындарды да еске алу керек: су есептеуіш құралдардың құнын, оны орнатуға жұмсалатын қаражат, пәтердегі су келетін құбырлардың саны (су есептеуіш құралдың саны). Сонымен қатар, су есептеуіш құралдың уақыт өте келе (4-5 жыл) ауыстыру керектігін ескеру қажет.

Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, есептеулер жасағаннан кейін ғана су есептеуіш құралдың тиімділігін анықтауға болады.

Менің сыныптастарымның қаншасында пәтерінде су есептеуіш құрал орнатылған?  Мұғаліммен бірлесе отырып, біз 5Ә  сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргіздік. [Қосымша 1]  Сауалнамаға төменде көрсетілген сұрақтар  енгізілді:

  1. Пәтерлеріңізде қанша адам өмір сүреді?
  2. Пәтерлеріңізде су есептеуіш құралдар орнатылған ба?
  3. Орташа есеппен айына қанша су жұмсайсыз?
  4. Пәтерлеріңізде су есептеуіш құрал неге орнатылмаған?

Суалнаманың  нәтижесін қортындылай келе:

Сауалнама жүргізілген отбасы саны — 15

Ыстық  суға су есептеуіш құрал орнатылған отбасы саны  — 7

Суық суға су есептеуіш құрал орнатылған отбасы саны  — 10

Су есептеуіш құралы жоқ отбасылар саны  — 5.

Әр отбасында айына орташа есеппен ыстық судың жұмсалуын қарайтын болсақ,  келесідей нәтиже аламыз: әр отбасы айына  6 м3 (адам санын ескермегенде) ыстық су жұмсайды.  [Қосымша 2] Егер қала нормативтерімен салыстырса  (3,2 м3   1 айда  1 адам басына), сонда отбасында ыстық су есептеуіш құралы болмаған жағдайда, қаншама артық қаражат төленетін байқауға болады.

Пәтерде су есептеуіш құралдың неге орнатылмағандығына көп отбасы жауап бермеді. Жауап бергендердің ішінде келесідей жауаптар болды: «қызмет көрсету өте төме», «қаражат жоқ», «орнатайын деп жатырмыз», «орнатқымыз келмейді».

Егерде олар қанша ақшаны артық төлейтінін білсе, мұндай жауаптар болмас еді деп ойлаймын.

Біз мұғалім екеуіміз суды үнемдеп қолдану тақырыбына есептер құрастырып, оны сыныптастарыма сабақта ұсынуды жөн көрдік. Мүмкін олар қызығушылық танытып, отбасыларына су мен қаражатты қалай үнемдеуге болатынын айтып баратын шығар.

1)     Отбасындағы әр адам күніне 68 л суды жуынуға жұмсайды. Отбасында 5 адам болса айына олар қанша литр су жұмсайды.

68*5= 340 литр су күніне

340*30= 10200 литр су айына жұмсайды

2)       Отбасыдағы әр ер адам суды ағызып қойып қырынғанда  49 литр су жұмсайды, ал суды ағызбай, стақанға су құйып  қырынса 18 литр су жұмсайды. Отбасында 2 ер адам болса,  суды ағызбай қырынғанда олар күніне неше литр су үнемдейді ?

49*2= 98литр су 2 ер адам суды ағызып қойып қырынғанда 

18*2= 26литр су 2 ер адам суды ағызбай қырынғанда

98-26=72литр су 2 ер адам суды ағызбай қырынғанда үнемдейтін су мөлшері.

3)      Отбасындағы қыз бала күніне кір жуғанда 37 литр су жұмсайды.Олар айына неше литр су жұмсайды?

37*30=1110 отбасы кір жуғанда айына жұмсалатын су мөлшері.

4)         Отбасындағы қыз бала күніне ыдысты жуғанда 64 литр су жұмсайды. Ал ыдыс жуатын машинамен жуса 25 литр су жұмсайды. Қыз бала ыдыс жуатын машинамен жуса неше литр су үнемдейді?

64-25=Күніне үнемдейтін су мөлшері.

5)        Отбасындағы әр адам тісін ысу үшін 26 литр су жұмсайды 4 адамды отбасы айына неше литр су жұмсайды?

26*4= 94литр су күніне жұмсайды.

94*30= 2820 литр су айына жұмсайды.

6)     Отбасыдағы әр адам күніне 97 литр суды шомылуға жұмсайды. Отбасында 4 адам болса олар айына неше литр су жұмсайды?

97*4=388 литр суды күніне жұмсайды

388*30=11640 литр суды айына жұмсайды       

                                                               Есеп-әзіл

Үйде су келетін 2 труба жарылды ыстық және суық. Ыстық су трубасынан  секундына 12 литр, ал суық судан  минутына 70  литр су ағады. Отбасының адамдары ыстық суға батама жоқ әлде суық суға бата ма?

 

 

 

 

Қорытынды

Жүргізілген зеріттеудің нәтижесінде:

1) қазіргі заманда ауыз судың тапшы болуының себебін анықтадық;

2) қала пәтерлерінде суды қалай үнемдеу керектігін білдік;

3) су есептеуіш құрылғылардың көмегімен суды үнемдеуге болатынын анықтадық;

4) болжамымызды дәлелдедік су есептеуіш құралды орнату отбасының бюджетіне тиімді екен.

Қазақта «судың да сұрауы бар» деген мақал бар. Түсіне білген адам мұның астарында үлкен мән жатқанын біледі. Су — Жаратқан иеміздің жан иесіне жер бетінде тіршілік етуі, өмір сүруі, қам-қарекетін жасауы үшін тартқан сыйы. Ол адамның қолымен жасалатын нәрсе емес. Алла тағаланың адам үшін жаратқан ұшан-теңіз байлығы болғандықтан, суды да қадірлеп, ықтияттап, бағасын түсініп, орнымен қолданып, әрі аялай білуіміз керек.

 

Қолданылған әдебиет пен ақпарат көзі

  1. Большая иллюстративная энциклопедия, Москва «Махаон», 2000 г.
  2. Детская энциклопедия «Что такое, кто такой?» Москва, Издательский дом «Современная педагогика» 2004 г.
  3. Энциклопедия «Сен білесің бе?», «Аруна Ltd» ЖШС.
  4. География энциклопедиясы, Москва «Росмэн», 2000 г.