Сыйлайық, достарым

Сыйлайық,  достарым

 


Сыйлайық,  достарым,

Ана мен әкені.

Қамқорлық жасайық,

Сәбиге мәпелі.

 

Сыйлайық,  достарым,

Әже мен атаны.

Ақылын тыңдайық,

Алалық батаны.

 

Сыйлайық, достарым,

Бауырың, туғанды.

Жолдасың етсеңші,

Білімді қуғанды.

 

Сыйлайық, достарым,

Дәстүрін ұлтымның.

Қолдан біз бермейік,

Намысын жұртымның