Өмір үшін күрес

 

Өмір үшін күрес


Кемтар адам:

Өз-өзіңді құртасың,

Таста мына бәлені.

Жігер-мінез танытып,

Баста өмір әдемі.

Нашақор:

Айту оңай өзгеге,

Шыдап тұра алмаймын.

Қоям деймін, бірақ та,

Өзімді-өзім алдаймын.

Кемтар адам:

Жақындарды зарлатып,

Қашанға дейін жүресің.

Қолға алып көрсеңші,

Біраз уақыт күресіп.

Нашақор:

Күрес дейсің қалайша,

Бір күннен ары аспасам.

Төзімім жетпей, тағатым,

Басынан қайта батасам.

Кемтар:

Мәңгілік емес, бұл дертің,

Қаласаң өзің, жоғалар.

Қалыпқа келер барлығы,

Түзеліп өмір, оңалар.

Нашақор:

Айтпашы, өтірік сөздерді,

Сендірме мені жалғанға.

Талай адам тырысып,

Дегенмен, құтыла алған ба?

Кемтар.

Қара менің халіме,

Мен өмірлік осылай.

Кеш емес қой, әлі де,

Қойсаңшы, жетер, досым-ай.

 

 

Нашақор:

Нашасыз өмір жоқ маған,

Өтінбе, мүмкін еместі.

Еш уақыт наша татпаған,

Жандарға бер кеңесті.

Кемтар:

Орныңда болсам, егер де,

Күресер едім аянбай.

Жүре алмаймын, онсыз да,

Қолыма таяқ таянбай.

Нашақор:

Кемтар менен нашақор,

Бірдейміз біз, бауырым.

Жол жоқ қайта шығатын,

Жүрсе де жүрек ауырып.

Кемтар:

Болашағың бар сенің,

Айтпа олай, өтінем.

Құтыларсың мынадан,

Болсаң егер өкінер.

Нашақор:

Өкінгенмен не болар,

Өткен қайта келмейді.

Денсаулықты баяғы,

Тағдыр маған бермейді.

Кемтар:

Мүмкін емес мұндайың,

Жықпа туын үміттің.

Қайрат барын өмірде,

Достым қалай ұмыттың.

Нашақор:

Қайрат бар деп ойлама,

Уланған мына санада.

Қайратым болса болаттай,

Бастар ем өмір жаңадан.

 

34

 

Кемтар:

Сонда да, достым, ойлашы,

Менен жақсы жағдайың.

Күресуді қоймашы,

Жақсы болар әрдайым.

Нашақор:

Кемтар болдым, мен де бір,

Дертінен құтыла алмайтын.

Тұтқынымын нашаның,

Қайғыға күнә жалғайтын



Кемтар:

Ашынба, ешбір мұңайма,

Басыңды төмен түсірме.

Не болса да, шыдай біл,

Өмірдің мәнін түсін де.

Нашақор:

Қорқамын, сенім жоғалған,

Өмірге деген болашақ.

Қалайша адам болармын,

Айуанмын, дұрыстап қарасаң.

Кемтар:

Бірінші қадам жасалды,

Мойындадың күнәңді.

Қорықпа, еркін бас алға,

Шаруа тап, саған ұнамды.

Нашақор:

Қолымнан түк те келмейді,

Не істерімді білмеймін.

Іздеймін, жұмыс табамын,

Бірақ, босқа жүрмеймін.

Кемтар:

Екінші қадам осында,

Бекіндің,  енді істейсің.

Нашақорлық жолына,

Достым, болды түспейсің.

 

 

35

Нашақор:

Шыдамдығым таусылса,

Бәрін қолға алармын.

Жақын туған бауырды,

Тағы әуреге салармын.

Кемтар:

Ұмыт наша дегенді,

Өмірді ойла болашақ.

Арманың бар кеудеңде,

Орындалар қаласаң.

Нашақор:

Дұрыс екен айтқаның,

Пайда болды сенімім.

Бұл жолымнан қайтқалы,

Шыңдала түсті төзімім.

Кемтар:

Үшінші қадам жасайтын,

Достым енді кез келді.

Жақсылық жаса басқаға,

Қара, өмір өзгерді.

Нашақор:

Шындығында  солай-ақ,

Достарым да көбейді.

Бұрынғыдай емеспін,

Жақсыға мені теңейді.

Кемтар.

Міне, бітті барлығы,

Кеңейді дүние тарлығы.

Кемтар емес нашақор,

Қылмаған мені тағдырым.

Көрер ем, өмір қызығын,

Сау болар едім, айығып.

Жаратқан, өтінем, көрмеші,

Үміттен жанды айырып.

 

 

 

36

 

 

Нашақор:

Өмір үшін жаралдым,

Қақым жоқ, оны құртуға.

Жақсыға бет бұрғалы,

Мереке,  әрбір күн туған.

Сезіндім ләззат шынайы,

Керемет көрдім басқаша.

Өмірім жаңа ұнайды,

Адаспаймын енді ешқашан