Жыла да, жылама

Жыла да, жылама

 


Жыла да, жылама,

Өмірім өтер деп,

Кеудеден шығып жан,

Көкке ұшып кетер деп.

 

Жыла да, жылама,

Үмітің алдаса.

Сабыр ет, жолдасым,

Басқа жол қалмаса.

 

Жыла да, жылама,

Қайғы-мұң басқанда.

Айта бер шындықты,

Ер, досым, жасқанба.

 

Жыла да, жылама,

Қастықты көргенде.

Жақсылық істей бер,

Жақсы іс өлген бе.

 

Жыла да, жылама,

Ар-ұят қысқанда.

Боларсың бақытты,

Сезімді құшқанда.

 

Жыла да, жылама,

Бәрібір пайдасыз.

Өткенге өкінер,

Адамдар, қайдасыз?