Көктем сәні
| Өткізген: | №30 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі:Махметова Карлыға Адайбекқызы | |
| Сабақтың тақырыбы: | Көктем сәні | |
| Негізгі дереккөздер | Ертегі Ана тілі 3 сынып 226-227 бет Интернет материалдары. | |
| Жалпы мақсаттар | Ертегі мазмұны арқылы көктемгі табиғаттың жылылық ерекшелігін аңғарту. Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларымен таныстыруды одан әрі жалғастыру; Ой-өрістерін, тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілеттрін, әдеби дүниетанымын дамыту. Табиғатты қорғауға, әсемдікті түсіне білуге тәрбиелеу. і жалғастыру;
| |
| Міндеттер | 1. Оқушылардың ертегіні оқып,талдауға деген қызығушылығын арттыру. 2. Мәтінге талдау жасағанда сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ету. 3. Топ мүшелері пікірлерін ашық айта білуге ,білімдерін бағалауға үйрету. | |
| Негізгі идея | Өзгерістерді енгізуде барлық оқушыларда байқалатын өзгерісті бақылау. | |
| Оқытудағы нәтиже | Оқыту үрдісіне енгізілген әдіс тәсілдер арқылы білім сапасының артуына қол жеткіземін. Берілетін ақпарат аясында оқушылар сыни ойлай отырып,қажетті білім –білік дағдысын игереді. Бірін бірі бағалай білуге,пікірін ашық,жүйелеп жеткізе білуге үйренеді. | |
| Күтілетін нәтиже | Оқушы қызығушылығы артады. Әдеби жанрларды ажырата біледі. Ой-өрісі, қабілеті дамиды. Эстетикалық талғам қалыптасады | |
| Тапсырмалар | «Бірлесіп жұмыс істеу» стратегиясы «Сауаттылықты ашатын хаттар стратегиясы» «Т-кестесі»стратегиясы «Соңғы сөзді маған қалдырыңыз» | |
| Уақыты | Жүргізілетін жұмыстар | |
|
| Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті |
| 1. Оқушылармен амандасады 2. Сабаққа қатысын тексереді 3. Сабаққа зейінін аударады | Мұғаліммен амандасады. Берілген фишкалар бойынша топқа бөлініп отырады. | |
| Қызығушылықты ояту | ||
| «Бірлесіп жұмыс істеу» Дайындаған ертегілер желісі бойынша орындалатын жұмыстармен таныстырады. | Үй тапсырмасы бойынша берілген өлеңдерін жатқа айтады. Жазған мәтіндері ,деректері бойынша пікір бөліседі. | |
| Мағынаны тану | ||
| «Сауаттылықты ашатын хаттар»стратегиясы
«Ертегі» кейіпкерлерінің іс әрекетін сипаттайтын үзінділер таратады.
«Т кестесі» стр
№1 тапсырма
1-топ. Ертегі түрін анықтау, дәлелдеу
2-топ. Мәтіннен Қызыл Кітапқа енген жануарлардың сөзін тауып оқу
3-топ. Мәтіннен аңдардың сөзін тауып оқу
| Мәтінен қалаған кейіпкерлері рөліне еніп, оқырмандарына хат жазады.
Мәтін кейіпкерлеріне хат жазады.
Келісу себептері:
Келіспеу себептері:
Өз пікірім: | |
| Сергіту сәті
| «Ертегілер »әнін тыңдату. | |
| Бекіту тапсырмалары
«Соңғы сөзді маған қалдырыңыз»
• Қандай шығармамен таныстық? • Қандай жанрдағы шығарма? • Кейіпкері кім? • Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады? • Өзіңе жыл мезгілдері ішінен қайсысы ұнайды? Несімен ?
Еркін жауап.Болжаңыз
· Аңдарды сипатта? · Ертегі неліктен «Көктем сәні» деп аталған? · Сіз ертегіні қалай аяқтар едіңіз?
| Оқушылар мәтінмен танысады.
Түйінді ой табылады,оған пікір жазылады.
Топта талқылайды.
Әр топ өздері таңдаған сұрақтары бойынша топта талқылап, қорғайды, Нақты мысалдармен дәлелдейді.
| |
| Рефлексия
| Бүгінгі сабақта ең маңыздысы не болды?
Қандай тапсырмалар ойыңа ой қосты деп ойлайсың ?
| |
| Бағалау
| Оқушылар түрлі түсті стикерлермен бағаланады | |
| Үйге тапсырма
| Мәтінді түсініп оқу. “Көктем” тақырыбына әңгіме жазу. Мәтін бойынша қалаған аңының суретін салу.
| |