Ине шанышқыш

Тақырыбы: Ине шанышқыш

Мақсаты:      1. Балаларды ине-жіппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін,қиялын дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге,еңбексүйгіштікке,еңбек қауіпсіздік ережесін ұстануға  тәрбиелеу.

Керекті құрал: Еңбек құралдары

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Мен инемін,инемін,

Қамқорымын түйменің,

Түйме түссе,қадаймын,

Жыртық көрсем жамаймын,

-Балалар бүгін ине шанышқыш  жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Тігіс түрлерін әліппе-дәптердегі суреттен және матан көрсету.Төртбұрышты етіп қиылған маталардан түстері бірдей екі матаны алып,теңестіруді ұсыну.Енді,ол маталардың шетінен бастап,біріктіріп тігу жолдарын көрсету.Инені шаншып,алға қарай жылжыту,мата шетімен түзу тігу жолжарын нақтылап,инемен жұмыс істеуде ережелердің қатаң сақталуын қадағалау.Ашық қалдырған бөлігінен мақта салып толтырады да, тігеді.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау  Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен, ине шаншитын жастықша тігеді,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

 

VII Бекіту

-Бүгінгі сабақта не жасадық?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

 

VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт