Ақ мамам

Тақырыбы:  Ақ мамам

Мақсаты:      1.Анаға деген сүйіспеншілікті әнмен жеткізе білуге  үйрету.Әннің сөзін және әуенін айтуды үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке,ананың ақ сүтін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:     Аналар,әжелер туралы иллюстрациялары,Отбасы мүшелері бар сурет.

Әдіс-тәсілі: әңгіме,ән айту

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

— Балалар ең қымбат,ең жақын адам кім бізге ?

-Ана.Өздерінің аналары жайлы әңгімелеп беруін сұраймын.

Ендеше балалар бүгін түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтінің нәрімен мәпелеген аналарымыз туралы әңгіме айтып, «Ақ мамам» әнін үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Ақ мамам

Нұрын төккен маған

Шуағымсың сен

Айналайын мамам қуанышыңмен

Шаттандырған мені жұбанышыңмен

Құттықтаймын сені

Туған күніңмен!

Ля-ля-ля

Аялаған мені

Ән қанатыңмен

Құттықтаймын сені салтанатыңмен

Бақытты ғой заман қандай көңілді

Мен тілеймін саған

Ұзақ өмірді

Ля-ля-ля

 

VI Бекіту

Ана деген біздің өміріміздегі ең қымбат,ең жақын адамымыз.Анамыз біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп,бізге қамқор болған жан.Ана деген құдіретті қасиетті адам.Анаға еш қашан дауыс көтеріп,сөз қайтаруға болмайды.Анамызды ешқашан ренжітпей керсінше көмекші,қорғаушы болуымыз керек.Өйткені анамыздан,әкемізден артық жан жоқ бізге.

Әнді әуенімен әдемі дұрыс орындауға  дағдыландыру.

 

VII Қорыту

1.Аналар мейрамы қай кезде болады ?

2.Аналар мейрамында балалар,әкелеріміз қандай сыйлық,тосын сыйлар жасайды ?

3.Сен анаңа көмектесесің бе ?

4.Анаң сырқат болып қалса сен не істейсің

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.