Мазмұнына сәйкес сурет салу

Тақырыбы: Мазмұнына сәйкес сурет салу

Мақсаты:1.Балаларға жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісінің кейіпкерлерінің суретін салып үйрету.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісінің  суреті

Керекті құрал:Қарындаш,өшіргіш,түрлі-түсті қарындаш,сурет дәптер

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме,практикалық

Сабақ түрі:жаңа сабақСабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезең

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

Балалар жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісінің  кейіпкерлерінің суретін саламыз

V Жаңа сабақ        Жыл басына таласқан хайуанаттар

Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты.

Жылқы айтыпты:-Мен алысты жақын қыламын.Күшімді болса көреді,сүтімді болса ішеді,қылымнан арқан жіп еседі.Адамға менен пайдалы мал жоқ,жыл басы мен броламын.

Сонда түйе оған:-Сен адамның жұмысын қылсаң,мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп,неше айшылық алыс жерлерге барамын.Аш болдым деп арпа,сұлы сұрамаймын.Көде болса,көде,жусан болса жусан жеп жүре беремін.Жыл басы болуға мен лайық –дейді.

Сйыр тұрып:-Адам егін ексе,жер жыртса,мен керекпін.Олар сүт ішеді,құрт майымды жейді.Жыл басы болу маған лайық,-дейді.

Сонда ит:-Мен болмасам,сендердің бәріңді не ұрылар ұрлап,не қасқыр жеп тауысар еді.Мен сендердің басшыларыңды көзден  таса қылмай бағып жүрген бақташымын,дұшпан көрсем,үріп,абалап,иеме хабар беремін,-дейді мақтанып

Әтеш те қарап тұрмай:-Жыл басы болуға мен лайықтымын.Мен болмасам адам ұйықтап қалар еді.Мен таңертең тұрып,таң атты деп хабар беремін.Кеш болса,жатар мезгіл болды деп ескертемін,-дейді.

Тышқан бір қулық ойлап,жиналған көпке былай дейді.

-Бұл таластан ешнәрсе өнбес.Жылды қарап тұралық,кім бұрын көрсе,сол жыл басы болсын.Тышқан түйенің басына шығып,содан күннің шығуын бірінші көріпті.

-Алақай мен көрдім,мен көрдім!- деп айқай салады.Басқалары ұйықтап күннің шығуын көре алмайды.Сөтіп тышқан жыл басы болыпты.

Сурет дәптерлеріне түйенің,тышқанның,әтеш,жылқы, ит,қойдың суретін салу жолын түсіндіру.Түйені қоңыр,тышқанды сұр,қойды ақ,жылқыны қоңыр,итті қара,әтешті әр түрлі түспен бояу ұсынылады.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Себетке оны салайық

VI Пысықтау

Практикалық жұмыс: Оқушылар көрсетілген үлгімен ертегі кейіпкерлерінің суретін салады.

VII Бекіту

-Тышқан не дейді?

-Жылқының сөзін еске түсірейік.VIII Бағалау Жақсы қатысқан баланы мадақта