Тақпақ жаттау

Тақырыбы: Тақпақ жаттау

Мақсаты: 1. Үй жануарлары туралы тақпақ жаттату.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,тіл байлығын  дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,табиғаттың бір бөлігі жагнуарларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Бекіту сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар үйлеріңде қандай жануар бар?

-Бүгін сол үй жануарлары жайлы тақпақ жаттаймыз.

 

VI Бекіту

Шөре,шөре лағым                                  Қара көзің мөлдіреп

Тентек болма шырағым.                        Қызықтырмай қоймайды.

Секеңдемей деміңді ал.                         Жылтыңдаған жұлдызым

Селтеңдемей құлағың                            Қарасаң көзің тумайды.

 

Құлыншағым құндызым                       Маң-маң басқан,маң басқан,

Құлдырайды шабады.                          Шудаларын шаң басқан

Жылтыңдаған жұлдызым                     Екі өркешін қоң басқан

Құстай қанат қағады.                           Ала бота,теріскен,

Тілін тікен теспеген.

Мұрындығы келіскен.

Бұл қай жануар?  (Түйе)

Түйенің төлі-ботақан,бота

Қойдың төлі-қошақан,қозы

Ешкінің төлі-лақ

Жылқының төлі-құлын

Сиырдың төлі-бұзау  деп аталады.

Сергіту сәті:          Секең-секең ей лақ

Жүрмін саған келіп –ақ

Тыным тапсаң болмай ма

Секірмей-ақ кей уақ

 

VII Қорыту

-Үй жануарларына не жатады?

-Оларды қалай күтеді?

-Олардың пайдасы қандай?

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау