Етістіктен өткенді қайталау.
Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: ойлау,сөйлеу,қабылдау қасиеттерін жетілдіру,дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа,жауапкершілікке,тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау,жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдату, т.б.
Сабақтың жабдығы: Тақта, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөлу(қызыл үстел,көк үстел,сары үстел, жасыл үстел)
II Ой қозғау
«Сұрақ — жауап» арқылы алған білімдерін еске түсіріп, жинақтап алу.
Сұрақтар:
1.Етістік дегеніміз не?Мысал келтір.
2.Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
.3.Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4.Салт, сабақты етістіктерді қалай ажыратамыз?
5.Қимылдың ,іс-әрекеттің атауы болып,жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын қандай етістік?
6.Әрі есім сөздің, әрі етістіктің қызметін атқаратын қандай етістік?Оның түрленуі.
7.Кейде іс-әрекетті білдіретін, кейде іс-әрекеттің әр түрлі амал тәсілін білдіретін етістіктің ерекше түрі не?Ол қалай жасалады?Түрленуі ше?
8.Етістіктің шақтары нешеу?Қанда?
9.Етістіктің райлары нешеу? Қандай, қандай ?
10.Етіс түрлері нешеу?
11.т.б. сұрақтар.
III.«Түртіп алу» стратегиясы.
Мәтінді оқығанда,ондағы етістіктің түрлерін танып,дәптерлеріне
теріп,жазып алу керек. Кім қанша етістік жазып алды? Әр топ өздері жазып алған етістікті құрамына қарай (морфологиялық) талдау жасайды.
«Мәди»
Байлықтың зорлығы мен кедейліктің тарлығын көріп, ширағып өскен Мәди бұғанасы қатып,жігіт атанған кезден-ақ тізе батырған жуандардан кек ала бастады.Сол үшін оны байлар сан рет түрмеге де жаптырды.
Жасынан домбыра тарту,ән айтуға бейім болған Мәди ақындық, композиторлық өнерді өзінің жан серігіне айналдырды. «Қарқаралы», «Шіркін-ай», «Қаракесек», «Үш қара», «Сәулем-ай», «Туған ел» атты әндері ел арасына кеңінен тарады. Халқының сүйікті әншісі болды.
Мәди он саусағынан бал тамған өнерлі адам болды: домбыра, қобыз шауып, зерлеп, ер -тұрман жасады,кісен соғып, ою ойып, қыз- жігіттің киім үлгілерін пішті,жездеп биік өкше етік тікті. Мәдидің асқақ әндері бүгінгі ұрпаққа мұра боп қалды. («Қазақ әдебиеті» )
IV.Кестедегі етістіктерді қосу таңбасы арқылы анықта.
«Қызыл үстел » тапсырмасы
Етістік | Болымсыз | Көсемше | Шартты рай | Есімше |
тығылмай | ||||
қағып | ||||
жүрсе | ||||
зерлеп | ||||
табар | ||||
қуатын |
« Көк үстел » тапсырмасы
Етістік | салт | сабақты | есімше | Көсемше |
естген | ||||
болмақ | ||||
Көргенде | ||||
жарасар | ||||
жасайды | ||||
соқпақ |
« Жасыл үстел » тапсырмасы
Етістіктерді | Жедел өткен шақ | Жіктік жалғауының ІІІ жақ | Қалау рай | өзгелік етіс |
айтқым | ||||
барды | ||||
келді | ||||
жаздыр | ||||
оқытты | ||||
Көрсеткіз |
« Сары үстел » тапсырмасы
Етістік | септік | Тәуелдік | Жіктік | Көптік |
оқуға | ||||
келгендер | ||||
барамыз | ||||
Көргеніміз | ||||
ойнайды | ||||
қашқанмен |
- «Уа,туған жер,топырағыңнан жаралдым» деген Әбу Сәрсенбаевтың өлеңінің кейінгі үш тармағын өзің құрастырып көр.
Уа,туған жер, топырағыңнан жаралдым,
(Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай ,таңғы жұпар самалдың.)
VI.Сөйлемнен етістікті тауып, оған морфологиялық кешенді талдау жаса:
«Қызыл үстел » тапсырмасы : Асқар тау алыстан көрінеді.
«Жасыл үстел » тапсырмасы : Ақыл – тозбайтын тон ,
Білім — таусылмайтын кен.
« Сары үстел » тапсырмасы : Еріншектің ертеңі бітпес.
« Көк үстел » тапсырмасы : Жақсының қасиеті — жарастыру.
VII.Сабақты жинақтау, бекіту. Топтастыру.
VII.Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
Мәтін құрау. «Қыс»