Әл-Фараби шығармаларының тәрбиелік мәні
Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби шығармаларының тәрбиелік мәні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Әл-Фараби шығармаларының тақырыптарына тоқталу,талдау,өлеңдерінің тәрбиелік мәнін айқындау;
Дамытушылық:оқушыны өз пікірін,ойын жеткізе білуге баулу,сөздік қорын молайту,өз-өзіне баға бере білуге үйрету;
Тәрбиелік:отансүйгіштікке,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:үлестірме қағаздар,кестелер,плакат,ақын суреті.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,зерттеу әдісі,шығармашылық жұмыстар.
Пәнаралық байланыс:орыс тілі,тарих пәні.
Сабақ барысы:
І.Мотивация
1.Ұйымдастыру кезеңі(оқушыларды түгендеу)
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтар қою
а)Әл-Фараби кім?
ә)Әбу Насыр Әл-Фарабидің қандай ғылыми зерттеу еңбектері бар?
Үйге Әл-Фараби жайлы қосымша мәліметтерді жинап,ізденіп реферат жұмысын тапсырған болатынмын.Қане,осы оқушыларға сөз берейік.
б)Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыптарын атаңдаршы?
в)Әл-Фараби өлеңдерін жатқа сұрау
ІІ.Реализация
Жаңа сабақ
Әл-Фараби шығармаларының тақырыптарын атап,оларға мысал келтіріп кеттік.Ендеше, бүгінгі тақырыбымызға байланысты ақын өлеңдеріне зерттеу,талдау жұмыстарын жүргіземіз.
Кестемен жұмыс.
Өлеңнің басты тақырыбы | Тақырыпты ашып тұрған шумақ | Өлең құрылысы | Оқушының ой-тұжырымы |
Осы талдау жұмыстарының нәтижесінде қандай қорытындыға келдік?Әл-Фараби шығармалары бізге қандай тәрбие береді?
Топтастыру әдісі бойынша кластер жасау.
Осындай тәлім-тәрбиеге баулып отырған ақынның бойында қандай қасиеттер бар?
Салыстыру кестесімен жұмыс жүргізу.(ақын бойындағы қасиеттерді және өз бойындағы қасиеттерді салыстыру)
Өзің атаған қасиеттеріңді пайдаланып, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беріп көріңдерші.
Шығармашылық жұмыс.
Құпия хаттарға жауап беру.Оқушылар өз ойларын ортаға салып,кеңес береді.
ІІІ.Рефлексия
Қорытынды сөз.
Үйге тапсырма.
Бағалау.