Топтау сан есімі

Сабақтың тақырыбы: Топтау сан есімі

Сабақтың мақсаты:

             білімдік: оқушыларға топтау сан есімі, оның жасалу жолдары мен түрлерін меңгерту.

            тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрін қастерлей білуге, оны орынды қолдана білуге тәрбиелеу.

дамытушылық: оқушылардың  ізденісін, шығармашылық  дағдысын дамыту.

Сабақтың  түрі: той  сабақ.

Сабақтың  типі: жаңа  білім  беру.

Көрнекілігі: плакат, мини  тест, кеспе  қағаздар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру  сәті.

– Балалар, біздер бүгін үлкен тойға жиналып  отырмыз. Тойдың иесі – мен, ал сіздер – менің қуанышымды бөлісуге келген құрметті қонағымсыздар.Халқымыздың салты бойынша тойға келген қонақтар үйге шашу шашып кіреді. Сіздер бұл тойға біліммен шашу шашасыздар.

        Шашу —  Үй тапсырмасын тексеру. Кеспе қағаздарға жазылған сұрақтар:

1.Болжалдық сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

2.Болжалдық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

3.Болжалдық сан есім құрамында қандай жалғау кездеседі?

  1. 271-жаттығуды талдату арқылы материалды пысықтату.

Міне, құрметті қонақтар,білім шашуларыңызбен төрге шықтыңыздар.

        Тойбастар. Той дастарханынан дәм тату басталады. Ол үшін дәптерлеріңізді ашып, күннің жадын жазып қойыңыздар.

Салтымыз бойынша үй иесі қонақтарға құрмет көрсетуі тиіс.Сол құрметтің бірі – ауылдың алты ауызы.

 Ауылдың алты ауызы – Жаңа сабақ.

Ауылдың алты ауызына мен сіздерге «Топтау сан есімін» ұсынамын. Біздің сыныпта жиырма бес оқушы бар. Озат оқушы саны – жетеу.Әр сыныпта жиырма бес – отыздан оқушы бар. Біз бес-бестен бөліндік.

  • Қай  сөйлемде сан нақты?  Сызба арқылы жұмыс.

Сұрақтары: қаншадан? Нешеден?

Дара сан есім+шығыс септік жалғауы. Қонақтарды жиырмадан бөлдік.

Жасалуы

Қосарлы сан есім+шығыс септік жалғауы. Олар екі-екіден ән салды.

Түрлері:1).Дара – бестен, мыңнан, алпыстан.

2)Күрделі – жиырма бестен, жүз елуден

3)Қосарлы – алпыс-жетпістен, он-он бестен.

Ал, құрметті қонақтар, ауылдың алты ауызы осымен тәмам.Енді кезек Қонақ кәдеде.

   Қонақ кәде – жаңа сабақ бойынша жұмыс.

  1. Топтау сан есім дегеніміз не? Сұрақтары.
  2. Топтау сан есім қалай жасалады?
  3. 272 – жаттығуды екі балаға тақтаға орындатамын. Қалған оқушылыр дәптермен жұмыс жасайды.

Ал, енді, тойшы қауым, қонақ кәдені абыроймен орындап шықтыңыздар. Енді ұлттық ойындар кезегі күтіп тұр. Бүгінгі тойға тұлпарын баптап әкелген бір топ қонақтар бар екен. Олар бәйге додасына түсіп те кетті.

   Бәйге – мини тест.

  1. Қаншадан, нешеден деген сұрақтар қандай сан есімнің сұрағы?

а) есептік

ә) болжалдық

б) топтау

  1. – ыншы, — інші жұрнағы арқылы қандай сан есім жасалады?

а) топтау

ә) реттік

б) есептік

  1. Қайсысы топтау сан есім?

а) оныншы

ә) мыңдаған

б) сексеннен

Ал енді сәйгүліктер мәреге жеткенше біз де қарап отырмалық. Жамбы атуға шығамыз.

Жамбы – шығармашылық жұмыс. Ұйқасын тап:

Қызықты той тойладық ретімен,

Көп болды ілгеніміз бұл жетіден

Айлы кеш алтыбақан аясында

Ән салдық тербетіліп …                               (екі – екіден)

   — Ендігі тамаша – Көкпар сайысы – сабақты бекіту.

273 – жаттығу (ауызша орындау).

1) реттік сан есім жасау.

2) болжалдық сан есім жасау.

3) топтау  сан есім жасау.

Той иесінің ризашылығы – сабақты қорытындылау.

Мүше беру – оқушы білімін бағалау.

Той тарқар – үй тапсырмасын беру.       № 3. Топтау сан есім.        274 – жаттығу.

Той батасы.

Көкірегі ояу, көзі ашық білімді болыңдар,

Үйреткенді ұғып алар ілімді болыңдар.

Ойларыңды іркілмей айтар батыл болыңдар

Білімге құштар, ақыл болыңдар.

Тіліңде қандай заңдылықтар бар

Біліп алу – парыз, жақын болыңдар

Ұлтыңды сүйер намысты болыңдар,

Білім жолында табысты болыңдар! – деп сабақты аяқтаймын.