Сан есімнен өткенді қайталау
Қазақ тілі, 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сан есімнің мағыналық, құрамдық түрлерін, түрленуін сөйлемдегі қызметін, емлесін қайталау.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттырады, танымдық ізденімпаздылығын қалыптастырады.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу,табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың міндеті: Сан есімнен алған білімдерін жинақтайды, қорытындылайды. Өмірде керек жерінде сан есімдерді пайдалана алады.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, кесте, асық, түрлі-түсті суреттер.
Сабатың түрі: қайталау, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, математика, жаратылыстану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау.
Қызығушылығын арттыру
І.Асық арқылы сұрақтарға жауап беру.
- Сан есім деген не?
- Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Сан есімнің емлесі жайында не білесің?
- Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
2.Семантикалық карта
мысалы | дара | күрделі | есептік | реттік | жинақ тық | топтау | болжал дық | бөл шектік |
жетеу | ||||||||
мыңдаған | ||||||||
екі-үш | ||||||||
алтыншы | ||||||||
жүз | ||||||||
бестен төрт |
- Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, мағынасын, құрамын ажыратыңдар
- Ер……рет өледі, қорқақ……..рет өледі.
- Қызға……….. үйден тыю.
3………жүйрік,……….тұлпар шығады.
- Білекті…………..жығады, білімді……….. жығады.
- Сөзжұмбақ шешу
О | е | т |
Н | к | ө |
Б | і | р |
Е | л | т |
С | ү | ш |
- Мәтінді оқып, сан есімдерді жазбаша жазып, түрін ажырату.
Әлемде көптеген жануарлар бар. Біздің планетамыздағы ең ірі жануар – көк кит. Жер бетіндегі ең ірі, ауыр салмақты жануар – піл. Зіл – пілден кейінгі ең алып жануар. Оның салмағы – 3,5 тонна, күндік азығы — 70кг. Әлемдегі ең биік жануар – керік, оның бойы 5-6 метр. Ең жүйрік құс – африкалық түйеқұс. Ал құстардың ішіндегі ең кішкентайы – колибр. Оның салмағы – 1,5 грамм.
- «Сөз мәнісін байқайық» ойыны
Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр? Жауабы: 3 адам
- «Өзім де құр қалмадым» ойыны
Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды, немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетпейді. Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табаққа салып әкелген алмасы нешеу болғаны? Жауабы: 3 бала, 4 алма
Үй тапсырмасы: Құрамында сан есімдері бар бес мақал-мәтел, бес жұмбақ жазып, сан есімдерге талдау жасау.
Білімдерін бағалау.