Тіл дамыту. Ұлттық тағамдар.7-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Ұлттық тағамдар.7-сынып.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағам түрлері жөнінде мағлұмат беру.
2.Дамытушылық:оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу,жазу дағдыларын қалыптастыру.Зат есімнің септіктерін,етістіктің шақтарын қайталау.
3.Тәрбиелік:Қазақ халқының дастарқанын,ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,СТО-ның элементтері,топтау,суретпен жұмыс,әңгімелеу,ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,ұлттық тағамдардың суреттері,”Қазақтың дарқан дастарқаны”атты кітап,сызбалар,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру сәті.
Сәлемдесу (оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру):
Диалог”Кезекші”.
II.Үй тапсырмасын тексеру (4-тапсырма.Жұмбақтарды жатқа сұрау)
III.Негізгі бөлім.
Мұғалім сөзі :-Кешегі сабақта не туралы айттық?Нан тағамдары туралы.
-Қандай нан тағамдарын білеміз?
-Қандай мерекелерде осындай тағамдар дайындаймыз?
-Наурызды қалай қарсы аламыз?
Оқушы:-Ұлттық киімдерді киеміз,мерекелік шаралар болады,әр түрлі тағамдар дайындалады.
Мұғалім: -Ал осы тағамдарды бір сөзбен қалай айтуға болады?
Ұлттық тағамдар немесе қазақ халқының ұлттық тағамдары.
1).Жаңа тақырыппен жұмыс.
Фонетикалық сәт.
(Дәптерді ашып,бүгінгі күнді жазамыз)
Біздің бүгінгі тақырыбымыз:Ұлттық тағамдар
Мұғалім:-Тақырыбымыздағы қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңдар(ауызша).
Ұ-дауысты,жуан,қысаң,еріндік.
Қ-дауыссыз,қатаң.
Ғ-дауыссыз,ұяң
(Оқушылар талдауды дәптерлеріне жазып алады. )
2)Топтастыру
Мұғалімнің әңгімесінен кейін оқушылар кеспе қағаздарды алады да,’’Өз орнын тап’’ойынын ойнайды.Бұл жерден СТО-ның топтастыру әдісін көруге болады.Тақтада жазылады.
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
Сүттен жасалатын тағамдар | Еттен жасалатын тағамдар | Ұннан жасалатын тағамдар |
1.Сүт 2.Қымыз 3.Шұбат 4.Ірімшік 5.Уыз 6.Май 7.Балқаймақ
| 1.Қазақша ет 2.Шұжық 3.Қуырдақ 4.Қазы,қарта 5.Сүр ет 6.Бүрме 7.Кеспе | 1.Нан 2.Шелпек 3.Таба нан 4.Күлше 5.Бауырсақ 6.Құймақ |
3)Жаңа сөздермен жұмыс .Сөздік тақтада және дәптерлерге жазылады.
Құймақ-оладьи-не?
Суытпай-не охлаждая-қалай?
Жұмсақ-мягкий-қандай?
Қарттар-пожилые-кімджер?
Сұйық-полужидкое-қандай?
Пайдалы-полезен-қандай№
(Сөздерге сұрақтар қойылады.Сөз құрамына және сөз таптарына талданады.Сөздердің синонимін,антонимін табуға әрекеттенеді.)
4)Мәтінмен жұмыс(мәтінді оқушы оқып шығады,түсінбеген сөздер орысшаға аударылады,тапсырмаларды орындаймыз).Әр қатардан бір-бірден оқушы шығып,тақтада орындайды.
Құймақ
Құймақ-ұннан жасалатын тағам.Ол тез піседі,суытпай,жылы күйінде өте сіңімді әрі дәмді болады.Тілге дәмді,тіске жұмсақ,бұл дәм-қарттар мен балалардың сүйікті асы.
Ұнға жұмыртқа,қант,май,сүт қосып араластырып,сұйық күйінде қазандағы немесе табадағы ыстық майға пісіріледі. Қазанға немесе табаға сұйық күйінде құйылатындықтан,ол жұқа әрі дөңгелек болып піседі.Құймақ өте дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам.
Тапсырмалар:
1-қатарға
1.Зат есімдерді теріп жазу.
- «Құймақ», «сүт»деген зат есімді септеу.
- «Пісіру» деген етістікті өткен шақта жіктеу.
2-қатарға
1.Сын есімдерді теріп жазу.
- «Ұн», «тіл» деген зат есімді септеу.
- «Жасау» деген етістікті осы шақта жіктеу.
3-қатарға
1.Мәтіннен етістіктерді теріп жазу.
- «Қант», «дәм» зат есімдерді септеу.
- «Болу» деген етістікті келер шақта жіктеу.
IV.Жаттығулар жұмысы.4-тапсырмамен жұмыс.Ойын ойнау. «Менің әртістік қабілетім» Топтар жарысы.
Берілген мәтінді рөлдерге бөліп оқиды.Мәтінге ат қойылады.Қай топтың ойлаған аты ұнаса,сол ат дәптерге жазып алынады.
V.Қорытынды.
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сабағымызды 5-тапсырмада берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіну және олардың мағынасын ашу арқылы аяқтаймыз.Әр қатардан бір оқушыдан мақалдар кезек оқылады.Мағынасы түсіндіріледі.
1.Ауруға ем,сауға қуат-дәрі қымыз.
2.Нан бар жерде жа бар.
3.Дәнді шашпа,нанды баспа.
4.Жерде жатқан бидай дәнін көрсең,түйенің үстінен еңкей де,теріп ал.
-Тағы қандай тағам туралы мақал-мәтелдер білесіздер?
VI.Үйге тапсырма: «Наурызкөже» мәтінін түсініп оқу.Мақал-мәтелдерді жаттау.Оқушыларды бағалау.