Қазақ сазгерлері.

Қостанай облысы, Қарасу ауданы,

«Октябрь орта мектебі» ММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қожахметова Ақжібек Мырзалықызы.

Күні: 12.01.2015 ж.

Сынып: 7 «Б» сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ сазгерлері.

Сабақтың мақсыты.Білімділік: қазақ халқының атақты сазгерлерінің өмірі туралы мағлұмат алып, олардың шығармашылығымен танысу.

Дамытушылық: сабақтың жаңа сөздерін мңгеру, сөйлем ішінен септік жалғауларын дұрыс тауып, сөздік қорды дамыту.

Тәрбиелік: қазақ халқының сазгерлерінің күйлерінің мазмұнынына назар аударып, рухани тәрбие беру. Мейірімділікке, сезімталдыққа, қайырымдылыққа, жігерлі, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың формасы: топтық, жекелей.

Әдіс-тәсілдер: дамыта-оқыту технологиялары, ақпараттық технологиялар.

Пәнаралық байланыс: ән-күй сабағы, қазақстан тарихы, әдебиет.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, видеоақпарат, музакалық аспапатардың үні, сабаққа қатысты күйлер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.
  2. Күн тәртібі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Халық күйлері» мәтінінің мазмұнын айту. 134 бет.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақты Құрманғазының «Адай» күйімен бастау.

Сабақта қажет жаңа сөздермен жұмыс.

Әр күйші композитордың өмірінен мағлұмат беру. (слайдтар көрсетіліп отырады).

  1. Құрманғазы Сағырбаев – қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық аспаптар музыкасының алыбы әрі классигі. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті.

Құрманғазы «Алатау», «Сарыарқа», «Адай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Балбырауын»  сияқты күйлер шығарған. Бұл күйлерінді күйші халықтың арманы, қажымас қайрат-жігерін суреттеген.

Хамит Ерғалиев «Құрманғазы» атты поэма жазды. М. Кенбаев Құрманғазының портреттік бейнесін жасады.

Алматыда Қазақтың академиялық халық аспаптары оркестрі, консервотория, көне музыка мектебі Құрманғазы есімімен аталады.

  1. Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Атақты домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.

8-9 жасында домбыраны тартуды үйренген. 1870 жылы Құрманғазымен кездескен. Кейін Құрманғазының шәкірті атанған.

Динаның күйлері – «Байжұма», «Бұлбұл», т.б.

1937 жылы Халық өнерпаздарының байқауында 1-жүлдеге ие болған.

1979 жылы Мәскеуде Халық музыкалық аспаптарында орындаушылардың бүкілодақтық байқауында 1-орын алған.

1955 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.

  1. Ахмет Жұбанов – қазақ композиторы, музыка зеттеушісі, Қазақ КСР халық әртісі (1944 ж.), Қазақ КСР Ғылым академиясының аккадемигі (1946 ж.), профессор (1948 ж.).

Ол Санкт-Петербургтегі М.И. Глинка және А. Н. Римский-Корсаков атындағы консервоторияда оқыған.

1934 жылы Алматыда қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырған. А. Жұбанов қазақ халық музыкасынының тарихын зерттеген. Оның «Абай», «Құрманғазы», т.б. зерттеу еңбектері бар.

  1. Мұқан Төлебаев – композитор, КСРО Мемлекеттік сыйлйғйнйң лауреаты (1949 ж.), КСРО халық әртісі (1959 ж.) .

Мұқан Төлебаев 1913 -1960 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол 1942 -1944 жылдары қазақтың халық аспаптары оркестрінің дирижері болды.

Композитордың шығармашылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында қалыптасты.

Оның «Таня туралы ән» (Зоя Космедемьянскаяға арналған), «Амангелді» операсы, «Кестелі орамал», т.б. әндері бар.

Мұқан Төлебаев драмалық спектакльдерге, кинофильмдерге арнап музыка жазған.

 

134 беттегі диалогты оқу және аудару.

«Ақсақ құлан» күйінің тарихы баяндалады.

Бейнекөрнекілік. «Ақсақ құлан» мультфильмі көрсетіледі.

Көрсетілген материал бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. Хан уәзірлеріне қандай тапсырма береді?
  2. Ханның баласына не болады?
  3. Қайғылы хабарды ханға кім естіртеді?
  4. Кедей хабарды қалай естіртеді?
  5. Ханның бұйрығы қандай болды?
  6. Сонда сөзбен айтатынды күймен де жеткізуге болатындығы айқын көрсетілген.

ІV.    4-тапсырманы орындау. 135 бет.

Алдын-ала дайындалып әкелінген флипчартта сөйлемдердегі сөздерді дұрыс орналастырып, септік жалғауларын анықтау.

Келесі флипчарттағы тапсырма. Сөздерге буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар жалғап, олармен сөйлем құрастыру.

Сөздер: домбыра, өнер, мұра, күйші, Құрманғазы Сағырбаев, композитор.

 

Оқушылар оркестрлік, жекелей орындалуда естіген аспаптардың үнін табиғи күйінде естулері мақсатында мектеп домбырашысын шақырту.

Дина Нұрпеісованың домбырамен орындалған күйі тыңдалады.

 

  1. Сабақты бекіту: Құрманғазының оркестрлік орындалатын «Алатау» күйін тыңдау. Өткен сабақтарда алған білімдерімен ұштастырып, музыкалық аспаптардың түрлеріне тоқталу. Әр музыкалық аспаптың үнін тыңдату (бейнекөрнекілік).

 

  1. Қорытынды: интерактивті ткақтада Aktivote әдісімен тестілеу.

Рефлексия. Оқушыларға сабақтан алған әсерлері жайында сұрақтар қою.

VII. Бағалау. Оқушыларға тиісті бағаларын қою.

Үйге тапсырма: «Қазақ сазгерлері» тақырыбына диалог құрастыру.