Етістіктің шақтары. Осы шақ.
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары. Осы шақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің түрленуі туралы мәлімет беру, етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету, шақ түрлерінің бір – бірінен айырмашылығын таныту. Берілген сұрақтарға толық, анық, нақты жауап беру. Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру.
Тәрбиелік: жан – жақты дамуға адамгершілікке, бірлікке баулу.
Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау, машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту. Талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Етістіктің шақ категорияларын ажырата біледі. Осы шақтың түрлерін және оның жасалу жолдарын анықтай алады.
Сабақтың ресурстары: кестелер, кубик, «түймедақ сұрақтары», сурет, кластер, бағалау парақшалары
Сабақтың әдіс-тәсілі: миға шабуыл, «бақытты сәт», “Insert”, «блумның сұрақтары», эссе, «домино» ойыны
№ | Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Модульдер | ||||||
1. | Тренинг «Қуаныш сыйлау» | Тақтада тұрған сөзді оқытады | Тақтадағы сөздерді оқиды, бір-біріне күлімсіреп қарайды. | Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер | ||||||
Өткен материалды тексеру /үй жұмысы/ «Бақытты сәт» ойыны |
Оқушыларды ойынның шартымен таныстырады. Жауаптардың дұрыс болуын қадағалайды. | Шеңберде тұрып, кубиктің көмегімен таңдаған сектордағы бір сұрақты алып жауап береді №1 сұрақ – 1 ұпай №2 сұрақ – 2 ұпай | Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер СТО Дарынды және талантты б/ж | |||||||
2. | Жаңа сабақ Тақырыпты ашуға арналған тапсырма «Миға шабуыл» | «Республика! Ерікті ел – Қазақстан! Келді ақыры көп күткен жаз алыстан /өткен шақ/ Келді аңсатып, алыстан армандатып /өткен шақ/ Торды бұзған мен де бір мәз арыстан /Осы шақ/ »
| Тақтада берілген сөйлемді оқып шығып, етістіктердің айырмашылығын табу керек /ауызша жауап береді/ | СТО АКТ Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері Диологтік оқыту
| ||||||
3. | “Insert”әдісі арқылы сабақтың мақсатын анықтау |
Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты қандай білімдері бар, сабаққа қандай мақсат қоятының анықтайды | Берілген кестені толтырады | Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер СТО Дарынды және талантты б/ж Диалогт.оқыту | ||||||
4. | Топтық жұмыс
«Домино» ойыны
Кесте толтыру ережеге байланысты /шың кітабынан/ | Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін, топтағы жұмысты қадағалайды, бағыттайды. І топ-осы шақ ІІ топ – өткен шақ ІІІ топ – келер шақ Топтағы әр оқушының жұмысын қадағалайды. | Оқушылар түстер арқылы топқа бөлініп, үш топ құрайды. Әр топтың үстелінің үстінде тұрған гүлдің бір жапырағын алып сонда берілген сұраққа жауап береді. Соның негізінде берілген сұрақты толықтырады. | Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер СТО Дарынды және талантты б/ж | ||||||
5. | «Блумның түймедағы»
| Топтағы әр оқушы түймедақтың бір жапырағын алып толтырғанын қадағалайды.
| Осы шақтың түрлерін ажыратып, олардың жасалуын айтады, мысал келтіреді | СТО Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
| ||||||
6. | Жазбаша жұмыс 114-жаттығу | Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалайды | Нақ осы шақты ауыспалы осы шаққа айналдырады, жаттығуды тексереді | СТО | ||||||
Сергіту сәті
| Оқушылар биді орындайды | Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер | ||||||||
7. | Шығармашылық жұмыс /суретке қарап, шағын әңгіме құрастыру/ | Тапсырманың дұрыс орындалуына бағыт-бағдар береді | Берілген суретке етістіктің шақтарын қосып шағын әңгіме құрастырады. | СТО АКТ Дарынды және талантты б/ж Жас ерекш. | ||||||
8. | Сабақты қорыту «Кластерді түзет» Тақтада шығып, түзету қажет | Бақылайды, бағыттайды | Тақтадағы қате кластерді шығып түзетеді, сабақ бойы өткенді қорытады. | СТО | ||||||
9. | Бағалау /бағалау парақшаларын жинап, сумативті бағаны қою/ | Алған ұпайларын қосып, сумативті бағаны қояды | Алдарында жатқан парақтардағы ұпайларды есептейді | Бағалау | ||||||
10. | Рефлексия «аяқталмаған сөйлем» | «Аяқталмаған сөйлемдері» бар карточкаларды беріп сабақтан қандай әсер алғандарын анықтайды. | Сабақтан алған әсерлерін айтады. | Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері Диологтік оқыту | ||||||
11. | Үй жұмысы а/Етістіктен болатын жер-су атаулары туралы мәлімет жинастыру б/ережені жаттау д/112-жаттығу | Үй жұмысын түсіндіреді | Күнделікке жазып алады. |