Сын есімнің жасалуы
Тақырыбы: Сын есімнің жасалуы
Сабақтың мақсаты, міндеттері: білімділік – оқушылардың сын есімнен өткен
тақырыптарды меңгеру деңгейін айқындау,
білімін толықтыру;
дамытушылық – әртүрлі әдіс-тәсілдерді
пайдалана отырып балалардың тапқырлық,
жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,
сөйлесу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға
дағдыландыру;
тәрбиелік – тілді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, талдау, топтастыру.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау, іздендіру, қайталау, түсіндіру.
Сабақтың типі – аралас.
Көрнекілігі: мақал-мәтел, үлестірмелі карточкалар, тест.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, біздің ұранымыз:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар, қалан.
ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру, пысықтау.
а) Пысықтау сұрақтары:
- Сөз таптары дегеніміз не?
 - Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
 - Осылардың ішінде біз қай сөз табын өттік?
 - Зат есім дегеніміз не?
 - Зат есімнің қандай мағыналық түрлерін білеміз?
 - Туынды зат есімдер қалай жасалады?
 - Сын есім дегеніміз не?
 - Жазбаша үй тапсырмасын тексеру
 
ә) Өткен сабақты қайталау бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
| 1-деңгей  (5 балл) 
 Берілген сөздерден сын есімдерді, зат есімдерді мағынасына қарай сәйкестендіріп теріп жаз: он бір, қара, орындық, қағаз, бәріміз, терең, жоспар, мен, ақылды, епті, екі, құдық, адам, жүр, тұр, жылдық, ат, кеше, өлке, бәрекелді, спортшы, таулы, олар, қазір, боз, жазғы, жалтылдады, демалыс, көмір, жұмсақ, ақ.  | |||
| Сын есім Қандай? Қай?  | Зат есім Кім? Не?  | ||
| 1 | а | ||
| 2 | ә | ||
| 3 | б | ||
| 4 | в | ||
| 5 | г | ||
| 6 | ғ | ||
| 7 | д | ||
| 8 | ж | ||
| 9 | з | ||
| 10 | и | ||
| 2-деңгей  (5 балл+4 балл=9 балл) 
 Берілген сын есімдер ішінен негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз: қара, бойшаң, таза, кәрі, жершіл, ағашсыз, жақсы, аудандық, биік, терең, ұйқышыл, тарихи, жылы, үйден, табыскер, суық, денелі, бәлеқор, кең, ұзын, түнгі.  | |||||
| Негізгі сын есім | Туынды сын есім | Түбірі | Жұрнағы | ||
| 1 | 1 | ||||
| 2 | 2 | ||||
| 3 | 3 | ||||
| 4 | 4 | ||||
| 5 | 5 | ||||
| 6 | 6 | ||||
| 7 | 7 | ||||
| 8 | 8 | ||||
| 9 | 9 | ||||
| 10 | 10 | ||||
|   Туынды сын есімдер қай сөз табынан болып тұр? ________________________________________________________ ________________________________________________________ 
 
 
  | |||||
ІІІ. Жаңа сабақ
| 3-деңгей  (9 балл+3 балл=12 балл) 
 Берілген сөйлемдер ішінен туынды сын есімдерді тіркесіп тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар. Туынды сын есімнің түбірі мен жұрнағын бөлек-бөлек бағанға жазыңдар. 1. Біздің көшеде бір ұрысқақ апай тұрады. 2.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. 3.Көргіш көзім көрмейтінді көреді. 4. Өткір пышақ-өткір қару. 5.Сүріншек ат бәйгеге шаба алмас. 6.Салбыраңқы киім сымбаттыға жараспас. 7.Қапшағай – жасанды көл. 8.Бүгін көшпелі өмір салты келмеске кетті. 9.Сал-серілер қонымды киім киген. 10.Сүзеген сиырдың алдына барма. 11.Асулы қазан – тоқшылық белгісі. 12.Қызба мінез жарға жығар.  | 
| р/с | Зат есімдермен тіркескен сын есімдер  | Туынды сын есім түбірі | Жұрнағы | Ұқсас жұрнақ | 
| 1 | ||||
| 2 | ||||
| 3 | ||||
| 4 | ||||
| 5 | ||||
| 6 | ||||
| 7 | ||||
| 8 | ||||
| 9 | ||||
| 10 | ||||
| 11 | ||||
| 12 | ||||
|   Туынды сын есімдер қандай сөз табынан болып тұр? _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 
  | ||||
Бекіту
141-жаттығу, 69-бет, жазбаша.
Оқушылардың білімдерінің деңгейін айқындауға арналған тест.
- Сын есімдерді көрсет.
 
А) Жауын, қар.
В) Жылдам, тез.
С) Суық, таңдамалы.
Д) Мен, сен.
Е) Пай-пай
- Туынды сын есімдерді тап.
 
А) Ақ, көк.
В) Айтқыш, таулы.
С) Қатты, суық.
Д) Бақыт, болашақ.
Е) Биік, аласа.
- Зат есімнен болған сын есімді тап.
 
А) Ұрыншақ, ұшқыр.
В) Үйсіз, денелі.
С) Көшпелі, қысқа.
Д) Ілулі, киім.
Е) Қызғаншақ адам.
- Етістіктен болған сын есімді анықта.
 
А) Тасты жер.
В) Ағашсыз аула.
С) Жазғы кеш.
Д) Еріншек оқушы.
Е) Діни ұйым.
- «Қаш» сөзіне сәйкес келетін сын есім жұрнағын көрсет.
 
А) – шақ, шек.
В) — аған.
С) — мды.
Д) — еген.
Е) — кір.
Дұрыс жауаптар кілтін жаз.
ІУ. Қорытынды бөлім.
- Үйге тапсырма
 
а. 142-жаттығу, жазбаша.
ә. Ереже жазу, жаттау.
- Оқушылар білімін бағалау.
 
Тест жауабы
|   Реті  | Оқушы жауабы |   Реті  | Дұрыс жауабы | 
| Әріптік белгісі | Әріптік белгісі | ||
| 1 | 1 | ||
| 2 | 2 | ||
| 3 | 3 | ||
| 4 | 4 | ||
| 5 | 5 | 
Оқушының аты, тегі ______________________________________
Тест жауабы
|   Реті  | Оқушы жауабы |   Реті  | Дұрыс жауабы | 
| Әріптік белгісі | Әріптік белгісі | ||
| 1 | 1 | ||
| 2 | 2 | ||
| 3 | 3 | ||
| 4 | 4 | ||
| 5 | 5 |