Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы:  Фонетикадан өткенді  қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Фонетика саласы бойынша алған теориялық  білімдерін практикада

қолдану; ауызша, жазбаша талдау  жұмысын  жүргізе  отырып, білімдерін

бекіту.

  1. Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту,  танымдылығын  арттыру.
  2. Алынған жаттығулар арқылы тәрбие  жұмысын  жүргізу.

Көрнекілігі:  теңге,  слайдтар

Сабақтың  түрі:  дәстүрден  тыс  сабақ

Әдіс – тәсілдері:  сұрақ – жауап, кешенді талдау, топтастыру, математикалық  талдау

Сабақтың  барысы:  1. Ұйымдастыру  кезеңі.

а) амандасу

ә) түгендеу

  1. Үй тапсырмасын  сұрау

348 – жаттығу

а) қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазу

ә) Абайдың бір өлең шумағын жатқа айту

Қайталау  сабағы: 1. Сұрақ: Балалар, біз тіл білімінің қандай  салаларымен  таныстық?

Лексика  нені  зерттейді?                                              Фонетика  нені  зерттейді

 

 

 

 

ІІ. Оқушылар үш  топқа бөлінеді

1-топ: Алғырлар                      2-топ: Ойшылдар                        3-топ: Тапқырлар

 

 

1 – бөлім: «Теңге  алу»  Таңдап  теңге  алады да,  берілген  тапсырманы  орындайды.              (орындаушы  топ)

№1   Бірдей  дыбыстан  басталатын  сөздерден  сөйлем  құрап  жазып,  сол  әріпке  дыбыстық

Талдау  жасау.

 

№2   Қатаң  дыбыстан  басталатын  қазақтың  ұлттық  киімдерін ата. Ұлттық  музыка

аспаптарының  атын  жазу.   Біреуіне  дыбыстық  талдау  жасау.

 

№3   Дауыссыз  дыбыстардан  басталатын  ертегі  кейіпкерлерінің   атын  жаз. Оның  ішінен

Біреуіне  дыбыстық  талдау  жасау.

 

2 – бөлім:  «Жас  ғалым»  Берілген  сөздерге  фонетикалық  талдау  жасау. (шығармашылық топ)

Сөздер: сәукеле,  домбыра,  айбалта

 

3 – бөлім:  «Жас  математик»  Берілген  сөздерге  математикалық  талдау  жасау

Сөздер: наурыз,  көктем,  гүлдер

 

4 – бөлім:  «Кім  білімді?»      «Тасымал»    өлеңі  оқылады.

 

«Тасымалды»  өттік  біз.

Жаздық  мысал  көп-көп  біз.

Деген  сөзді  «Темір»

Бөлдім  былай: Т –

емір

Оған  алдым

мен «1»

Деген  сөзді  «Түлкімен»

Бөлдім  былай: Тү –

лкімен

Оған  алдым

«2»  мен

Деген  сөзді  «Іргелес»

Бөлдім  былай:  Ірге –

лес

Бұған  алдым

Енді   «5»

Сұрақ: 1. Оқушыға  неге  «1», «2»  деген   баға  қойылды?

  1. «5» алуының   себебі  неде?
  2. Алғашқы екі  сөзді  қалай  бөлсе  «5»  алар  еді?

 

5 – бөлім:  «Кім  жылдам?»    Тақтада  жазылған  сөйлемнің   ішінен  тасымалданбайтын  сөздерді

теріп   жазу.

«Абай   ұлы   ақын,  терең  ойшыл,  елжіреген   әке,  ұлы   ұстаз,  қайраткер  әрі  

                      композитор»                 М. Әуезов

Тасымалданбайтын  сөздер:  Абай,  ұлы,  ақын,  әке,  әрі

 

6 – бөлім:  «Жаттығулар  елінде»  (жалпылама)

153 — жаттығу

а) Суреттер  топтамасындағы  1,2  —  суреттерге  қарап  әңгіме  құрастырып  жазу.

ә) Түлкі, үйрек, қоянның   мінездерін  ашу.

 

Қорыту:  «Жаңылдырсаң  да  жаңылмаймын»  ойыны

  1. Қолда  буын  көп  пе,  аяқта  буын  көп  пе?
  2. Сөз құрамында  дыбыс  көп  бола  ма,  буын  көп  бола  ма?
  3. Шалға  қарағанда  балада  не  көп?
  4.   Қай  буында  дыбыс  көп  болады? Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
  5. Ант пен  қант, оқ  пен  тоқ,  ерт  пен  серт  деген  жұп  сөздерде  екі  ұқсастық  және

екі   айырмашылық  бар  екен.  Соны  тауып  дәлелдеші.

  1. Бота мен  қозы  ұқсас екен дейді  кейбір  балалар. Олар  қалай  ұқсас  бола  алады?

 

Үйге  тапсырма:  а) 354 – жаттығу

  1. дыбыстық талдау
  2. математикалық талдау
  3. фонетикалық талдау

 

Оқушыларды  бағалау:  Сабаққа  қатысқан  оқушыларға  тиісті  бағасын  қою,  жеңген  топты  мадақтау,  марапаттау.