Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары

 

 Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары

    Біз өмір сүріп отырған көп ұлтты елімізде көп тіл меңгерген жеке тұлға қалыптастыру қолға  алынып отыр. Өзің оқытып отырған сынып оқушыларын бірнеше жыл қатарынан білім нәріне сусындатып қана емес, алдағы өмір жолына дайындау, соның ішінде мектептің де, мұғалім мен оқушы мәртебесін арттырар ҰБТ сынағына дайындау жолы – бірден – бір үлкен мәселелердің бірі. Даярлық тобынан бастап алған сыныбыңды мектеп бітіргенше оқыту, пән олимпиадасына дайындау және пән бойынша ҰБТ сынағына дайындау жолы жылдар бойына жалғасу керек. ҰБТ сынағына барар ұзақ жолда пән мұғалімі өз оқушыларын ойлауға, ойлануға және талдап, таңдай білуге дағдыландыратыны сөзсіз. Неден бастау керек? Қалай бастау керек деген сұрақтар мұғалімді ойландыруы мүмкін Ол үшін, әрине, арнайы қосымша, дидактикалық  материалдардың қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен, біз оқытып жүрген оқулыққа ештеңе жетпейді. Сондықтан жоғарғы сынып мұғалімі сағат бөлінген соң, сол сыныптың оқулығымен терең танысуы керек.Іс жүзінде орыс мектебінің оқушылары қазақ тілінен өте жоғары ұпай жинап 100% білім сапасын көрсетеді.
2007 – 2008 оқу жылының қыркүйек айында Б ж ҒМ ұйғарымымен қазақ мектептері орыс тілінен, орыс мектептері қазақ тілінен ҰБТ тапсыратындығы туралы  қаулы қабылданды. Міне, осы жылдан бастап біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдері аянбай тер төгіп, еңбектерінің жемісін көріп келеді. БҚО ПКБЖИ, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік кабинеті сол жылы Ғ.Қ.Хасановтың осы тақырып аясында шебер сыныбына пән мұғалімдерін жинады. Өзіне сеніп тапсырылған оқушыларын пән бойынша ҰБТ сынағына қалай дайындау жолын өз бетінше ізденіп, еңбектеніп жүрген мұғалімдерге БҚГА ф.ғ. докторы  Ғабит Қайыржанұлы Хасанов керемет нұсқау берді.  Семинардың тақырыбы: «Лексикалық тақырыптар бойынша МАБ-қа дайындау әдістері». Сонда менің көп көңіл аударғаным, егер оқушы төрт түрлі талдау (синтаксистік, морфологиялық, лексикалық және фонетикалық) жолын меңгерсе білім сапасы да, үлгерім көрсеткіші мен ұпай саны да жоғары болары сөзсіз екен. Сонымен қатар, ҰБТ сынағына дайындау жолы үлкен жүйелі жұмысты талап етеді.

Сабақтарда да түрлі тестерді қолданамыз. Яғни тест дайындау, оған дайындалу және тапсыру мәселелерінде біраз тәжірибе жинақтап қалдық. Жалпы тест атаулының мәнісіне тереңірек үңіліп, оның қасиет-ерекшеліктерін парықтап, пайымдауға уақыттың өзі мүмкіндік бергендей. Ал қай тірлікті де оқтын-оқтын саралап, санадан өткізіп, зерделеп-топшылап отыру тірлікке айқындылық пен жаңа серпін береді. Мектеп оқулықтарының жиі-жиі өзгеріп отыруы көңілге қаяу ұя­латады және бар қайшылық­тың төркіні де осында жатыр.

ҰБТ-ның мақсаты — мектеп оқушыларының ішінен жоғары оқу орындарына (ЖОО)  ең білімді жастарды барынша объективті түрде іріктеп алу.   Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің бағасы жалпы ұпай санына қосылғанменен ЖОО түсу барысында есептелмейтіні белгілі, міне, осындай өздері шаршап негізгі пәндерден дұрыс ұпай жинап ала алмай жүрген оқушыға қазақ тілінен  дұрыс ұпай жина деп шарт қоюдың өзі ауыр екен.  Сондай сәттерде мен мынадай шешім қабылдап, осы бастама арқылы жұмыстандым: Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастыра бердім,
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт таптым.
3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырдым.
4. Баланың арына тимей, оның жағдайын түсінуге тырыстым.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауысымды көтеруге жол бермеуге тырыстым.
6. Оқушыны түсінетінімді сездіруге тырыстым.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпедім.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтадым. Оқушының сыртынан сөз айтсам сенімнен айырылып, оны өзімнен алыстатып алатынымды білдім.
9. Балаға жүрек жылуын аямадым. Үнемі есімімен атаймын. Оқу жылының басында оқушыларды ҰБТ сынағына дайындау үшін пән бойынша кешенді жоспар құрылады. Өзге пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, қосымша сабақтар кестесі құрылады. Әр болжау ҰБТ сынақтарынан соң анықтама жазылады. Бұл анықтамада үлгерім көрсеткіші, білім сапасы және орташа ұпайлар жазылып, оқушылардың пән бойынша жинаған ұпайлары сараланады.Бастапқы білім сапасы мен аралық білім сапасын анықтау жолдары сараланады, сонымен қатар қорытынды білім сапасын тексеру жұмысы да оздырылады. Кейде сыныптарымызға қазақ тілін меңгермеген, бастауыш сыныпта оқымаған немесе сабақ деп есептелмеген мектептерден оқушылар келеді, міне, сол кезде өте қиын. Олар Ресейден қоныс аударып келеді де, тіл білмейді. Олар болжау ҰБТ сынақтарында нұсқадағы сұрақтарды кейде дұрыс түсінбей, «нұқу» әдісін пайдаланып жатады, осындай кейбір нашар оқитын балалардың кесірінен білім сапасы  нашарлап, үлгерім көрсеткіші төмен түсіп кетіп жатады.

Осы ауылда, осы ортада өсіп білім алып келе жатқан жоғары сынып оқушысы мен кеше ғана көшіп келген оралман баланың тілді меңгеру қабілеті екі түрлі.  Осындай жаңадан көшіп келген немесе мектеп ауыстырған баламен жұмыстану үшін төмендегідей жеке жұмыс жоспарын құрдық.

1.Өз бетімен және мұғалім көмегімен тест сауалдарына жауап беру.

2. Оқулықпен жеке жұмыстана білу.

3. Өткен тақырыптарды қайталай білуге уақыт қалдыру.

4. Үй тапсырмасын жіті, толық орындай алу мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз ету.

5. Сабақтан тыс уақытта қиын, күрделі сұрақтардың шешімін бірге таба білуге дағдыландыру.

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелігі бірлестігінің  әдістемелік тақырыбы: «Оқушылардың танымдық қабілетін интерактивтік оқыту жүйесімен жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдермен оқыту» Пән бойынша ОЖІБ сынағына дайындау жолында  жүргізілетін іс – шаралар.

2013 – 2014 оқу жылы.

р/сІс – шара атауы.Мерзімі.Орындаушы.
1 ОЖІБ сынағына дайындау барысын жақсы жолға қою үшін ә/б отырысында жоспарды бекітутамызә/б жетекшісі.
2Оқушыларды топқа бөліп,қосымша сабақтар тағайындау.ҮнеміПән мұғалімдері.
3Сынақ кітапшаларын жинақтауүнеміПән мұғалімдері.
4Мектеп әкімшілігімен келісе жұмыстану.үнеміПән мұғалімдері.
5Болжау ОЖІБ сынағының қорытындысын шығарып есептеу.ҮнеміПән мұғалімдері.
6Пән бойынша қиындық туғызатын сұрақтарды талқылау.ҮнеміПән мұғалімдері.
7Оқушыларға жиі көмек көрсетіп, қолдап отыру.ҮнеміПән мұғалімдері.
8Мектеп кітапханасымен бірлесе жұмыстану.ҮнеміПән мұғалімдері.
9Оқушылардың қосымша сабаққа қатысуын қамтамасыз ету.үнеміПән мұғалімдері.
10Өзге пән мұғалімдерімен біріге жұмыс жүргізу.ҮнеміПән мұғалімдері.
11«Ақ бота» танымдық олимпиадасына қатыстыру.уақытындаПән мұғалімдері
12Қашықтан оқыту олимпиадасына қатысууақытындаПән мұғалімдері
13Мектепішілік және аудандық пән олимпиадаларына қатыстырууақытындаПән мұғалімдері

Пән бойынша ҰБТ сынағына дайындау жолында жүргізілетін іс – шаралар  2013 – 2014 оқу жылы.

р/сІс – шара атауы.Мерзімі.Орындаушы.
1ҰБТ сынағына дайындау барысын жақсы жолға қою үшін ә/б отырысында жоспарды бекітутамызә/б жетекшісі.
2Оқушыларды топқа бөліп,қосымша сабақтар тағайындау.ҮнеміПән мұғалімдері.
3Сынақ кітапшаларын жинақтауүнеміПән мұғалімдері.
4Мектеп әкімшілігімен келісе жұмыстану.үнеміПән мұғалімдері.
5Болжау ҰБТ сынағының қорытындысын шығарып есептеу.үнеміПән мұғалімдері.
6Пән бойынша қиындық туғызатын сұрақтарды талқылау.ҮнеміПән мұғалімдері.
7Оқушыларға жиі көмек көрсетіп, қолдап отыру.ҮнеміПән мұғалімдері.
8Мектеп кітапханасымен бірлесе жұмыстану.үнеміПән мұғалімдері.
9Оқушылардың қосымша сабаққа қатысуын қамтамасыз ету.үнеміПән мұғалімдері.
10Өзге пән мұғалімдерімен біріге жұмыс жүргізу.үнеміПән мұғалімдері.

Сіздердің көңілдеріңізге қазақ тілі пәнінен нашар оқитын оқушылармен жүргізілер жұмыс түрлерін ұсынғым келеді.   Білім сапасын жетілдіру жолында бастапқы, аралық және қорытынды тест сынақтары оздырылып, ҰБТ сынағына дайындық жұмысы жүргізілді. ҰБТ сынағына пән бойынша дайындық қызу жүргізіліп, білім сапасы 100%, орташа ұпай 22,% құрады.

Жүргізілер жұмыс түрлері.

ҰБТ сынағында төмен ұпай жинайтын оқушыларды анықтау.
 Пән бойынша болжау ҰБТ сынақтарын жүргізу.
 Тест кітапшаларымен жеке жұмыстану
 Мектеп оқулығымен жұмыстану
 Үй тапсырмасының жіті орындалуына көңіл аудару.

Тіл дамыту жұмысын жиі ұйымдастыру.

A)  Тақырып бойынша өз пікірін білдіре алуы
Б)  Өзінің көзқарасының қалыптасуы
B) Осы тақырыптарға мысал келтіре алуы.
Оқушының  бағалануы, тоқсандық және жылдық бағасы.
Оқушының ҰБТ сынағына дайындалу барысын қадағалау мақсатында ата – аналармен жұмыс.

ҰБТ сынағына дайындық.  (тәжірибеден)
11 – сынып оқушыларын ҰБТ сынағына дайындау барысында кешенді іс – шаралар жүзеге асады.

1) Әр ҰБТ сынағының қорытындысы шығарылады;
2) Жазу мәдениетіне көңіл аударылады;
3) Өзін – өзі тексеру жұмысы жүзеге асады;
4) Әр жылдарға арналған сынақ кітапшаларымен жұмыс жасайды және кітапша соңындағы жауаптар арқылы тексереді;
5) Өз қатесін өзі тауып, қорытындылайды, осындай сұрақтарға қосымша жауап береді;
6) Күрделі, қиын сұрақтарды мұғалім көмегімен шешіп түсінеді.
Әр тест сынағынан соң жіберілген қателермен жұмыс жасалып топтық және жеке жұмыстар жүргізіледі.
Соңғы 3 жылда пән бойынша оқу жылының  қорытындысы.

Оқу жылыБілім сапасыҮлгерім көрсеткіші.Орташа ұпай
2010 – 2011791003,9
2011 – 2012801003,9
2012 – 2013801004

Соңғы 3 жылда пән бойынша ҰБТ сынағынын қорытындысы.

Оқу жылыБілім сапасыБалл бойынша орташа ұпай
2010 – 2001110019,2
2011 – 20129918,2
2012 – 201310021,3

Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша білім сапасы жыл соңында үнемі 100%  құрайды. Қазақ тілі пәнінен ҰБТ сынағын жоғарғы деңгейде көрсетіп жүр.   Жыл барысында пән бірлестігіне АББ әдістемелік кабинеті әдіскері қарамағынан бірнеше рет әдістемелік көмек көрсетілді. ҰБТ сынағына 16 оқушы қатысып, өздерінің пән бойынша білімдерін көрсетті. Орташа ұпай 21,9%, Білім көрсеткіші 100%. Осы оқу жылында пән бойынша интернет олимпиадаға қатыстық.

ҰБТ сынағына дайындау барысы тек қана тест сауалдарын жауап беру деген сөз емес, жыл басында қаралған, талданған, бекітілген тақырыптық – күнтізбелік жоспарымызға сәйкес жұмысымызды жүргіземіз, мәтін оқып, аударып, талдап, сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар орындаймыз. Оқулықта берілген мәтінді оқу, талдау, аудару жұмыстары арқылы оқушының ойлау, сөйлеу қабілеті артады.

Төрт түрлі талдау жолын терең түсінген оқушы 25 сұрақтан 25 жауап алары сөзсіз.
Мысалы: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін олимпиадалық қозғалыстарды олан әрі өркендету үшін Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды (Қазақ тілі оқулығы 162б)  Осы сөйлемге төрт түрлі талдау жасап көрейік

1 – талдау синтаксистік талдау.

2 – талдау морфологиялық талдау.

3 – талдау лексикалық талдау.

4 – фонетикалық талдау.

 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін олимпиадалық қозғалыстарды олан әрі өркендету үшін Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды

Өркендету – жаңарту, жалғастыру, дамыту т.б. Ал, осы жерде қосымша сұрақтар қоюға болады. Мысалы, тест сауалдарында спорт туралы қандай сұрақтар кездесті?

Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов сияқты спорт саңлақтары туралы білгендерін ортаға салуға болады.

Міне, осылай мәтінде берілген әр сөйлемді талдау және аудару арқылы оқушының қазақ тілі пәнінен білім сапасын көтеруге болады. Талдау барысында көбінесе лексика саласына көп көңіл бөлінеді. Себебі, тест сауалдарында синоним, антоним және омоним болатын сөздерге сұрақтар жиі кездеседі.

 

Қазақ тілінде тоғыз сөз табы болса, сол тоғыз сөз табын есте сақтау үшін морфологиялық талдау жүргіземіз.

Еліміз – з.е, тәу ж көпше түрі 1 – ж.

тәуелсіздік  — з е.

Алғаннан – ет, есімше, жс.

кейін  — септеулік шылау.

Олимпиадалық – з е . сын есім тудырып тұрған жұрнақ

Қозғалыстарды – з е. К ж. Тс ж

Одан – есімдік, шығыс септігі

Әрі – шылау

өркендету үшін –

Ұлттық – сын есім,

олимпиадалық комитет –

құрылды – етістік, етіс,
Мектеп бағдарламасында кездесетін барлық тақырыптарды қамтуға тырысамыз.

Сонда байқайтыным:
—  мектеп бітіруші түлек тіл білімі жөнінде білімі ауқымды ма?
—  қазақ тілінің негізгі түпкі мәселелерін түсіндіме?
—  мәтінді өз бетімен оқып аудара алама немесе мәтін мазмұнын аша алама?
—  тіл байлығы, сөйлеу және  сауатты жазу мәдениеті арттыма?
Үй тапсырмасының күнделікті мұқият орындалуы міндетті.
Сабақ үстінде жаттығулар орындалып, талданып, қорытындылау үйге тапсырылады. Әр оқушыға кейде жеке кейде жалпы үй тапсырмасы жүктеліп келесі сабақта тексеріледі.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасының көрсеткіші

Пән бірлестігі мұғалімдері жыл барысында бірлестіктің әдістемелік тақырыбына сәйкес сабақ жоспарларын құрып, сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс – шараларын ұйымдастырды. №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері бірлестігінің мұғалімдері өзге тіл мамандарымен бірлесе отырып 22 – қыркүйек «Тілдер мерекесі» күнін атап өтті. Осы игі іс барысында :

Іс – шара атауыМерзіміҚатысқан сыныптар.Ұйымдастырушы
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайыс сабақ22. 09. 2012ж9 – 11 сыныптар.Пернебекова АС Даулетбекова Ш М

Шагиева Н Т

Тілдер күніне орай «ҚР Тілдер күні» жаргазеттер байқауы. 

18 – 22. 09

 

7 – 8 сыныптар.

Пән мұғалімдері
Көркемсөз оқу сайысы21.09.3 — 4 сыныптар.Пән мұғалімдері
Шығармалар сайысы.5 – 6 сыныптар.Пән мұғалімдері

 

Білім сапасын жетілдіру жолында бастапқы, аралық және қорытынды тест сынақтары оздырылып, ҰБТ сынағына дайындық жұмысы жүргізілді. ҰБТ сынағына пән бойынша дайындық қызу жүргізіліп, білім сапасы 100%, орташа ұпай 22,% құрады.

Мектебіміздегі жыл сайын оқу жылының басында ұйымдастырылатын «Ең үздік әдістемелік жоба» атты әдістемелік бірлестіктер сайысына қатысып, мақтау қағазына ие болдық. Бұл сайысқа әдістемелік бірлестік мүшелері бірлестік жетекшісімен бірге «Ұлы аталған көзінің тірісінде» деген жобамен шықты. Өз бірлестігінің ауызбіршілігін, ынтымақтығын көрсете білген әдістемелік бірлестіктердің алдына шыққан бірлестік ұстаздары жыл бойы бекітілген жобамен жоспарға сәйкес жұмыстанды. Жыл барысында Ш.М.Даулетбекова  Кембридж университетінің әдістемесін оқытатын үш айлық курстан өтті.  Сонымен қатар, барлық пән мұғалімдері «Биақпараттандыру және Синергетика» технологиясы оқуынан өтіп, сертификат алды.

Республикалық  «Ақбота» танымдық  сайысында  8 – сынып оқушылары Жантлеуова А, Никишин А және Сизова Вероника жүлделі орындарға ие болды. Облыстық Білім Департаментінің бұйрығы бойынша аудандық білім бөлімінің нұсқау хатымен аудан мектептерінде белгілі ақын, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған іс – шаралар ұйымдастырылды.  Осындай іс – шаралар біздің мектепте де, қазақ тілі мамандарының жетегімен ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мектептегі саз пәні маманымен бірлесе отырып ақын сөздеріне жазылған әндерді шырқаса, орта буын оқушылары Қадыр ақын шығармаларын жатқа оқыды. 9 – 11 сынып оқушылары ақынның өмір жолына және шығармашылық жолына арналған шығармалар сайысына ат салысып қатысты.  Аудан оқушылары арасында оздырылатын пән олимпиадасына оқушыларымыз қатысты.

       Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша онкүндікте жүргізілетін ашық сабақтар мен іс – шаралар жоспары. 2013 – 2014 ож.

  Мектебімізде ұйымдастырылатын пән онкүндігі аясында жүргізілетін ашық сабақтар мен іс – шаралар халқымыздың аяулы ұлы, ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен таныстыруға бағыттаймыз.

Тақырыбы: «Жырлайды жүрек»

Мақсаты:  Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.
Мұқағали Мақатаев  поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке, әнінен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Орыс тілді оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту.Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Іс – шара атауыМерзіміҚатысатын сыныптар.Ұйымдастырушы ұстаз.
Пән онкүндігінің салтанатты ашылуы20.01.14ж.
Нәтиже сабақ. «Менің  досым,жалғаудың түрлері»21.01.14ж.3а, 1-сабақУтепбергенова АК
1«Лирик ақын- Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сайысы23.01.14ж.2 – 4 сыныптарМуканова А.А.

Утепбергенова А.К.

Пернебекова А.С.

2«Ақиық ақын- Мұқағали Мақатаев»  сынып сағаты.

 

25 01 14ж7 – 8 сыныптарДаулетбекова Ш.М.

Жакаева А.Е.

3Мұхтар Әуезов «Көксерек».  Ашық сабақ. (әдебиет)24 01 14ж7 –  сыныпДаулетбекова Ш.М.
4Ақын шығармашылығына  арналған жаргазеттер сайысы.Апталық барысында7 – 11 сыныптарПән мұғалімдері

Сынып жетекшілері.

5Мектепішілік сайыс «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев  поэзиясын насихаттау.

 

31 01 14ж8 – 10 сыныптарДаулетбекова Ш.М.

Шагиева Н.Т.

Утепбергенова А.К.

6Ақын шығармаларына байланысты суреттер сайысы.Апталық барысында5 – 6 сыныптарШагиева Н.Т.

Пернебекова А.С.

7«Мемлекеттік тіл білгірі»  мектеп мұғалімдері арасындағы  сайыс.Даулетбекова Ш.М.

 

2013 – 2014 оқу жылындағы №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР «Тілдер күні» мерекесіне орай жүргізілген жұмыстар.

2013 – 2014 оқу жылындағы №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР «Тілдер күні» мерекесіне орай бірнеше іс – шаралар жүзеге асырылды. Бастауыш сыныптарда тіл мерекесіне орай пән мұғалімі Муканова А А ашық тәрбие сағатын ұйымдастырса, 9 – 11 сынып оқушылары үшін көркем сөз оқу жарысы және «Полиглот» танымдық сайысы үш тілде өтті. «Полиглот» танымдық сайысының жеңімпазы кударова Камила, орын Румянцова Маша және орынды Кусаинова Дина иеленді. 10 – сынып оқушылары шығармалар сайысына қатысты. 5 – 8 сынып оқушылары мемлекеттік тілде жаргазеттер шығарды. Мектебіміздің 9 – сынып оқушыларына арнап пән мұғалімдері А К Утепбергенова мен Ш М Даулетбекова «Тілім барда…» атты ашық іс – шара ұйымдастырды. Іс – шара жүргізушілері болып 7 – сынып  оқушылары Бестаубаева Альфиур мен Асауов Олжас таңдалып алынды. Мемлекеттік тілде өлең оқып, ән шырқаған 9 – сынып  оқушылары өздерінің танымдық қабілеттерін ұштады. Мектеп оқушыларымен жүргізілген іс – шаралар өз жемісін беріп, елімізді мекендейтін барлық ұлт тілдерін сыйлау, қадірлеу, құрметтеу және соның ішінде мемелекеттік тілге деген мақтаныш сезімдері артып, патриоттық сезімдері оянды деп ойлаймын. Мемелекеттік тілде жаргазеттер жарысы және шығармалар сайысы өзінің жетістіктерін көрсетті. Шығармалар сайысына 21оқушы қатысып, Галиева Альбина, Сулейменова Аида, Бисенова Алина және Болесова Катя сынды оқушылардың еңбектері жоғары бағаланды. Мектебіміздің ең жоғарғы 11 – сыныптары үшін  «Менің мемлекеттік тілім» атты тәрбие сағатын сынып жетекшілері, әрі қазақ тілі пән мұғалімдері  А С Пернебекова мен Н Т Шагиева өткізді. Міне, осындай тынымсыз еңбектің арқасында қазақ тілінен үнемі ҰБТ сынағынан жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрміз.