Қосарлама қос сөздер
Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың күрделі сөз туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қос сөздерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, жаттығу,сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Сөздің морфологиялық тұлғасына қарай бөлінуі
- 89-жаттығу
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кейде екі сөз қайталанып не қосарланып, бір лексикалық мағына береді. Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды.
- Қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес заттардың аттарынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден жасалады.
Мысалы: сауыт-сайман, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын
- Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келеді.
Мысалы: арық-тұрық, кедей-кепшік, көйлек-көншек
- Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.
Мысалы: ығы – жығы, анда-санда, қым-қуыт, алба-жұлба
- Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді
Мысалы: ғылыми-ағарту, этно-мәдени, ғылыми-көпшілік
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Ертегіге құрылған тапсырмалар
Құтқарушыға талап қою.
- Қос сөздің ережесі
- Қос сөздің түрлері
- Қайталама қос сөз деген не?
- Қосарлама қос сөз қалай жасалады?
- Ж ы л д а м ә р і с а у а т т ы
Қос сөздерді құрастырып, желімдеу.
Топ мүшелерінің екіншісі ауызша сөйлем құрауы керек.
- Мен мұны білемін!
- Сыңарлары әр түрлі сөздерден болған қос сөзді табыңыз.
А) жеңіл-желпі
В) ары-бері
С) аппақ-аппақ
Д) ғылыми-көпшілік
Е) көрші-қолаң
- Сыңарлары антонимдес қос сөзді табыңыз
А) уақ-түйек
В) құрбы-құрдас
С) жасыл-сары
Д) алба-жұлба
Е) кәрі-жас
- Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз
А) ағалы-інілі
В) басқа-басқа
С) жекпе-жек
Д) оқта-текте
Е) жап-жасыл
- Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз
А) ірілі-уақты
В) қысы-жазы
С) үлкен-кіші
Д) ағайын-туыс
Е) алыс-жақын
- 5. Бір сыңары мағынасыз қос сөзді табыңыз
А) апақ-сапақ
В) ұсақ-ұсақ
С) көйлек-көншек
Д) қазан-ошақ
Е) қауіп-қатер
- Есімде тез сақтаймын!
Арық-тұрақ
Мұндағы жеке мағынада қолданылмайтыны — «тұрақ». Ертедегі түркі тілдерінің жазба ескерткіштері сөздігінде тур-арықтау, ал туруқ- арық мағынасын білдірген. Сөз түбірі ─ «тур» екендігі көрініп тұр. Қазіргі түркі тілдері ішінде хакастарда «түре» қазақ тіліндегі арықтау сөзімен мағыналас.
Тоқты-торым
«Торым» деген сөз қазіргі моңғол, бурят, қалмақ тілдерінде тайлақ ұғымында кездеседі.
Төре-төлеңгіт
«Төре» де, «төлеңгіт» те қазіргі тілімізде қолданудан қалып бара жатқан, көнерген сөздер. «Төре» — үстемдік етуші әкімдер, ал «төлеңгіт» — төренің күтушісі. Түріктерде «түлінгі», тува тілінде «түреңгіш» қалпында дыбысталатын сөздер қайыршы, жарлы ұғымдарын береді. Дәлірек айтсақ «төре-төлеңгіт» — «бай-жарлы» деген сөз .
Телі-тентек
Ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі сөздерге қос сөздердің бір сыңары «телу» тұлғасында көрініп, осы кездегі ақымақ, ақылы аз сөзінің орнына жұмсалған. Қырғыздарда «тели» есінен адасқан, хакас тілінде – топас мағынасын береді.
- Үй тапсырмасын беру:
- Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздердің бірінің шығу тегін зерттеу
- Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VII. Сабақтың аяқталуы.